Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Райымбек батыр

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Атасы Хангелді батыр, ...Ұлы жүздің атақты адамдары Қодар би, Төле би, Сатай, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоановнаға елші жіберіп, Ресейдің қоластына алуын өтінген. Райымбек бес жасында өз атының басын өзі алып жүріп, жылқының соңынан ере бастаған. Жеті жасқа толғанда асау жылқыны үйретіп, міне бастаған. Райымбектің нағашысы Жалайыр Орақты батырдың тұқымынан екен. Нағашы атасы Райымбек жеті жасқа толғанда ат етіп міну үшін бір еркек тай және садақ, қылыш, найза, айбалта, қалқан әкеп береді. Нағашы атасы Хангелді батырға: «Менің жиенім он алты жасқа толып жігіт болғанда, көк тайы ат болады. Және мен алып келген соғыс құралдарын таза сақтап, өзі ұстауға шамасы келгенде, қолына тапсыр!»—депті.

Іленің тасып, күркіреп-сарқырап арнасына сыймай жатқанына қарамай, өзеннен әрі өтіп кетуі жұрттың бәрін таңқалдырды. Райымбек батырдың бойындағы тамаша қасиеттері—кісілігі мен парасаттылығы, табандылығы, өзінің қасындағы батырлары мен сарбаздарын ұйымдастыра білетін ересен шеберлігі. Райымбек он жеті жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанған. Торайғыр мен Сөгеті тауларының аралығында кең жазықта жоңғарлармен соғысқан жері «Ойрантөбе» деп аталады.

Райымбек батыр жер жәннаты Таушелек пен Жалаңашты мекендеген Ағанас пен Арыс ханды да орнынан аударып, халықтың ата-қонысын босатып беріпті. Қалмақтар үйір-шүйір болып, отырған жерінен кеткісі келмей, жылап-еңіреп айырылыпты.

—Қош Таушелек, Жалаңаш,
Түңілді ханың Ағанас.
Райымбек тұрғанда
Біздікі болмас мал мен бас,—

деп, құмда ізі қалмай жөнепті қалмақтар.

Ел ауызындағы аңызға айналған Райымбек батыр көз жұмар сәтінде ұрпақтарына: «Денемді ақтүйеге өңгеріп, бос жіберіндер. Түйе қай жерге шөксе, сол жерге жерлеңдер!»—деп өсиет айтқан.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз