Қожанасырдың қой сойып алуы
1 мин оқу
Қожекең көшеде адасып жүрген бір қойды үйіне әкеп сойып алады және оны сыр қып бір жолдасына айтады.
Жолдасы Қожекеңе «кияметке барғанда не деп жауап бересіз?» - дейді.
– Танамын, мен жегенім жоқ,- деймін.
– Жоқ, тана алмайсыз, қойдың өзі келіп куә болады ғой!
– Қойдың өзі келсе тіпті жақсы болар еді, ұстап алып иесіне берер едім, - депті Қожанасыр.