Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Міржақыбым — миятым

Файзолла Сатыбалдыұлы · 92 жол

«Міржақып өлді» деген сөз,
Ішімді өртеп кетті лез.
Дірілдеп жүрек демігіп,
Малынды жасқа екі көз.

Ажал деген — ауыр іс,
Әмірінде жоқ кідіріс.
Бұл хабарды естірткен —
Сейілдің ұлы Ідіріс.

Жылап келіп көрісті,
Оңай ма қию туысты.
Есеңгіреп, ес танып,
Менің де ақылым ауысты.

Бала жастан бірге өскен,
Құлашты қатар сермескен.
Тар жол, тайғақ кешуде,
Бір кемеге мінгескен.

Құлын-тайдай тебіскен,
Жарты құртты бөліскен.
Қандай күйде жүрсек те,
Қадірімізді біліскен.

Қас-қабақтан ұғысқан,
Түбі бірге туысқан.
Мерт болыпты жат жерде,
Ақ өліммен арыстан.

Міржақыбым — миятым,
Бір туғаннан зиятым.
Кісілікке келгенде,
Мол еді ғой ұятың.

Қасиет тұтқан алашым,
Кеңге жайған құлашын.
Намысты қолдан бермеген,
Қайран да менің нағашым.

Қайырылмас жолға кетіпсің,
Баратын жерге жетіпсің.
Айтып-айтпай немене,
Бұл дүниеден өтіпсің.

Бар қазақтың баласын,
Ақымағы мен данасын.
Теңеймін деп талап қып,
Оятып ең санасын.

Білімменен ер өсер,
Ақылдыға ел ілесер.
«Қазағым» деп аһ ұрған,
Кім өзіңмен теңесер.

Туған адам — өледі,
Әркім оны біледі.
Біреу жылап, әрине,
Баз біреулер күледі.

Ұққанға өлім жолы ауыр,
Жұбату айттым едәуір.
Көнген ажал ісіне,
Не шаһбаз бен не тәуір.

Ідіріс, сендей салалы ер,
Ағаның сөзін дұғагер.
Тастамас жерге қашан да,
Көзіңнің жасын тыя гөр.

Қалса да жырақ қорымы —
Бұрынғылардың ырымы.
Міржақыптай сабаздың
Жұмақтан болсын орыны.

Айналмалы дүние,
Дүниеге кім иеө
Жетіқат анау аспан мен
Мынау қара жер ие.

Уақыты өтсе оңар бөз,
Талқан болып тозар жез.
Дүниеде өлмейді,
Ғибратлы асыл сөз.

Айналайын Ідіріс,
Ажал деген — бұйрық іс.
Көз жасыңды жылдам тый,
Егіліп тұр біздің де іш.

Менен гөрі қандассың,
Сондықтан да қимассың.
Мен жыласам бірақ та
Сен жұбата алмассың.

Міржақып пен Ахмет,
Нақақтан-нақақ болды шет.
Бір уақыттар болғанда,
Ақталар — орнап әділет.

Дүние деген тегеріш,
Ұмыт болмас — кемел іс.
Замана қазір өзгеріп,
Тарылып тұр ғой кең өріс.

Қиянат кетпес тоқтаусыз,
Әділ сөз қалмас құптаусыз.
Күндердің күні болғанда,
Міржақып кетпес жоқтаусыз.
Врт алғандай өрісті,
Тарылта бермей тынысты.
Шүкірлік қылып шырағым,
Сабыр етсек дұрыс-ты.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері