Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Баймағамбет сұлтан: «Өзім теңді кіммен құда болам?»— деп, кердері Намаз биден ақыл сұрапты. Намаз би: «Сырыммен құда бол»,—депті. Сұлтан айтқандай Сырыммен құда болып, біраз жылдан кейін Сырымның қызын алып келуге балаларын жіберіпті. Екі баласы ел аралап кетіп, құдалыққа артынан кешігіп барыпты. Жолдастары: «Неге кешіктіңдер?» дегенде, «Қазақтар біз үшін жаралған ғой, елден сый-сыбаға жеп қырық отаудың керегесін бояймыз деп кешігіп қалдық»,—депті. Мұны Сырым есітіп: «Бұлардың не қазаққа, не бізге достығы жоқ адамдар екен»,—деп, қызын бермей қайтарып жіберіпті.

Сұлтан Намаз биге: «Бізді қайткенде татулыққа келтір»,— депті. Намаз: «Сол ағат сөйлеген балаларыңды алдына апарып, аяғына жық, батыр өлтірмес, ашуын басар»,—депті. Сұлтан оны істемепті, соның артынша Сырым сұлтанды шауыпты. Сонда Баймағамбет сұлтан:

—А, кердері Намаз-ай,
Ақылы көп сабаз-ай,
Ақылыңды алмаған екем,
Бекер өткен заман-ай!—

деп бармағын шайнапты.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз