Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жидебай батыр (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Орта жүз, арғын, бес мейрамның біреуі қаракесек болады. Қаракесек деген кісі аты емес, шын аты—Болатқожа, Болатқожадан Ақша, Түйте туады. Түйтесінен Майқы, Танас. Майқыдан Әлтеке, Сарым. Сол Әлтекенің баласы—Дос батыр. Жетпіс сегіз жасында жалғыз баласы Қожаназармен қалмаққа қолға түседі. Қалмақ: «Қазақты өлтіріп тастайық» дегенде, кейбіреулері: «Әкелі-балалы екеуін бірдей өлтірмейік, тұқым құртпайық. Ежелден қазақ-қалмақ арасында соғыста бірін-бірі өлтіргені болмаса, қолға түскенді өлтіру жоқ еді ғой»,—деседі. Қалмақтың сыбыр-сыбырынан сескеніп, жаны шошып, Дос батыр былай деп жырлапты:

—Сыбыр-сыбыр етеді,
Сыбыр құлақтан өтеді.
Сыбырласпаған жан шіркін,
Әлде нетіп кетеді.
Өзім өлсем бұғым-ай!
Қожаназар құлыным-ай!—

деп жылай беретін болыпты. Қалмақ мұнысын көрген соң: «Әкелі-балалы өзді-өзі кеңессін, бірін бізге олжаға қалдырсын, бірін еліне баруға бастайық»,—депті. Сонда бала ұшып тұра келіп: «Әкетай мен көк лағың болайын! Мені Құдай жолына құрбандық қылып, ел-жұртыңды тапсаң»,—деп жылап қоя бергенде, Дос батыр айтыпты: «Қалмаққа шал зәру емес, жас ұлан зәру, жас ұланды өлтірмей, өздеріне бағындырып, ел-жұрт қылып алады. Мен елге тірі барғанда не бітіремін. Қаздың етін асадым, жетпіс сегіз жасадым. Сені қалдырып мен елге барсам, екінің бірі, егіздің сыңары айтады. Алысым былай тұрсын, жақыным айтады. Дұшпаным былай тұрсын, досым айтады. Мына жалмауыз таладың басын жалмаған жалмауыз емес пе? Жалғыз баласы Қожаназарды жалмап қойып, жылт-жылт етіп келуін қайтерсің»,—дейді.

«Сен барсаң «Дос деген жоқ, міне, тірі» деп қуанады. Және қатын алып, балалы болсаң, сенен туған менің кегімді қалмақтан сол алады»,—деп батасын беріп, баласын қайырып, өзі қалмақ қолында қала береді. Қожаназар ел-жұртына аман-есен келеді, қатын алады. Қатыны бір ұл туды, ұлдың атын Жидебай қойды.

Жидебай құрттай бала күнінде тапқан шешесі өліп, Қожаназар бір тоқал алады. Тоқалдың аты Апар еді. Апардан алты ұл туды. Апардың бойы бір қарыс деген өтірікші болмайды. Алты туып жүрген Апар бес қанат үйдің уығын байлауға бойы жетпей, Жидебайды аяғының астына жатқызып, уық байласа, сөйтіп байлайды екен.

Ол заманда жаугершілік, ел жалшы жалдауды білмейді. Біреуге біреу бұрылмайды. Апардың түрін танитындар, бір үйге қараған бейнет Жидебайда болмақ қой. Алты бала иттің күшігіндей, арасына жыл салмай туа берген немелер. Оның жалғызы Жидебайға бұрыла ма, тезек, су, от жағу—бәрі Жидебайдың мойнында болды. Ол кезде көшірушілік қандай көп, күнде көш, күнде көш. Көшкенде үй тігіп, уық буып байлайтын болса, аяқ астына төсеп, бой өсіруге Жидебай дап-даяр. Құрттай бала күнінде Жидебайдың аузынан шыққан бір ауыз сөз бұның бәрін қозғап, тербетіп, балалатып, жаздырып отырған. Қатын-қалаш: «Шырағым-ай, көзің ашылмады-ау, өзің шешең тірі болса, үйі құрғыр тігілмей қалса да, сүйтпес еді-ау!»—дегенде, Жидебай айтады екен: «Ол қылып жүргені маған қастық емес, достық қой. Жасынан пісіп-қатсын, көнтерілі, шыдамды болсын дегені».

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз