Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасыр кілемді қалай сатып алды

1 мин оқу

Қожанасырды әйелі базардан кілем сатып алуға жұмсайды, бірақ он туманнан артық төлемеуді тапсырады. Қожанасыр базарға көңіл көтеру үшін ғана барады екен және саудаласуға да икемі жоқ екен. Ол апай-топай он үш туманға кілем сатып алады да, жұрттың көңілін көтеруге кіріседі.

Жұртшылық тарай бастағанда Қожанасыр әйелінің тапсырмасы есіне түсіп, көп бас қатырып жатпай, бір сомға қораз сатып алады.

—Кәрі қылжың, қайда жүрсің?—деп қатыны зікір салады.—Кәне, не сатып алдың?

Қожанасыр ауыр дем алып, кілемді жаяды.

—Кілемді қаншаға алдың?—деп сұрайды әйелі.

—Жарқыным, сен риза боласың, бір сом төледім,—дейді Қожанасыр—Бірақ иесі кілемді тек қоразбен бірге сатады екен. Ал қораз өте қымбат—он үш туман тұрады.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз