Біткені жақсы болған екен
1 мин оқу
Қожекең қарны ашып келіп:
– Қатын, біраз ашыған айран мен нан алып келші! Ашымал адамның тәбетін шақырып, тамақты көп жегізуші еді, - дейді әйеліне.
– Ашыған айран кеше біткен, қалған жоқ, - дейді әйелі.
– Біткені жақсы болған екен, ашыған айран тіске, асқазанға зиянды болушы еді, - депті Қожекең.
– Бұл сөздердің қайсысына сенуге болады? - депті әйелі сонда.
– Ашыған айран болса алдыңғысына, болмаса соңғысына сеніңіз, - депті Қожанасыр.