Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ақпараттық- коммуникативтік технологияны қолдану" мақала

Гулжан
2 мин оқу 52 оқылым

Атырау  облысы Құрманғазы  ауданы

Панфилов  атындағы  жалпы  орта  мектебінің

қазақ  тілі мен  әдебиеті  пәні мұғалімі

Абулхайрова Гулжан

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда  ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану»

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» [2] деп атап көрсетілген. Сол себепті білім беру саласында қызмет ететін барлық ұстаздар бүгінгі таңда АКТ технологиясына бет бұрып, оны оқу үдерісінде белсене пайдалану үстінде.

Техниканың дамуы ілгері басқан бұл заманда оқушылардың өздері күнделікті өмірде смартфон, теледидар, планшет, ғаламторға қосылған компьютер сынды көптеген заманауи «гаджеттерді» емін˗еркін пайдаланып үйренген. Сол себепті мұғалімдерге оқу үдерісі кезінде балаларға жай ғана ауызша түсіндіру, оқулықтағы ережелер мен жаттығуларды орындау, тақтада жұмыс жасату сияқты бұрынғыдай дәстүрлі жолдармен олардың назарын шоғыр ландырып оқыту қиынға соқты. Міне, осы кезде ақпараттық˗коммуникативті технологиялар (АКТ) педагогтар үшін үлкен қолғабыс болады.

Оқыту үдерісінде өзімізге үйреншікті компьютер, презентация, интербелсенді тақтадан басқа электронды оқулықтар, үлестірмелі карточкалар, тақырыптар бойынша сараланған суреттер топтамасы, аудиожазбалар, «сөйлейтін кітаптар» және тағы басқалардың барлығы да оқушыларға тақырыпты түсіндіруде АКТ ретінде көмекші құрал қызметін атқарады.

«Баланың ынтасын арттыру үшін   оқылатын нәрседен бір жаңалық                                                                     болуы керек» деп  Жүсіпбек  Аймауытов  айтқандай  қазақ тілі мен әдебиеті                                                                                                                                                   сабағында ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көрсетеді.

Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;

Сабақ барысында  әртүрлі  платформаларды пайдаланып  сабақты қызықты өткізіп, оқушының  ынтасын  арттыруға  болады. Мен  өз тәжірибемде  «Wordwall», «Каһооt» ойындарын, «Padlet» тақтасын, «Google Forms» платформаларын қолданып өткіземін. «Plickers», «Tarsia»  әдістерін қолданып ақпараттық технологияны  кеңінен  қолданамын. Барлық оқушы  ынтамен  тапсырманы  орындайды, әрі  уақыт  үнемделеді. Тапсырмалардың  орындалысын  тез бақылауға болады. «Білімленд», «Онлайн мектеп» ресурстарын кеңінен пайдаланамын. Себебі  бұл платформада  оқу  мақсаттарына  сай  түсіндірулер, тапсырмалар дәл, нақты берілген. Оқушыларға  қолжетімді.

Wordwall  сервисімен   жұмыс  жасау  да  тиімді,  әрі  оқушы  үшін  қызықты. Бұл  сервис арқылы  түрлі  шаблондағы  ойындарды  сабақты қорытындылау  кезінде  қолдануға  болады. Сабақтарымда  «Қызықты  викторина»,  «Лабиринт», «Кездейсоқ дөңгелек», «Сәйкестендір». «Шындық  немесе  жалған», «Сыңарын тап» тағы  басқа ойындарды  оқушыларға  жүргізіп  отырамын. Оқушылар  бұл  ойындар  арқылы  берілген тапсырмаларды   сабақтан  кейін  де  үйлерінде қайталап   орындай алады.  Оқушы  тапсырманы  орныдау  барысында  қате  кеткен  тұстарын  түзетіп,  сабақта  өтілген  материалдарды  есте  сақтай  алады,  сабаққа  деген құлшынысы  артады. Мысалы : 5-сыныпта қазақ тілінен  «Қиял мен  шындық  бірлігі», 6-сыныпта  «Су-тіршілік  көзі» тақырыптарын  өткен  кезде  «лабиринт», 7-сыныпта  әдебиеттен «Батыр Баян» поэмасы тақырыбында  «Кездейсок дөңгелек немес Барабан»  ойынын  ұйымдастырдым.

«Каhoot!» ойынын да  тақырыпты қорытындылау  немесе  бөлімді  қорытындылау  кезінде  қолдануға  болады.  5-сыныпта  «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі бойынша  өткіздім. Бұл  ойындарды оқушы   ұялы  телефондары арқылы  орындайды . Әрбір  оқушының тапсырманы  орындау деңгейі  экранда оқушыларға таныс  болады. Бұндай  ойындар   оқушының пәнге  қызығушылығын  арттырады, шапшаң орындауға тырысады,  кейбір  қателескен  тұстарын ссылка  арқылы  қайтадан  орындап көруге болады,  қайталап  орындау  арқылы есте  сақталып қалады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Гулжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Тәрбиеші-бала жанының бағбаны

Тәрбиеші еңбегінің қырлары, мектепалды жастағы баланың қызығушылығын ояту мен шығармашылығын дамыту туралы ой-толғам.

Гулжан 2 мин 35 оқылым
Жалпы рубрика

Өрт қауіпсіздігі

Балаларға арналған тәрбие сағатында өрттің шығу себептері мен қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Сұрақ-жауап, көрініс және дидактикалық ойын қамтылған.

Гулжан 6 мин 60 оқылым
Ашық сабақтар

Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы

1-курс физика сабағына арналған материалда Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы, оның мақсаты, бағалау критерийлері мен екі постулаты қамтылған.

Гулжан 3 мин 873 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым