Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сырым мен Саржала би (ІІ нұсқа)

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Ханды шабардың алдында Алдар би Сырымға: «Саржала биге барып кет!»—депті. Саржала бимен Сырым әуелден араз екен, Саржаланың көлінің қасына Сырым әкесінің моласын салады. Мола биік және үлкен болады. Бара-бара кісілер «Саржала көлі» демей, «Дат моласы» деп атап кетіпті. Оған Саржала ашуланып, қызметшілерін әкеліп бұздырып тастапты. Алдар Сырымға: «Сіздердің араңыздағы шатақты білемін. Бірақ та Саржала ханға қарсы соғысуға адам берер»,—депті. Сырым Саржалаға барып жағдайын айтыпты. Сондағы Саржаланың жауабы: «Тайың құнан шықсын, құнаның дөнен шықсын!»— депті. Сырым түсіне кетіпті. «Екі жылдан соң кел» дегені екен дейді. Екі жыл өткесін келсе, құрал-сайман, кісі беріпті дейді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз