Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы

Гулжан
3 мин оқу 873 оқылым

Күні: 13.05.20

Тобы: 11 топ, 1 курс

Пәні: Физика

Сабақтың тақырыбы: Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы

Сабақтың мақсаты: Салыстырмалық теорияның эксперименттік негіздері. Эйнштеннің постулаттары тақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

Бағалау критерийлері: Студенттер салыстырмалылық теориясының элементтері, принциптері, постулаттарымен танысады.

Арнайы салыстырмалы теорияның негізін қалаушы – А. Эйнштейн. Бұл теорияның негізіне, Ньютонның классикалық механикасындағы сияқты кеңістік пен уақыттың біртектілігі алынған. Сондықтан арнайы салыстырмалық теория кеңістік пен уақыттың физикалық теориясы ретінде қараллоды. Арнайы салыстырмалы теорияның қағидалары ретінде 1905 жилы А. Эйнштейн тұжырымдаған екі постулат алынады: 1)Салыстырмалы принцип. Табиғаттағы кез-келген физикалық құбылыс барлық инерциялық жүйеде бірдей өтеді. 2)Жылдамдықтың инвариантық принципі. Бос кеңістіктегі (ваккумдегі) жарық жылдамдығы, жарық көзі мен жарық қабылдағыштың қозғалысына тәуелсіз тұрақты маша. Табиғаттың іргелі қасиеттерін сипаттайтын А. Эйнштейннің 2-ші постулаты тәжірибеден алынған қорытындыларға негізделген.

Эйнштейн Альберт (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) – физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі. Альберт Эйнштейн теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің аллодыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі. Эйнштейннің басты еңбегі Салыстырмалылық теориясы. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды фасады: Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905). Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы Бозе Эйнштейн кванттық статистика. Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теория сына негiзін салған.

Эйнштейн бірінші болып мехника мен электродинамика заңдарын біріктірді және кеңістік пен уақытқа  жаңа көзқарас берді. Арнайы салыстырмалылық теориясының екі постулаты негізінде ол  Лоренц алған координаталарды, уақытты, денелердің сызықтық өлшемдерін түрлендіру формулаларын қорытып алды.

Бірінші постулат Екінші постулат А. Эйнштейн постулаты Кез келген инерциялық жүйеде барлық физикалық құбылыстар ( тек механикалық қана емес) бірдей жағдайларда бірдей өтеді, яғни таңдап алынған инерциялық санақ жүйесіне қатысты физикалық заңдар инварианты. ВВпап Вакуумдегі жарық жылдамдығы жарық көзінің жылдамдығына да жарықты қабылдаушының жылдамдығына да тәуелсіз. Ол барлық бағытта және барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей, табиғаттағы ең үлкен шекті жылдамдық. ЭЭйнштейннің талдау логикасы Көптеген тәжірибелермен тексерілген электродинамика заңдарын дұрыс емес деп санауға негіз жоқ Бір санақ жүйесінен екіншісіне көшкенде табиғат заңдарының бұзылмайтынын біздің санамызға жеткізе дәлелдейтін жолды таңдады

Арнайы салыстырмалылық теориясы –кеңістіктің біртекті және және изотроптылығын, уақыттың біртектілігін бейнелейтін кеңістік пен уақыт жөнііндегі физмкалық теория.Эйнштейннің салыстырмалылықпринципі екі постулаттан тұрады.Бірінші постулатыкез келген инерциялық санақ жүйесінде бірдей бастапқы шарттарда барлық физикалық құбылыстар бірдей өтеді.Екінші постулатыжарық жылдамдығы вакумде жарық көзінің қозғалысына байланысты емес.Классикалық механикада кеңістік пен уақыт бір біріне байланысты емес деп қарастырылады. Сонымен қатар екі оқиға қарастырылған жүйеде бірдей болса, олар басқа да санақ жүйесінде бірдей болады. Мұндай болу мүмкін, егер өту уаөыты барлық жүйеде бірдей (абсолютті) және әсер лезде берілетін болса. Эйнштейннің теориясы бойынша әсерлесу жылдамдығы шекті және вакумдегі жарық жылдамдығынан артық болмауға тиіс. Олай болса екі оқиғаның бір мезгілде болуы салыстырмалы.

Жаңа сабақты бекіту:

Кеңістіктің әр түрлі нүктесінде өтетін оқиғаларының бір мезеттілігінің салыстырмалылығының себебі неде?

Ұзындықтың қысқаруының мәні неде?

Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы қандай?

Арнайы салыстырмалылық теориясының постулаттарын тұжырымда.

Ваккумдегі жарық жылдамдығының мәні неге тең?

Үйге тапсырма: Дәрісті көшіріп жазып, есептерді шығару

1) 0,8с жылдамдықпен қозғалатын ұзындығы 100м ғарыш кемесінің ұзындығы неге тең?

2) Дене массасы 3 есе арту үшін, дене қандай жылдамдықпен қозғалуы керек?
3) Тыныштықтағы массасы 90 кг ғарышкердің 0,8с жылдамдықпен ұшып бара жатқан ғарыш кемесіндегі массасы неге тең?

4) Массасы 18т жүкті көтергіш кран 5м биіктікке көтереді. Жүк массасы қандай шамаға өзгереді?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Гулжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

"Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ақпараттық- коммуникативтік технологияны қолдану" мақала

Мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану және Wordwall, Kahoot, Padlet, Google Forms сияқты платформаларды пайдалану тәжірибесі сипатталады.

Гулжан 2 мин 52 оқылым
Жалпы рубрика

Тәрбиеші-бала жанының бағбаны

Тәрбиеші еңбегінің қырлары, мектепалды жастағы баланың қызығушылығын ояту мен шығармашылығын дамыту туралы ой-толғам.

Гулжан 2 мин 35 оқылым
Жалпы рубрика

Өрт қауіпсіздігі

Балаларға арналған тәрбие сағатында өрттің шығу себептері мен қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Сұрақ-жауап, көрініс және дидактикалық ойын қамтылған.

Гулжан 6 мин 60 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 371 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 430 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 668 оқылым