Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Он саусақтан он еді

1 мин оқу

Бір құс атып алса, он құс атып алдым,—деп құрыққа сырық жалғап, жел сөзді судай сапырып жүрген бір аңшы әңгіме үстінде қыза-қыза келіп:

—Бір күні жолым болып бір таудың қойнынан қырық түлкі атып алдым,—депті. Аңшының өтірікті көзді жұмып сылқытып жібергенін аңғарып қалған бір құрдасы:

—Қой, ол қырық емес, жиырма-ақ түлкі еді ғой,—депті күлімсіреп.

—Иә, ол жиырма болса жиырма шығар,—деп салыпты аңшы байқаусызда бас тарта алмай.

—Жиырма емес, он-ақ түлкі еді ғой,—депті сырмінез құрбысының тағы біреуі мырс етіп күліп.

Сонда сөз ыңғайын байқаған аңшы:

—Он саусақтай он еді,
Он түлкінің терісі
Бір ішікке мол еді,
Алып келген мен еді,
Көріп тұрған сен еді.
Куәсі бар адамды
Қай ұятсыз жеңеді?!—деген екен.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз