Мазмұнға өту
Мақала жариялау

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Сайдаухан Ақерке Студент
3 мин оқу 5 оқылым

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазіргі таңда қазақша сөйлеу мәселесі жиі көтеріліп жүр. Мемлекеттік тіл қазақ тілі болғанымен, күнделікті өмірде қазақ тілінің қолданылуы барлық жерде бірдей емес. Әсіресе, қала ортасында қазақша сөйлейтін жастарды күннен-күнге сирек кездестіреміз. Біз егемендік алғанымызға 35 жылдан асса да,қазақ тілінде сөйлеудің әлі де өзекті мәселе болып қалуы ойландыратын жағдай.

Кез келген елге оқуға немесе тұрақты өмір сүруге барғанда сол елдің тілін білу-маңызды. Себебі тіл- елдің мәдениетін , заңын , халқын түсінудің басты құралы. Мемлекеттік тілде сөйлеудің талап етуілуі-заңды әрі дұрыс құбылыс. Алайда, елімізге жұмыс істеуге, оқуға келген кейбір адамдар қазақша сөйлеуден бас тартуы, тіпті қазақша сөйдейтіндерді кекетуі мүлдем дұрыс емес. Біз ана тілімізде сөйлеуден ұялмауымыз керек. Керісінше, ана тілінде таза сөйлеу — зиялылық пен мәдениеттіліктің белгісі.

Жастар арасында “қазақша сөйлеу мода”деген пікір жиі айтылады. Тіпті осындай жазудағы киімдерді жастардың үстінен кездестіруге болады. Айтқым келетіні-қазақша сөйлеу мода емес, міндет. Мода-уақытша нәрсе, ал тіл-ұлттың жаны, болмысы. Егер тіл сән үшін қолданылатын болса, ол уакыт өте келе ұмытылады. Біз өзге елге барғанда сол елдің тіліне бейімделеміз, ендіше неге өз мемлекеттік тілден бас тартуымыз керек? Егер біз өз тілімізді құрметтемесек, оны басқа жбіреу құрметтейді деп күту орынсыз.

“Тәрбие-тал бесіктен” демекші, баланың қай тілде жетік сөйлеуі ең алдымен отбасына байланысты. Отбасындағы тілдік орта балаға қатты әсер етеді. Егер ата-ана баламен қазақша сөйлемесе, мектеп пен қоғамның қазақ тілінде сөйлеуді талап ету екі жақты нәтижие береді.

Осыдан бір ғасыр бұрын еліміздің азат болуы, қазақ тілінде еркін сөйлеу – ата-бабаларымыздың асыл арманы еді. Олар тәуелсіздік жоқ кезеңде ана тілін сақтап қалу үшін, біздің келешекте еркін сөйлей алуымыз үшін күресті. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты Алаш арыстары тіл мен ұлт үшін қуғын-сүргінге ұшырады, өмірін қиды. Алаш зиялылары қазақ тілінің дамуын, білім мен ғылымның қазақша болуын қалады. Өйткені олар «тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» екенін терең түсінді. Ал бүгінде біз тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Өз тіліміз – мемлекеттік тіл, заңмен қорғалған. Осындай мүмкіндігіміз бола тұра, қазақша сөйлеуге не кедергі? Бұл сұрақ әрқайсымызды ойландыруы тиіс.

Біздің ана тіліміздің «Мемлекеттік тіл» деген ресми мәртебе алғанына биыл 35 жылдан асты! Сонау 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заң сол кездегі зиялы қауымның үлкен жеңісі еді. Бірақ, өкінішке орай, арада осынша уақыт өтсе де, біз әлі күнге дейін «Неге қазақша сөйлемейміз?» деген сұрақтың айналасында жүрміз. Ол кездері қазақ тілінің жағдайы қазіргіден де қиын болғанын бәрімізде білеміз. Мектептер жабылып, қазақ тілінде тек үйде ғана сөйлесетін деңгейге жеткен. 1989 жылғы заң қазақ тіліне Мемлекеттік мәртебе беріп, оны құрдымнан құтқарып қалды.Қазақ тілінде сөйлеу саясат емес, мәдениет. Бұл өз тарихыңды, қазақ тілі үшін күрескен ата-бабаңды сыйлау.

Тілімізді жоғалту — тарихымыз бен болашағымызды жоғалтумен тең. Сондықтан қазақша сөйлеуді «уақытша сән» көруді қойып, оны күнделікті мақтаныш пен парызға айналдырайық. Бұл — біздің, яғни жастардың ең басты міндеті әрі намысы!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 191 оқылым 6 мин
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 203 оқылым 6 мин
Қазақ тілі

Авторлық ұлттық ойындары – тәрбиенің қайнар көзі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №17 бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қазақ тілі мұғалімі Аннотация: Қазіргі замандағы жаһандану үрдісі мен цифрлық…

Әмірбекова Айгүл Әзімханқызы 144 оқылым 7 мин
Қазақ тілі

Қазақ тілін өмірмен байланыстыра оқыту

“Elite school” жекеменшік мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аннотация Мақалада қазақ тілін өмірлік жағдаяттармен ұштастыра оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Өмірмен байланыстыра оқыту тілдік…

Асқар Гүлназ Болатқызы 88 оқылым 6 мин