Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарағандыЗерттеу
университеті
Филология факультеті
Қазақ поэзиясындағы «Айна» концептісі
Тобы: КО-23-1к
Орындаған: Әжіқұл Ұлмекен
Қабылдаған: Хасенов Б. Р.
Қарағанды, 2025ж
Аннотация
Бұл мақалада «Айна» — адам өміріндегі маңызды символдық мәнге ие концепт. Ол ішкі бейненің, дүниетанымның, ойдың, мінездің көрінісі болып табылады. Айнаның тазалығы рухани тазалықпен салыстырылады.
Айна күнделікті өмірде қолданылатын зат екені мәлім, ал көркем әдебиетте рухани тазалықтың, ішкі дүниенің, пәк өмірдің символы ретінде қарастырылады. Ол өзін-өзі тану мен сананың тереңіне үңілу құралы болып табылады.
Кілт сөздер: таза ақыл, көл, шел, тазалық, рухани, ішкі дүние.
Кіріспе
Концепт ұғымы бойынша ғылыми әдебиеттер:
1. С. Жапақов: «концепт дегеніміз индвидтің, тілдік ұжымның лингвистикалық қоғамдастықтың ақиқат туралы білім жүйесі болып табылады».[Жапақов,2003,б. 47 48].
2. Ш. Елемесова: «Концепт базалық когнитивтік маңыздылық ретінде мәнді пайдаланатын сөздермен байланыстырушы концептуализация прцесінің мазмұнды бірлігі ретінде шындықтың адам миында бейнеленуі»[Елемесова,2003, б.85].
3. С. А. Жиренов «Концепт белгілі бір идея мен сан алуан күрделі ұғым түсініктердің, сипаттамалардың, бейнелі атаулардың жиынтығы болып табылатын тілдік модельдерден құралады. [Жиренов, 200,б.23].
4. Бұл жерде А. П. Бабушкиннің «Казіргі таңда тілші ғалымдар «ұғым» терминін классикалық мәнін қолдана бермейді, оның орынына
«концепт» деп аталатын ойлау конструктісін колданганды жөн көреді»
[Бабушкин, 1998, с. 14]
5. В. А. Маслова концепті «Ментальные сущности,которые имеют языке и отражают культурно национальные представления человека о мире» [Маслова, 2004, с. 56] дейді.
6. Концептілер қай ұлттың мәдениетінде болмасын, саны жағынан ғалым Ю. С. Степановтың айтуынша, елу шақты[Степанов,1997].
7. Концепт (ұғым) сөздің мағынасы ретінде түсініледі. Бірақ ол жалпылаудың (обстракцияның) ең жоғары деңгейін білдіретін ұғым концепт емес — «оқиға, процесс, дерек» туралы уғым. Сондықтан, «концептуальды талдау» сөздің немесе сөйлемнің контекстке,яғни нақтылы мағынаға қатысы анықталуға тиіс»
[Абакан, 1999, б. 45]
8. Қазақ тіліндегі концептілерді М. А. Куштаева: «концептіні адам дүние танымындағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивті бірлік ретінде қарастыра келе,адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнелеген жеке атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі,концепт терминіне «рухани мәдениеттің тірек сөздер»мағынасында ғана түсінбейміз,себебі тірек сөз концепт сөзіне емес,«мәдени концепт»тіркесіне балама ретінде қолданылады».[Күштаева, 2002, б. 30 31], дегенді айтады.
Зерттеудің мақсаты
Бұл зерттеу мақсатында “Айна” сөзінің әрқилы өлеңдерде,айна концептісі ашылған. Ол қазақ поэзиясындағы ақындардың сөзді ашу,түсіну,астарлы,тура мағыналары көрсетілген. Метафора, символ, эпиттер арқылы айқын бейленген..
Әдіс және материал
2.1. Әдіс
Бұл зерттеуде айна концептісінің, өлеңде талдау мақсатында концептуалды анализ әдісі қолданылды.
Концептуалды анализ әдісі-әдеби шығармалардағы ұғымның ұғымның көпқырлы ұғымын, оның лексикалық, метафоралы және символдық көріністерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Бұл әдіс арқылы айна сөзінде адамның өзін-өзі тануы,адамның ішкі әлемі жайлы қарастырылады. Әдебиетте көбінесе кейіпкерлер айнаға қарағанда ол тек сырты көрінісін емес, ішкі әлемін де аңғарады.
2.2. Материал
Зерттеу материалы ретінде айна концептісінің ақын бейнелейтін қазақ әдебиетінде көркем өлеңдерін талдаймыз:
Шәкәрім Құдайбердіұлының- «Айна қойдым алдыма»
Фариза Оңғарсынованың- «Айнаға қарау»
Абай Құанбайұлв -«Сегіз аяқ»
Мұқағали Мақатаев-«Аққулар ұйықтағанда»
Бұл шығармаларда айна адамның тек сыртқы бейнесін емес, өзінің өмірдегі өткен жолдарын артындағытқалдырған мұраларын, ішкі жан дүниесін зерттеуді мақсат етеді. Қоғам мен адамның сыры суреттеледі.
3. Нәтиже және талқылау
Айна — зат. 1. Өз бейнесін айнытпай көрсететін бұйым. https://sozdikqor.kz/sozdik/?id=1
Шәкәрім Құдайбердіұлының “Айна қойдым алдыма”өлеңіндегі сөздер қарaпaйым болғанымен мағынасы терең философиялық ой береді. Адам айнаға қарау арқылы өзінің ішкі әлеміне сүңгей алады.
Айна қойдым алдыма,
Көрейін деп өзімді.
Екі құлақ тарс бітіп,
Шел басыпты көзімді.
Өлеңдегі негізгі көркемдік құралдар:
Символ: «Айна».
Метафоралар:
«Екі құлақ тарс бітіп, шел басыпты көзімді»
Бізде шел — көздің қарашығын жауып тұратын ақшыл ет. https://sozdikqor.kz/sozdik/?id=144
Яғни сол шел тура мағынасында емес астарлы айтып рухани саңыраулық пен соқырлық. Ақынның айтқысы келгені шындықты білгісі, көргісі, естігісі келмейтінін баяндайды.
Иіс білер мұрын жоқ,
Таза ақылдан ырым жоқ.
Түзелерлік түрім жоқ,
Жалған деме сөзімді.
«Таза ақылдан ырым жоқ»
Адамның ақылы бұзылып, әділеттен алшақтауы.
Эпитет:
«Таза ақыл» — әділетті, адал ой
«Шел басқан көз» — шындықты көрмейтін жан.
Өлеңнің тәрбиелік мәні
Бұл өлеңде адамды ар-ұждан тазалығына, өзіндік рефлексияға және рухани даму жолына үндейді. Әр адам айнаға қарағанда өзін бағалап, кемшіліктерін көріп отыруы маңызды.
Фариза Оңғарсынованың «Айнаға қарау»
1. Жауып қойдым ар менен адалдықты,
Ақымақ боп көрінбеу үшін елге.
Ар мен намысты зат сияқты елестетіп, оны жасырып қою арқылы адамның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді көрсетеді. Адам кейде өз болмысын жасырып, қоғамға жаман атты болмас үшін маска киіп, екіжүзділікпен өмір сүреді. Айна шынайы болмыс пен жалғандықтың арасындағы қақтығысты бейнелейді.
2. Айна — шындықты ашатын құрал
Лирикалық кейіпкердің өзіне-өзі есеп беріп, шындықты ашып, өткен өмірін талдап отырғанын көруге болады.
«Жауып қойдым ар менен адалдықты»,осы өлең жолдарында өзіне жасаған сатқындықты көре аламыз өйткені ар мен адалдық мәңгілік адам болмысында болатын қасиет. Айна символикасы:Өткенге үңілу, өзін- өзі тану , шындыққа көз жеткізу.
Абай Құнанбайұлы: «Сегіз аяқ»
Ақыл- таразы,
Ой- өлшеу,
Сөз-айна,
Қарап байқасаң,
Сырты- күміс,
Іші- алтын,
Сөз жақсысын
Ел таңдап ала алсын.
Сөз- айна деген жолдарда Абай адамның аузынан шығатын жақсы да, жаман да сөз ол сенің қандай екеніңді көрсететін құрал ретінде бейнелейді. Яғни метафоралық бағытта тұр. “Жүйелі сөз-жүрекке жетер,жүйесіз сөз- көрге кетер».Осы мақалда айтпақшы сөз адамның көркі демекші, Абай өлеңінде сөз адамның, халықтың айнасы екенін сипаттады. Бұрында бір сөзбен шешендеріміз жаудың бетін қайтарған. Осы фактіге қарасақ Абай Құнанбайұлы сөз- айна деп метафоралық тіркес қолданған.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
«Дөңгеленіп,сәнін түзеп,
Айна көлге қаранды.
Екі сұлу әнін түзеп,.
