Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мемлекеттік тіліміздің қоғамдық санадағы сипаты

Автор

Арынов Жумахан Маканулы
4 мин оқу 34 оқылым

Қаіргі кездегі тіл үйретудегі мақсат – жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай жағдайда оқыту кезінде оқытушы білім беруге емес, студенттің, үйренушінің өзінің тілді үйренуіне қызығушылығын арттыруға, тілді үйренуге деген ынтасын күшейтуге бар күшін жұмсауы керек. Міне осы арада жаңаша жаңғыртып оқыту жүйесімен байланыстыру қажеттігі келіп шығады.
Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Жалпы білім беретін мектептерде, жоғары оқу орындарында қазақ тілін ақпараттық комуникативтік технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың кепілі болмақ.
Жалпы білім беретін мектептерде, жоғары оқу орындарында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ақпараттық коммуникативтік технология негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде ақпараттық технологияны, компьютерді, мультимедианы қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденген, қазіргі оқу орындарында кеңінен қолданылуда.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі ғалымдар алдына жаңа міндеттер қойып отыр.Ол жаңа типтік бағдарламалар мен оқулықтар жасаумен, білікті кадрларды көбейтумен, озық техникалық құралдармен жабдықтаумен шектелмейтіні белгілі. Бұл ретте тарихы беріден ғана басталған қазақ тілін оқытудың тіл біліміне қосқан үлесі соншама мол болғанмен, бұл саладан да шешімін таппай жүрген мәселелер жеткідікті. Сондай-ақ қоғамымызда қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың проблемаларын жақсарту және жетілдіру айрықша маңызды.
Бұл бағдарламаны жетілдіруде, оны практикада қолдануда, өте тиімді ғылыми негіз ретінде Л.С.Выготский, Д.Дьюи, Ж.Пиаже еңбектері тілді үйретушілерге орасан зор көмек көрсеткенін атауға болады. Жоғарғы белсенділікті дамыту бағдарламасы әлемнің әр түкпірінен жиналған ғалымдардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері негізінде үздіксіз жетілу үстінде. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды жүйеге келтіруде, негіздеуде Ч.Тэмпл, Дж.Стилл сынды ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор екенін ғалымдар, оқытушылар, ұстаздар айтып жүр.
Жоғары оқу орындарында, орта мектептептерде бұрынғы дәстүрлі әдістемелерден бірталай айырмашылығы бар, жаңа ізденістегі тың әдістемелер қолданылып жүр. Бұған «үйренушінің дербес танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша жаңғыртып оқыту (инновационная), жоғарғы белсенділікті дамыту (интерактивная), оқытудың көпдеңгейлік әдістемелері мен жобалық әдістер» жататындығын айтады белгілі әдіскер ғалым Қ. Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»-атты еңбегінде, жаңаша оқыту жүйесінде үйренуші – бұрынғы ұғымдағыдай, әрекетсіз, енжар тұлға емес, ол оқыту үрдісіне толық, белсенді түрде қатысатын, тілді үйренумен ғана шектелмейтін, азамат ретінде қалыптасуға бүкіл қабілет-қарымын жұмсайтын белсенді тұлға.
Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы студенттердің білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.
Жоғарғы белсенділікті дамытумен қатар «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының негізгі ерекшелігін Роза Бекмұханбетова «Тіл сабағында қолданылатын жаңа әдістер». Және «Қазақ тілі мен әдебиеті» аты еңбектерінде дұрыс көрсеткен. Ол: «Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен; сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен; оқытушының сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу; оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен; ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен» – ерекшеленетінін дұрыс байыптай білген.
Сын тұрғысынан ойлану сабақтарында оқыту, студенттерге үйрету емес, студенттердің үйренуіне көмектесу жүзеге асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастыруды, озық тәжірибелерді қолдануды қажет етеді. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу, тілді игеру оқытушы көмегімен студенттердің білім деңгейіне қарап сараланып, студенттердің өз еркімен жүзеге аса бастайды.
Қазіргі оқытылатын пәндер студенттердің болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталып, мақсатты білім беру ісіне назар аударылуда. Білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы – жеке, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер.
Қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктерінің бірі ретінде жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына көңіл қоюдың артуын атап өту керек. Бұл жерде студенттің білімді өздігімен игеруіне басты күш жұмсалуы керек. Мұндай әрекетте студентті тыңдай білу, студенттің пікірін бағалау үлкен маңызға ие болады.
Білім беру жүйесінде әр пәннің өзіндік ерекшеліктері, өзіне тән қиыншылықтары болады. Студенттің сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу үшін, әр пән оқытушысы сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқыту принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн. Ә.Қасымбеков «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің кейбір жолдары» атты еңбегінде «Оқу орыс тілінде жүретін топтарда қазақ тілін оқитын студент өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет».
Жаңаша жаңғыртып оқыту жүйесінде де үйренушінің жалпы дербес қабілеті де, өзіндік мүмкіндіктері де, шығармашылық болмысын да дамытуға басты күш жұмсалады.Тілді «зорлап» үйретпей қайта әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, тіл үйренуге деген қызығушылығын ояту мәселесі басты назарда болуы бүгінгі күннің міндеті. Қазіргі уақытта қарама-қайшылыққа құрылған проблемалық сөйлеу жағдаятының орны ерекше. Н.Әміреев Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» атты еңбектерінде «Басқа тілді студенттерге қазақ тілін үйретудеқарама-қайшылыққа құрылған проблемалық сөйлеу жағдаятын ұйымдастыру барысында студенттің білімін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, олардың тілді үйренуге ынтасын, құмарлық сезімін оятуға көмектеседі, олардың жан-жақты қабілеттілігі мен шығармашылық күшін дамытады және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жәрдемін тигізеді».
Қазақ тілі пәні оқытушысының тілді үйрету ынтасы, тапқырлығы студенттің қарама-қайшылыққа құрылған проблемалық сөйлеу жағдаятындағы жұмысты, тапсырмаларды дұрыс орындауына көмектеседі. Мұндай жағдайда тақырыптарды дұрыс таңдау, іріктеп ала білу де маңызды. Сонымен бірге студенттердің сұранысын, қабілетін есепке алып отыру да табыс кілті болып табылады.

2-курс магистранты Ә.Ж. Жанболатова
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Арынов Жумахан Маканулы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Жетісу тарихының кейбір мәселелері туралы

Ғылыми мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Жетісудың қоғамдық-саяси жағдайы, патшалық отарлау саясаты және қоныс аударудың жергілікті халыққа әсері қарастырылады.

Арынов Жумахан Маканулы 34 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру Ел болашағы

Мақалада рухани жаңғырудың мәні, ұлттық кодты сақтау және ұлттық құндылықтарды заманға сай дамыту мәселелері сөз болады.

Арынов Жумахан Маканулы 34 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Қазақтың ауызша тарихы - ұлт руханияты

Материалда қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі, қазақ эпосының тарихи кезеңдері және эпостық туындылардың дерек көзі ретіндегі маңызы қарастырылады.

Арынов Жумахан Маканулы 98 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 11 оқылым 4 мин
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 25 оқылым 4 мин
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 11 оқылым 5 мин
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 1 007 оқылым 8 мин