Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі...»

Сұлтанмахмұт Торайғыров · 24 жол

... Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.

Ел үшін құрбандыққа жанын берген,
Бит, бүрге қандалаға қанын берген.
Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде,
Зарығып алаш үшін бейнет көрген.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған.
Көркейер қайткенде алаш деген ойдан,
Басқа ойды өмірде малданбаған.

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымай алашына қызмет еткен.
Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.

Басында ол қарағым тұр ғой дайын,
Тек ұзақ өмір берсін бір Құдайым.
Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,
Білемін бұл үш ердің айтпай жайын.

Кешегі қара күнде болмап па еді:
Бірі — Күн, бірі — Шолпан, бірі — Айым!
Солардан басқа кеше кім бар еді
Қазақ үшін шам қылған жүрек майынө..

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері