Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сырым батыр мен Нұралы хан (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Дат Байбақты—Шоланның баласы. Шолан деген кісі саудагер болған. Сол кезде зат сатып жүргенде, екі ұры көріп, Шоланның затын алып, өзін өлтіреді. Сонда Шолан Орынбордан келе жатқан кезі екен. Шоланның Орынборда қалған әйелі екіқабат жүкті екен, күні жақын екен. Шолан өлерінің алдында ұрыларға: «Әйелім ұл тапса, баланың атын Дат қойсын, қыз туса өздері білсін»,—депті де, өліп кетіпті. Бұл бір мың үш жүз қырық екінші жылдар шамаларында болса керек. Екі ұры Шоланның тілегін барып әйеліне түнде терезеден айтыпты.

Сонан әйел босанып ұл тауыпты. Әлігі ұрының айтқан сөзін әйел «түсінде солай деп еді» деп баланың атын Дат қойыпты. Бала өте тентек, елге, үй ішіне тиыштық бермепті. Алдар деген сыншыға көрсеткенде, Алдар сыншы: «Балаңның белінде алтын бар екен, балаңды үйлендір!»—деген. Сонан Датты шешесі он екі жасында үйлендіріпті. Дат он төрт жасында әйелі Сырымды туған екен.

Сырым төрт-бес жасында оқуға барған. Алты-жеті жасында күндіз оқып, түнде әр жерлердегі би, төрелердің жиналған жеріне барып әңгіме тыңдап жүріп Сырым Даттың «Қазық аяқ баласы» атана бастайды.

Бір бай Орынборға базарға келе жатып, бір топ ойнап жатқан балаға келеді. Бай балаларға жақындап келе жатып айқайлайды: «Жолдан кетіңіз»,—деп. Сол кезде бай балаларға жақын келіп қалғанда, бір бала тоңқаңдап жүгіріп кетсе, байдың астындағы ат үркіп секіреді. Сонан байдың бөркі ұшып түсіп, онан аты қатты тулап, бай аттан құлап өледі. Сонан байдың елі байдың құнын қуып барады. Байдың құнын жүз жылқы деп шығарады, оны жаңағы атты үркіткен бала төлейтін болады. Бірақ баланың оған малы жетпейді. Сол төлеуді билер бітіре алмайды. Сүйтіп жүрген кезде ойнап жүрген Сырым: «осының келісімін мен оңай бітірер едім» дегенді айтады. Біреулер есітіп, билер Сырымды шақырып алады. Сырым келгеннен кейін мынадай төрелік шығарған: «Бірінші, асау ат мініп базарға жол шыққан әуелгі бай тентек, жиырма бес жылқыны бай өзі тартсын, екінші, ат үріккенде ұшып түскен бөрік тентек, жиырма бес атты бөрік тартсын; үшінші, бөріктен қорыққан ат тентек, жиырма бес атты асау ат төлесін; төртінші, қалғанын атты үркітіп тентек болған бала төлесін!»—деп үкім шығарыпты. Сол кезде Сырым тоғыз жаста деп әңгімелейді.

Сонан кейін Сырым он жеті жастар шамасында хан-төрелер тұқымынан бір адам өлтіріпті. Сол өлген кісі жағынан келген Сырымды қуып хан-төрелердің адамы келсе, Сырымның елі Сырымның өзін қару-жарағымен шығарып берген. Сонда артынан келген көп кісінің бастығы Үкі би деген кісі екен. Үкінің руы—ысық. Келген көп кісі Сырымды елі шығарып бергенсін өлтірмек болып ұмтылғанда, Үкі жолдастарын тоқтатып, Сырымға өзі оңаша жолығады. Сонда Үкі би Сырымнан екі сөз сұрапты:

—Сен аш бүйеннің боғымысың, аш күзеннің тоғымысың?— депті. