Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тәрбиеші-бала жанының бағбаны

Гулжан
2 мин оқу 35 оқылым

Онласынова Гулжан Куракбековна

Түркістан Облысы
Бәйлібек ауданы
Жаңаталап ауылы
"Жаңаталап негізгі орта мектебінің"
Мектеп алды даярлық топ тәрбиешісі

Тәрбиеші - балаларды адамзат мәдениетінің әлеміне күрделі және алуан   түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ендіретін үлкендердің бірі. Тәрбиешінің еңбегі өлшеусіз, оған ешбір өлшемде тең келмейтіндей. Анасының әлдиіне үйренген бүлдіршіннің әлдебір тәтенің талабына мойын ұсынуы қиынның қиыны екеніне ешбір тәрбиеші дау айтпас деп ойлаймын. 80-90 жылдардағы мектепке дейінгі жастағы бала белсенділігінің күрделенуі ғылым жетістіктері не жауап берушілік деп бағалаймын,                            ал ата-ана сұранысының кейбір келеңсіз тұстарын талдағанда, ұрпақ тәрбиесінің ақсап тұрған тұсы дер едім. Ол кезде көп жағдайда балалардың техникамен байланыс жасауы-теледидардан мульт- фильм көру және радиодан ертегі тыңдаумен шектелетін.                             Ал қазіргі күні 5-6 жастағы бүлдіршін ғаламтордан қажетті мультфильмді табуды, компьютер  мен әртүрлі ойындар ойнауды, кейбіреуі әлеуметтік желілерге енуді игерсе,   ал барлығы дерлік ұялы телефонмен байланыс жасауды меңгерген.                                                                   Осыған орай олардың әрбір іс-әрекетке қызығушылығын оятып, ынталандыруда бірнеше мүмкіндіктерді бастан кешіру керек. Мысалы, итті  мүсіндеу үшін оның суретін ғана көрсету, ол туралы ертегі оқу жеткіліксіз, оған бала қызықпайды, селқостық танытады.                 Ал егер ит туралы мултьфильм немесе слайд түрінде әр алуан ит түрлерін көрсетсе,оның жанды даусын естіртсе, жоғары белсенділікпен ынта-ықыласпен мүсіндейтіндігін аңғаруға болады. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделіде, қызықты. Шынын айтсам кейде жұмыстан соң үйге келгенде,қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып,балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көз дерін елестетіп, олармен қайта қауышқанша асығамын. Мөлдір бұлақтың көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиында, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңізші! Бұл –бала тәрбиесіне қатысты тұжырым.                      Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, мәнерлеп тақпақ жаттату, олардың жас ерекшелігіне  байланысты танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылылыққа бейімдеу, денсаулығын нығайту-тәрбиешінің күнделікті жүргізетін жүйелі іс-әрекеттері нің көріністері.  Тәрбиеші- киелі мамандық. Ол әрі әсем сөз маманы, әрі суретші, әрі әртіс және әр баланың жан-дүнисін түсіне алатын психолог болуы шарт. Балғын бүлдіршіндерді тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мәлімет беру-шыдамдылықты,шығармашылық біліктілікті, ұқыптылықты, жауапкершілікті, ең бастысы өз міндетіне деген сүйіспеншілікті қажет ететін дігін естен шығармау керек. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара пар жұмыс жасау арқылы қоғам алдындағы міндеттерін айқындайды, ұрпақ тәрбиесіне деген адалдығын дәлелдейді. Менде осы салада еңбек еткен жылдардағы жетістіктерімді мақтан тұтып, қосқан үлесімнің нәтижелі боларына сенемін.                     Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, олардың алғаусыз әрекеттерін  бақылай отырып, оларға деген сүйіспеншілігім арта түседі. Ал тәрбиеші еңбегінің толыққанды талдануы және лайықты бағалануы алдағы күндер еншісінде деп білемін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гулжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

"Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ақпараттық- коммуникативтік технологияны қолдану" мақала

Мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану және Wordwall, Kahoot, Padlet, Google Forms сияқты платформаларды пайдалану тәжірибесі сипатталады.

Гулжан 2 мин 52 оқылым
Жалпы рубрика

Өрт қауіпсіздігі

Балаларға арналған тәрбие сағатында өрттің шығу себептері мен қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Сұрақ-жауап, көрініс және дидактикалық ойын қамтылған.

Гулжан 6 мин 60 оқылым
Ашық сабақтар

Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы

1-курс физика сабағына арналған материалда Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы, оның мақсаты, бағалау критерийлері мен екі постулаты қамтылған.

Гулжан 3 мин 873 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым