Мазмұнға өту

ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси дағдарыс.

Арынов Жумахан Маканулы 4 мин оқу 434 оқылым

ХҮІІ ғ. аяғында – ХҮІІІ ғ. басында Ресей мемлекетін модернизациялау ол патшалықтың шығыс саясатының белсенділігін арттырды. І Петр Қазақстанды басып алуға үлкен мән берді және Қазақстан туралы “барлық Азия елдерінің мемлекеттері мен жерлеріне ... кілт және қақпа; осы себептерге байланысты ол орданың Ресей қол астында болуы қажет” деген болатын. ХҮІІІ ғ. басында Орталық Азияның әртүрлі аймақтарына ену әрекеттері бірнеше рет жасалынды. 1714 жылы Шығыс Қазақстанға полковник Бухгольцтің әскери экспедициясы барады, оның басты мақсаты Ертіс өзенінің бойларында қамал салу болатын. Сонымен қатар Бекович-Черкасскийдің экспедициясы Каспийдің шығыс жағалауларын зерттеді. Осы экспедициялардың нәтижелері І Петрдің Қазақстанды толық бағындырмай, Орталық Азияға ену әрекеттерінің табыссыз болатынына көзін жеткіздірді. Ол өзінің жақын адамдарына келесідей нұсқаулар берді, егер “ол орда бағынуды қаламаса, аса зор шығындарға қарамастан, миллион болса да, олардың бағынуға міндеттеме алуына әрекет етуіміз керек”. Бірақ І Петрдің қайтыс болуы бұл жобаны өмірде жүзеге асыруға кедергі болды. ХҮІІІ ғ. екінші үшжылдығында ғана жағдай өзгерді, Қазақ хандығының әлсіреуі оның бір бөліктерінің Ресейге бодан болуына алып келді.
1715 жылы қазақ-жоңғар соғысының қызған сәтінде Тәуке ханның қайтыс болуы ХҮІІ ғ.-ХҮІІІ ғ. басында қазақ қоғамындағы жинақталған барлық қарама-қайшылықтарды жақсы көрсетті. Сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі батырлар мен сұлтандардың рөлін күшейтті, себебі олар өздерінің әлеуметтік мәртебесіне сәйкес әскери іспен айналысатын еді. Сонымен қатар қазақ қоғамының саяси өмірінде басты рөлді билер атқара берді. Зерттеуші А.И.Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегінде ХҮІІІ ғ. басында әскери-потестарлық бірліктердің автономиясы мен жоңғар агрессиясына пәрменді қарсы тұру үшін орталық билікті күшейту қажеттілігі арасындағы қайшылық өсе бастады. Тәуке ханның өмірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шекаралық аймақтарында қазақ-жоңғар соғыстарының барысында көзге түскен сұлтандар күшейе бастайды. Ұлыстық жүйені қалпына келтіру үшін жағдайлар пайда болды. Солтүстік батыс аймақтарда 1709-1710 ж.ж. башқұрттардың Ресейге қарсы көтерілісіне қатысқан, орал казактары мен еділ қалмақтарына қарсы жорықтарды басқарған, жас, қажырлы сұлтан Әбілхайыр беки бастайды. Орта және Кіші Жүздердің әскери-потестарлық бірлестіктерінің бір бөлігі сол кезде Қайып сұлтанға бағынады. Ташкентте Рүстем және Қарабақ сұлтандар күшейеді. Иқан мен оның айналасындағы жерлерді 1712-1715 ж.ж. Тұрсын сұлтан басқарады. Олардың барлығы Тәуке ханның жоғарғы билігін мойындағанмен, кейбіреулері құжаттарда өздерін хан деп атайды.
1715 жылы жалпы қазақ ханы Қайып сұлтан болды, бірақ бақталас сұлтан топтары арасындағы билік үшін күрес күшейеді. Таққа негізгі үміткерлер Әбілхайыр сұлтан мен Ұлы және Орта жүздердің бір бөлігінде хан болып жарияланған Тәукенің ұлы Болат болды. 1718 жылы жоңғарлармен соғыста қазақтар толықтай жеңіледі, мұнда Аягөздегі ұрыс Қайып пен Әбілхайырдың әрекеттерінің келіспеушілігі нәтижесінде жеңіліспен аяқталған болатын. Сол жылдың соңында билік үшін күресте Қайып хан қаза болады. Зерттеулерде Б. С. Сүлейменов, В. Я. Басин «Казахстан в составе России в ХҮІІІ- начале ХХ века» атты еібегінде мұның салдары хандықтағы биліктің толықтай орталықсыздануы болғандығына тоқталады. Жоғарғы хан Болат болды, бірақ Түркістан Әбілхайырдың билігіне өтті. Болат ханның беделсіздігі және әлсіздігі іс жүзінде мемлекеттің жекелеген хандықтарға бөлінуіне әкелді. Әбілхайырдың иеліктері Кіші және Орта жүздердің біраз әскери-потестарлық бірлестіктерін қамтиды және Арал төңірегі мен Батыс Қазақстан өңірінде толықтай жекешеленеді. Ұлы жүздің бір бөліктері Болат ханның билігін мойындауды жалғастырады, ал Ташкентте 1720 жылы Жолбарыс хан болып жарияланады, Сайрамда сол жылы Күшік хан болып жарияланады.
1723 жылы көктемде басталған жоңғарлардың жаңа шабуылы бөліктерге бөлініп кеткен Қазақ хандығының барлық әлсіздіктерін көрсетті. Болат хан қарсылықты ұйымдастыра алған жоқ, әр қазақ бірлестіктері өз беттерінше қорғануға мәжбүр болды. Мал мен мүлкінен айырылған мыңдаған халық Орта Азия мен орыс шекараларына қашты. Жолбарыс хан жоңғарларға тәуелді екенін мойындауға мәжбүр болды, 1724 жылғы Әбілхайырдың Түркістанды сақтап қалу әрекетінен нәтиже болған жоқ, сондықтан Сырдария аймақтары жаулап алушылардың бақылауына көшті.
Тек 1726 жылы ғана бірқатар батырлардың жекелеген әрекеттерінің арқасында Орта және Кіші жүздердің жасақтары ұйымдастырылып, жоңғарларды Бұланты өзенінде талқандады. 1729 жылы үш жүздің элитасы қарсы шабуыл ұйымдастыру үшін жалпы қазақ сиезін шақыру туралы келісімге қол жеткізеді. Сиезде жоғарғы бас қолбасшыны сайлады, ол Кіші жүздің ханы Әбілхайыр болатын. Оның басшылық етуімен қазақ армиясы Балхаш көлінің оңтүстігінде жоңғарларды талқандады. Соған қарамастан, қазақ қоғамындағы саяси жүйенің дағдарысы жеңісті одан әрі жалғастыруға мүмкіндік берген жоқ.

