Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сырым батыр мен Нұралы хан (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Сонан кейін Сырым атқа міне бастаған. Осы кезде Нұралы хан мен Сырым қарсы болады. Себебі Нұралы елге соның ішінде қара қазақтарға зорлық жасап, жас әйелдер мен қыздарға қысымшылық көрсетеді. Сонда Сырым елдің қамын ойлап Нұралыға қарсы тұру үшін ақыл сұрауға Алдар биге барады. Сырым Алдардан мынаны сұрапты:

—Нұралы елге көп зорлық жасап жүр, осы Нұралыны өлтірсем нағылады, құны қанша тұрады?—деп сұрапты. Сонда Алдар:

—Ханның құны көп, оған малың жете ме, ауыр айтса, ханның құны жүз жылқы, алпыс атан, орта шығарса, мың ақ қарабас қой,—депті. Соңда Сырым:

—Менде құндай төлейтін мал жоқ,—депті. Сонан кейін Алдар би тағы былай депті:

—«Ханның құныжоқ, жібектің күлі жоқ» деген де сөз бар, енді осы мінген атыңнан түспе,—депті. Бұдан кейін Сырымның өзіне қарсылық жасап жүргенін сезіп, қорқып, Нұралы өзінің билерін жинап ақыл сұрапты. Сонда былай депті:

—Сырыммен құда болсам, Сырымның ашуы таралмас па екен?—депті. Сонда билері: «құда болың» депті. Нұралының баласы Бөкей:

—Сырымға құда болма, құда болсаң, әуелі сүйегіңді бұзасың, қала берсе, Сырым болса сіздің дегеніңізге көнбес,—депті. Сонан кейін Нұралы ақыл сұрауға манағы Алдар биге келеді. Нұралы Алдар биге келген жұмысын айтады.

—Сырымды мен де көрдім, Сырымның ақылы өте терең, бір ұшы көкте, бір ұшы жерде. Сырымға құда болмақ түгіл, қойныңдағы әйеліңді берсең де, Сырым қара қазақтың арын жібермес,—депті Алдар. Сонымен Нұралы хан басқа ақыл сұрай алмай, жолдастарымен еліне қайтыпты. Келгеннен кейін ақылшыларына қарамастан, Сырымның қызын айттырып, құда болып, дос болысып жүріпті. Бұл мың жеті жүз алпыс бесіншіжылдар шамасында екен. Сол кезде Нұралы Қаракөл деген жерде тұрады екен. Байбақты Темірболат деген аңшы сол Қаракөлдің бір шетіне қонады. Сөйтіп, кейін мылтық дауысынан ханның малы үркіп көл суына келмейді. Хан Нұралы Темірболатты шақырып алып былай депті:

—Сенің қонған жағың жау келетін жақ еді. Сіз мына жаққа көшіңіз,—депті. Сонда бұны естіген Темірболат:

—Сіздің ел жағыңызға шығып аман алып қалған жанның әнәсін пәлен етейін,—деп шығып жүре беріпті. Нұралы хан ашуланып Орынбордан жасырып әскер шығарып, Темірболатты шауып жоқ етіп жіберіпті. Сонан кейін Темірболатты Нұралы ханның жойып жібергенін сезіп, Сырым Нұралының жиын-қоныстығына келмейтін болады. Сонан Нұралы хан бір жиында Сырымды сұрапты. Сонда баласы Бөкей:

—Сырыммен құда болма,—деді.—Сырым сенің Темірболатты жойғаныңды естіген. Соны сенен болды деп, яғни Темірболаттың өлгенін сенен көріп, келмей жүр,—дейді. Содан соң Нұралы Орынбор қаласына арыз беріп, Сырымды ұстатқан.

Сол күнде Нұралының баласы Сырымның қызына қалыңдық ойын ойнап жүреді екен. Бір күні қалыңдығына келіп жатқанда, Сырымның бір інісі Нұралының баласына: «Сен Сырымды түрмеге салып қойып, қалыңдық ойнайсың, өлтіремін!»—деген, бірақ Нұралының баласы қашып құтылған. Содан Нұралының баласы қашып құтылып шешесіне келіп: «Сырымның інісі мені қуып өлтіруге қалды, мен тек атымның жүйріктігінен құтылдым»,—деген көрінеді. Бұлхабарды естіген Нұралының әйелі келіп Нұралыға: «Сен, құдаңды түрмеде ұстап не істеп жүрсің?»—деген соң, Нұралы барып Сырымды шығарып алыпты. Қайтып келе жатқан Сырым Нұралының үйінің үстінен жүрген екен. Сонда Нұралы Сырымға: «Құда, түсіп үйге қонақ бол!»—деген. Бірақ Сырым оған қарамай кетейін деп тұрғанда, Нұралының әйелі келіп Сырымға «түсіңіз» дейді. Сырым оған да қарамайды. Сонда Сырымның құдағиы Сырымның атының жалынан ұстап тұр екен. Сол жерде Сырым атының жалын кесіп жіберіп: «Мына қысқа кескен жал ұзын жолға қашан теңеледі, үйіңді сонда көрермін»,—деп қарамай кетіп қалған екен дейді. Ашуараздықтың күшейген жері осыдан екен дейді. Содан кейін екеуін татуластырамын деп, екі құданы—Нұралы мен Сырымды Шеркеш, Тұрмамбет би деген екеуінің билігін алып Қарақол (су) деген жерге жиналатын болып шақырған екен. Сонда Нұралы он екі биі, отыз екі сұлтаны, отыз ұлы және адамдарымен үш жүз-төрт жүз кісі болып барған екен. Сонымен қатар көлденең де басқа би адамдар болған екен. Жиынға Сырым қасында бір жолдасымен соңынан келіпті. Келген бойда сөз бастап, «Нұралының қолын ал» деп ешкім айтпаған. Сонда Тұрмамбет биден Сырым: «Үш ауыз сөз сұрайын, соған бата бересің бе?»—дегенде, Тұрмағамбет би «берейін» деген көрінеді. Сонда Сырымның сұрағаны:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз