Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Жетісу тарихының кейбір мәселелері туралы

Автор

Арынов Жумахан Маканулы
3 мин оқу 34 оқылым

Жер асты мен жер үстінің табиғи байлығына толы кең байтақ киелі туған жерімізде, өткен ғасырлар еншісінде көшпелілікпен қоса отырықшы, дәлірек айтсақ, қалалық мәдениет те қарқынды дамыған болатын. Бүгінгі таңда әлемде де отанымыз Қазақстанда да жаңа серпінмен заман талаптарына сай «ақылды» технологиялар арқылы түрліше ғылым салалары жаңаша зерттелуде.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Жетісудың қоғамдық-саяси және әлеуметік жағдайы жарты ғасырға созылған патшалық отарлау кезеңін қамтиды. Осы тарихи кезеңде ел өмірінде орын алған өзгерістер Жетісуға қоныс аударған орыс, украин, ұйғыр және дүнген халықтарының жергілікті қазақ халқының шаруашылығына тигізген кері әсері сараланды. Бұл үрдісті зерттеп тануда қазақ қоғамында орын алған өзгерістер анағұрлым күрделі екендігін байқатты.
Ресейдің ішкі губернияларынан Жетісуға жер іздеп келген орыс, украин шаруалары мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер алып, олардың кейбіреулері ауқатты отбасыларына айналып кедейленген қазақтарды жалдайтын жағдайға жеткендігі сипатталды. Жетісу облысының ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік жағдайы тарихшылар тарапынан бүгінгі күнге дейін зерттелуде. Әйтсе де, қазіргі кезкеңдегі қалыптасқан геосаяси жағдай Ресейдің Қазақстанда жүргізген отарлау саясатының мақсаты мен барысын толық қамтып, осы аталған кезеңде Жетісу өлкесінің отарлануын жан-жақты, әлі де болса зерттей түсуді қажет етіп отыр.
Романовтар әулеті қазақ жеріндегі отарлық саясат салдарының ауырлығына байланысты жергілікті халықтың көңіл-күйін жіті бақылауда ұстады. Әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыстан бері әскери губернаторлар тұрғындардың көңіл-күйлері туралы үнемі есеп беріп отырды. Жетісу облысы бойынша осындай есептердің бірінде (1915ж.) былай делінген: "облыстағы орыс және мұсылман халқының көңіл-күйі қалыпты, соғыс мұқтаждықтары үшін және әскерге кеткен отбасыларға заттай, ақшалай көмек көрсету үшін Мемлекеттік Думаның таратылуы туралы хабарды орыс, сондай-ақ байырғы халықтар да қабылдайды, таң қалдырмайды; түтін салығы мен жергілікті тұрғындарға әскери салықтың артуы олардың орыстарға деген жеккөрушілік сезімін тудырғанын атап өткен жөн, бірақ биыл алдағы үш жылға (1916-1918 жж.). болыстық сайлау өтеді, партиялар арасындағы күрес жылдан жылға айқын болып келе жатқан бізге (Ресей билігіне) қарсы үгіт үшін негіз бола алады".
Жергілікті басшылар саяси жағдайды қадағаласа да, экономика саласын баса алмады. Көк бөрісі көкке қарап ұлыған көк түріктер мекен еткен кенге толы кең жазира даламыз тұтасымен сайрап жатқан тарих десек те болады. Әрісі тайпалар тұрақ етіп, қаншама заманаларды бастан өткерген киелі қара топырақтан нәр алған ұлы халқымыз өткен ғасырларда ешбір технологиясыз-ақ қаншама өркениеттерді жасап бақты. Күллі ғалам халықтары өткен тарихтарын қағазға басып жазып жатқан кезеңдерде баһадүр бабаларымыз өз өткенін бұлжытпай тасқа басты. Оған дәлел көне ғасырлардың тілсіз куәгерлері шошайған төбелер, кәрі таулар, мөлдір бұлақтар, мүжілген балбалдар.
Иә, расында да, сол кең байтақ даламызда 1916 жылғы болған ұлт-азаттық көтеріліс ересектердің ғана емес, жас балалардың да өмір жолында өшпес із қалдырды. Балалық шақ үшін төтенше жағдайда қуаныш пен қуаныштан гөрі атыс-шабыс, өртенген үй, атылған оқ, жылау, қарғыс, жеккөрушілік, мазасыздық, күдік, дүрбелең және т.б. ойын балаларын қорқыныштың құшағында ұстады.
Алайда, патша үкіметінің Қазақстанда, әсіресе, Жетісу жерінде жүргізген қанқұйлы отаршылдық саясатына қарсы бүкіл халық болып көтеріліске шықты. Бақайшығына дейін қаруланған патша жендеттеріне аздаған ғана қылыш, найза, айбалтамен қарсы шыққан, былайша айтқанда жалаңаш қолмен көмейінен от шашқан зеңбіректерге қарсы тұруы біздің халықтың рухы биік, намысы зор екенін дәлелдеді.

Т.Ә. Нұрпейіс,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і
Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., доцент
Биахмет Елнұр Қайратұлы,
Тарих факультетінің 4 курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Арынов Жумахан Маканулы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру Ел болашағы

Мақалада рухани жаңғырудың мәні, ұлттық кодты сақтау және ұлттық құндылықтарды заманға сай дамыту мәселелері сөз болады.

Арынов Жумахан Маканулы 34 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Қазақтың ауызша тарихы - ұлт руханияты

Материалда қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі, қазақ эпосының тарихи кезеңдері және эпостық туындылардың дерек көзі ретіндегі маңызы қарастырылады.

Арынов Жумахан Маканулы 98 оқылым 2 мин
Қазақстан тарихы

Мемлекеттік тіліміздің қоғамдық санадағы сипаты

Мәтінде мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі, қазақ тілін оқыту әдістемесі және ақпараттық технологияларды пайдаланып, үйренушінің белсенділігін арттыру мәселелері сөз болады.

Арынов Жумахан Маканулы 34 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 11 оқылым 4 мин
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 25 оқылым 4 мин
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 11 оқылым 5 мин
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 1 007 оқылым 8 мин