Шәбденге
Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 26 жол
Уа, шаһибаз, хан Шəбден!
Атым арып келді əбден.
Тоным тозып, жүдедім,
Орын бермей жан төрден.
Ақ ордаңа енейін,
Аман-сəлем берейін,
Аз дамылдап алайын,
Өзіме-өзім келейін.
Жан таң қалған сөзімді
Алдыңа бір төгейін.
Күн қиядан батқанша,
Ай қиядан асқанша,
Ағыл-тегіл тер болып,
Жорғалайын, желейін.
Басы биік Алатау
Жер өмірден көрінер,
Арнап келдім, батыр-ау,
Амандасып қолың бер!
Ауыл алыс болса да,
Атағыңды көрдім бел.
Атым арық, тон тозық,
Қысып келді аштық, шөл.
Жерімізде жұт болып,
Өспей қалды биыл төл.
Бұйымтайым, мұңым да,
Əзірше айтар сізге сол.