Жуынды да таранды.»
Жалпы, Мұқағали шығармашылығында сезім, махаббат жайлы толғаныс өте көп. Осы өлең жолдарында Мұқағали айна сөзінің оң қырын қарастырған. Бұл тіркесте көлдің мөп-мөлдір, тыныш күйі сипатталып, табиғаттың үйлесімділігі мен әсемдігі баяндалған. “Айна көл” — ананың таза жүрегінің көрінісі, ал лайлануы ананың ауыр күнәға баруы.
«Айна көл»-Киелі Рухани Дүние.Қазақ халқы үшін табиғат киелі болса, ал қасиетті құс- аққу. Аққуды атқанда тек бір құсты емес, табиғат пен руханияттың үйлесімділігін бұзады. Осылайша, “айна көл “тепе-теңдіктің символына айналады. Ақын поэмада “айна көл”тек табиғи нысан ғана емес,тазалық, пәктік, ананың жүрегі мен табиғи тепе-теңдіктің ұғымдарын қамтитын терең концепт. Оның “лайлануы”- табиғи және рухани үйлесімнің бұзылуын бейнелейді. Мұқағали осы арқылы адам мен табиғаттың арасындағы нәзік байланысты көрсетіп, киелі нәрсеге қол сұққан адамның қайғыға ұшырайтынын астарлап жеткізеді.
4. Қорытынды
Зерттеу нәтижесінде қазақ ақындарының өлеңдеріндегі «Айна» концептісі талданды. Айна негізінен дерексіз дүниелермен байланысты, өйткені ол адамның ар-ұжданы, өткен өмірі, намысы, махаббаты мен сезіміне қатысты құбылыс.
А) Айнамен тек адам баласы сыртқы бейнесін көреді. Ал ішкі дүниесіндегі болып жатқан шындықты көру көп адамды ойландыра бермейтіні рас. Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңінде көркемдегіш құралдарды тауып көрініс табады.
В) Кез келген сөзді қасындағы сөзбен байланыстырып ашуға болады. Осыған орай «Айна көл», «Айна сөз», «Айна қойдым алдыма» тіркестері метафоралық байланысқа түсіп, сюжетті ашып тұр.
С) Айна — шындықтың үнсіз куәгері. Сондықтан өзімізді жетілдіру, ішкі тазалығымызды сақтау айнаның алдында емес, жүрегіміз бен санамызда басталады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жапақов С. Концепт және оның тілдік көрінісі // Қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы: Ғылым, 2003. – 47-48 б.
2. Елемесова Ш. Концептуализация процесінің мазмұндық бірлігі // Когнитивті лингвистика. – Алматы: Арыс, 2003. – 85 б.
3. Жиренов С.А. Концепт және тілдік модельдер // Қазақ филологиясы. – 2000. – №2. – 23 б.
4. Бабушкин А.П. Современные лингвистические концепции. – Москва: Наука, 1998. – 14 с.
5. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: учебное пособие. – Москва: Академия, 2004. – 56 с.
6. Степанов Ю.С. Концепты культуры. – Москва: Наука, 1997. – 50 б.
7. Абакан К. Концептуальный анализ и семантика. – Санкт-Петербург: Филологический факультет, 1999. – 45 б.
8. Куштаева М.А. Концепт как когнитивная единица. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 30-31 б.
9. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы. – Алматы: Жазушы, 2018. – 352 б. [Электрондық ресурс]. Қолжетімділік режимі: https://ru.wikipedia.org/wiki/Абай_Кунанбаев (Қаралды: 05.03.2025).
10. Құдайбердіұлы Ш. Шығармаларының толық жинағы. – Алматы: Атамұра, 2006. – 288 б. [Электрондық ресурс]. Қолжетімділік режимі: https://ru.wikipedia.org/wiki/Шәкәрім_Құдайбердіұлы (Қаралды: 05.03.2025).
11. Оңғарсынова Ф. Жыр-Дәурен. – Алматы: Өлке, 1999. – 216 б.
12. Мақатаев М. Өмір-Өзен: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жалын, 2013. – 400 б
Ұқсас материалдар
- #қазақ поэзиясындағы айна концептісі
- #таза ақыл
- #рухани тазалық
- #ішкі дүние
- #айна көл
- #концептуалды анализ
Мақала құжаттары
Мақала жарияланған журнал шығарылымы және жарияланғаны туралы анықтама (PDF)
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/qazaq-poeziyasyndagy-aina-kontseptisi
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.