Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 98 оқылым

Қазақ тарихының дерек көздерінің бірі ауызша тарих айту дәстүрі. Қазіргі кезеңде көшпенді қоғамда тарих айтудың мұндай дәстүрінің болғандығына ешкім дау айта алмас. Зерттеуші Г.Жүгенбаева «Дәстүрлі ауызша тарих» атты мақаласында анықтамасы, дәстүрге жататын туындылар түрлері, олардың қазақ тарихының дерек көздері ретіндегі маңыздылығы тарихнамада біршама қарастырылды.
Дегенмен де,ауызша тарих айту дәстүрі туындылары қазақ тарихының белгілі бір кезеңіне байланысты дерек көздері бола алатындығын дәлелдейтін нақты зерттеулер жеткіліксіз. Бүгінгі күннің талабы: жалпылама айтылған тұжырымдардан, нақты зерттеулерге көшу.
Ауызша тарих айту дәстүріне жатқызылған қазақ эпосын тарихи тұрғыдан жан-жақты зерттеп,деректік сипатын анықтайтын уақыт келді.Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша академик Ә.Марғұланның «Характере и исторической обусловленности казахского эпоса. // Известия казахского филиала АН СССР, серия историческая-1946-№2» атты еңбегінде қазақ эпосын шығу тарихына байланысты бес кезеңге бөлген. Олар:
1-кезеңге, ерте түрік тайпаларының ислам дәуіріне дейінгі мифтерін, аңыз әңгімелерін енгізген. Мысалы, Ер - Төстік, Құла - Мерген, Шолпан - Мерген тағы басқалар.
2-кезең, Оғыз - қыпшақ дәуіріне жататын ҮІ-ХІІ ғғ. қамтиды.Бұл кезеңге «Алпамыс», «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу» сияқты шығармаларды кіргізген.
3-кезең - «Ноғайлы»дәурімен байланысты ХІІ-ХҮІ ғғ.қамтиды. Оған «Бөген батыр», «Едіге», «Қобыланды» басқалар жатады.
4-кезең - қазақ халқының жонғарларға қарсы күресімен байланысты ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Абылай және оның батырлары туралы әңгіме, жыр циклдарынан тұрады.
5-кезең -қазақ халқының,оның адал ұлдарының Қоқанд езгісіне,патша үкіметінің үстемдігіне,үстем тап өкілдерінің озбырлығына қарсы күресімен байланысты туған Махамбет пен Исатай, Бекет, Жанқожа, Кенесары мен Наурызбай туралы шығармаларды жатқызған.
Зерттеулерге назар аударсақ, «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы-1 томда» сипатама бере отырып Ә.Марғұланның үшінші кезеңге жатқызған «Ноғайлы» дәуріне аталған эпоспен қатар: «Ер Тарғын», «Ер-Сайын», «Қазтуған», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қазы», «Қарадақ», «Жұбаныш», «Сүйініш» жатқызылады.
Әрбір кезеңге топтастырылған туындыларды бірнеше бағытта зерттеуге болады. Алдымен, туындыны тарихи кезеңге байланысты дерек көзі ретінде қарастыра отырып, қандай мәліметті көбірек беретіндігін айқындау қажет. Мәліметтің бірнеше түрі болуы мүмкін.
1.Жер-су аттары.
2. Салт-дәстүр.
3. Наным-сенім.
4. Тарихи оқиға.
5. Қоғамның саяси,әлеуметтік құрылымы.
6. Шаруашылығы.
7. Рухани танымы.
8. Жеке тұлға.
9. Сыртқы саясат.
10. Әлеуметтік теңсіздік ж.т.б.Содан кейін ғана туындыны зерттеудің бағытын анықтауға болады.
Туындының тіптен дерекке ешқандай қатысы болмағанның өзінде, ол”өткеннің шығармасы. 1-шіден,өткен кезең туралы мәліметтер көзі. 2-шіден, осы өткен кезеңнің өз шығармасы, ол өткеннің эстетикалық деңгейі және өткен кезең туралы қалыптасқан қате немесе толық емес пікірлердің куәлігі, әрі өткеннің қоғамдық ой-пікірінің ескерткіші болып табылады.” Сондықтанда бұл туындыларды батыл түрде тарихи тұрғыдан қарастырып, тарихшылардың зерттеу объектісіне айналдыру қажет.

2-курс магистранты Ә.Ж. Жанболатова
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

Авторы
Арынов Жумахан Маканулы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Жетісу тарихының кейбір мәселелері туралы

Ғылыми мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Жетісудың қоғамдық-саяси жағдайы, патшалық отарлау саясаты және қоныс аударудың жергілікті халыққа әсері қарастырылады.

Арынов Жумахан Маканулы 3 мин 34 оқылым
Қазақстан тарихы

Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру Ел болашағы

Мақалада рухани жаңғырудың мәні, ұлттық кодты сақтау және ұлттық құндылықтарды заманға сай дамыту мәселелері сөз болады.

Арынов Жумахан Маканулы 3 мин 34 оқылым
Қазақстан тарихы

Мемлекеттік тіліміздің қоғамдық санадағы сипаты

Мәтінде мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі, қазақ тілін оқыту әдістемесі және ақпараттық технологияларды пайдаланып, үйренушінің белсенділігін арттыру мәселелері сөз болады.

Арынов Жумахан Маканулы 4 мин 34 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 19 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 28 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 16 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 138 оқылым