Тіліңді шайнама, бұрама.
Қазақтың тыйым сөздері
- Саусағыңды танауыңа сұқпа.
- Суға дәретке отырма.
- Тамақты жерге төкпе.
- Тілазар болма.
- Тамақты аттама, жамандама, үрлеме.
- Тамақтың үстіне отырма.
- Түнде ысқырма.
- Тентек болма.
- Түкірігіңді, қақырығыңды жұтпа.
- Теріс сөйлеме.
- Иесіз үйге кірме.
- Иегіңді таянба.