Дәстүрге қарсы келме.
Қазақтың тыйым сөздері
- Біреуді қарғама, сөкпе, тілдеме.
- Басыңа ие бол.
- Дініңе тіл тигізбе.
- Дұшпанға сенбе, жалынба.
- Досыңды өкпелетпе.
- Дүниеқор болма.
- Дәмге түкірме, жамандама.
- Дініңді сатпа, айырбастама.
- Досыңды сатпа.
- Ердің сөзін екі етпе.
- Еңбектен қашпа.
- Еріншек болма.