1- курс студенті Е.Д.Биғалиев
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Арынов Жумахан Маканулы

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы Жетісу тарихының кейбір мәселелері туралы

Жер асты мен жер үстінің табиғи байлығына толы кең байтақ киелі туған жерімізде, өткен ғасырлар еншісінде көшпелілікпен қоса отырықшы, дәлірек айтсақ, қалалық мәдениет те қарқынды дамыған болатын. Бүгінгі таңда әлемде де…

Арынов Жумахан Маканулы 33 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру Ел болашағы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауының заңды жалғасы іспетті. Елбасымыз өз сөзінде:…

Арынов Жумахан Маканулы 33 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Қазақтың ауызша тарихы - ұлт руханияты

Қазақ тарихының дерек көздерінің бірі ауызша тарих айту дәстүрі. Қазіргі кезеңде көшпенді қоғамда тарих айтудың мұндай дәстүрінің болғандығына ешкім дау айта алмас. Зерттеуші Г.Жүгенбаева «Дәстүрлі ауызша тарих» атты…

Арынов Жумахан Маканулы 93 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

🇰🇿 Қазақстан тарихы — ҰБТ тесті ⏱ 40 мин · 20 сұрақ А — базалық (50%) В — орташа (30%) С — жоғары (20%) І бөлім · жеке тапсырмалар (1–10) 1Сақ тайпасының «патшалар патшасы» деп аталған атақты билеушісі – Мадий кімнің ұлы…

Bilimger Media 829 оқылым 8 мин
Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы ҰБТ-ға дайындық: жоғары балл алуға көмектесетін мықты лайфхактар

Қазақстан тарихы ҰБТ-ға дайындық Қазақстан тарихы — ҰБТ-да көп оқушыға жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде жүйелі дайындықты қажет ететін пән. Бұл пәнде тек даталарды жаттау жеткіліксіз. Тарихи оқиғалардың себебі мен…

Bilimger Media 136 оқылым 3 мин
Қазақстан тарихы

Алаш қайраткерлерінің танымдық мұралары

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" тарих пәні мұғалімі Аннотация Алаш қайраткерлерінің танымдық мұрасы қазақ қоғамының саяси ойы, ағартушылық бағыты және ұлттық сананы жаңғырту тәжірибесімен тығыз…

Ешенова Айсұлу Болатқызы 106 оқылым 6 мин