Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 229 оқылым

Тәуелсіз елдігімізді танытып, мызғымас мемлекеттігімізді бекіткен Бас құндылығымыз - Ата заңымыз. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан халқы бүкілхалықтық референдумда дауыс беріп, Конституция қабылданған күн. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне назар аударсақ: «Конституцияны қатаң ұстану - бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру - бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ» деген еді.
Қазақстан деп аталатын осынау ұлан-байтақ даланы ата-бабаларымыз ежелден мекендеген. Тарихта сақтар, ғұндар, үйсіндер, түріктер, қыпшақтар болып бір-біріне сабақтаса жалғасқан дәстүрлі далалық мемлекет нышандары ХҮІ ғасырда орда көтерген Қазақ Ұлысына ұласқанды. Шыңғыс ханның жарты әлемге ықпал еткен алып империясын «Яса» немесе «Ясак» (Ұлы жасақ заңдары) деп аталатын әскери-құқықтық заңдар жинағынан, бастау алған «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты құқықтық құжаттар – дала жұртының жосықтық жұлынға мойынсұна тіршілік кешкендігін айғақтайтын төл мұралар. Қырық кісінің ақылы бар хандардың жарлық-шешімдері, аузын айға білеген билердің бітім-кесімдері қазақтың төл бітім-болмысына сай жарасымды құқық жүйесін қалыптастырды.
Дегенменде Елбасының «Қазақстандық жол» атты кітабында: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек», - деген болатын.
Мысалы: 1787 жылғы Америка мен 1791 жылғы Франция конституциялары конституциялық үрдістің (конституционализм) алғашқы үлгілері саналады. Тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде Дж.Вашингтон, Дж.Мэдисон, А.Гамильтон, Дж.Джей және т.б. ел азаматтарының араласуымен жасалған Америка Конституциясы елімізге аян. Буржуазиялық төңкеріс барысында Ж.Мунье, Э.Сиейес, Ш.Талейран, И.Ле Шапелье сынды депутаттардың белсенді қатысуымен өрнектелген Франция Конституциясы - бұл екі жарғы да Ш.Монтескье, Г.Гроций, Т.Гоббс, Ж.Руссо мен Дж.Локктардың шынайы жүзеге асуы екіұдай көрінген: жеке меншіктің қорғалуы, биліктің жүйелене жүргізілуі, заңның үстемдігі, халық пікірімен санасу сияқты «билікті халыққа қызмет еткізсем» деген тілектен туындаған теориялық тұжырымдарын жеке-жеке бапқып бекітіп, елге таныта алды.
Осы күні әлемдегі әрбір елдің мемлекеттігін танытатын өз Ата Заңы бар. Қандай да болмасын мемлекеттің құқықтық, демократиялық жолмен жүруі – қазіргі әлемдік өркениет талабы. Ал кезкелген мемлекеттің осы талапқа сай бет-бейнесін айшықтайтын бірден-бір құжат оның Конституциясы. Еліміз Қазақстанның да саяси ұстанымы мен билік мазмұны Негізгі Заңда көрсетілген. Сондықтанда Қазақстан Конституциясына үлес қосқан С.Зиманов, М.Баймақанов, Ғ.Сапарғалиев, С.Сартаев, С.Өзбекұлы, марқұм Н.Шәйкенов және басқада елімізге мәшһүр құқықтанушы ғалымдардың қажырлы еңбегінің жемісі. Заңгер ағалар шетелдік озық конституционализм үлгілерін Қазақстанның саяси жағдайына орайластыра пайдалана отырып, ел тарихында бұрын-соңды болмаған, жаңаша мазмұндағы Конституция мәтінін жасап шықты. Ата заңымызда мемлекеттің билік шегі мен халықтың құқық көлемі көрсетілген. Онда билік органдарының қызмет ауқымы қарапайым халыққа тізесін батыра алмайтындай қылып реттелген. Ата Заңда жеке-жеке бап болып, тәптіштеле тізілген адамның саяси, әлеуметтік һәм жеке басына қатысты құқық мүмкіндіктері Қазақстанның әрбір азаматына тиесілі.
Алайда Ата заң осы құқықтардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады. Қазақстан азаматтарына құқықтар берілуімен бірге, оларға бірқатар міндеттер жүктелген. Айталық, Отанды қорғау, заңдарды бұлжытпау, қоршаған орта мен тарихи ескерткіштерді қорғау және салық төлеу. Құқық пен міндет - егіз. Бұл екеуі әр адамның (және кез келген құқық субъектісінің) құқықтық жағдайынан хабардар етеді. Ата заңда жарияланған құқыларын толық пайдалану үшін әр адам белсенді құқықтық мінез-құлық танытуы қажет. Ол үшін әрқайсымыз құқықтық сауатты болуымыз керек.

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов
1- курс студенті Е.Д.Баиғалиев

Авторы
Арынов Жумахан Маканулы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Жетісу тарихының кейбір мәселелері туралы

Ғылыми мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Жетісудың қоғамдық-саяси жағдайы, патшалық отарлау саясаты және қоныс аударудың жергілікті халыққа әсері қарастырылады.

Арынов Жумахан Маканулы 3 мин 34 оқылым
Қазақстан тарихы

Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру Ел болашағы

Мақалада рухани жаңғырудың мәні, ұлттық кодты сақтау және ұлттық құндылықтарды заманға сай дамыту мәселелері сөз болады.

Арынов Жумахан Маканулы 3 мин 34 оқылым
Қазақстан тарихы

Қазақтың ауызша тарихы - ұлт руханияты

Материалда қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі, қазақ эпосының тарихи кезеңдері және эпостық туындылардың дерек көзі ретіндегі маңызы қарастырылады.

Арынов Жумахан Маканулы 2 мин 98 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 14 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 28 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 13 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 110 оқылым