Мазмұнға өту

Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру Ел болашағы

Арынов Жумахан Маканулы 3 мин оқу 33 оқылым

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауының заңды жалғасы іспетті. Елбасымыз өз сөзінде: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» - деген болатын.
Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп отырған мына дүбірлі дүниеде, Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Бұл арада рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырғанымыз абзал.
Ұлттық кодты сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылықтарымыздан бастау алады десек, мына өзгермелі дүниеде сол құнды­лықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз.
Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр.
Мақалада біздің еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз, бұқаралық санамызды қалай өзгерту керектігін Елбасымыз тайға таңба басқандай даралап, саралап түсіндіріп берді. Табысқа жетудің негізгі кілті ол-құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен жоғары биікке қоятын ұлт қана жететіндігін айтты. Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты.
Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. «Рухани жаңғыру» - еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде жоғары мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда. Бұл маңызды құжат жоғары мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашады.
Қорыта келгенде, Қазақ Елінің жастары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылулары керек. Себебі, жаңа дәуірде тек бәсекеге қабілетті, аса білімді, сауатты адамдар ғана табысқа жетеді. Ел жастарында осындай қасиеттер болса, кез-келген мемлекеттің болашағы жарқын болары анық. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осылайша Қазақ Елінің болашағын білікті жастармен байланыстарын ерекше атап өткен болатын.

2-курс магистранты Ә.Ж. Жанболатова
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Арынов Жумахан Маканулы

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Жетісу тарихының кейбір мәселелері туралы

Жер асты мен жер үстінің табиғи байлығына толы кең байтақ киелі туған жерімізде, өткен ғасырлар еншісінде көшпелілікпен қоса отырықшы, дәлірек айтсақ, қалалық мәдениет те қарқынды дамыған болатын. Бүгінгі таңда әлемде де…

Арынов Жумахан Маканулы 33 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Қазақтың ауызша тарихы - ұлт руханияты

Қазақ тарихының дерек көздерінің бірі ауызша тарих айту дәстүрі. Қазіргі кезеңде көшпенді қоғамда тарих айтудың мұндай дәстүрінің болғандығына ешкім дау айта алмас. Зерттеуші Г.Жүгенбаева «Дәстүрлі ауызша тарих» атты…

Арынов Жумахан Маканулы 93 оқылым 2 мин
Қазақстан тарихы

Мемлекеттік тіліміздің қоғамдық санадағы сипаты

Қаіргі кездегі тіл үйретудегі мақсат – жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай жағдайда оқыту кезінде оқытушы білім беруге емес, студенттің,…

Арынов Жумахан Маканулы 34 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

🇰🇿 Қазақстан тарихы — ҰБТ тесті ⏱ 40 мин · 20 сұрақ А — базалық (50%) В — орташа (30%) С — жоғары (20%) І бөлім · жеке тапсырмалар (1–10) 1Сақ тайпасының «патшалар патшасы» деп аталған атақты билеушісі – Мадий кімнің ұлы…

Bilimger Media 829 оқылым 8 мин
Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы ҰБТ-ға дайындық: жоғары балл алуға көмектесетін мықты лайфхактар

Қазақстан тарихы ҰБТ-ға дайындық Қазақстан тарихы — ҰБТ-да көп оқушыға жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде жүйелі дайындықты қажет ететін пән. Бұл пәнде тек даталарды жаттау жеткіліксіз. Тарихи оқиғалардың себебі мен…

Bilimger Media 136 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Алаш қайраткерлерінің танымдық мұралары

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" тарих пәні мұғалімі Аннотация Алаш қайраткерлерінің танымдық мұрасы қазақ қоғамының саяси ойы, ағартушылық бағыты және ұлттық сананы жаңғырту тәжірибесімен тығыз…

Ешенова Айсұлу Болатқызы 106 оқылым 6 мин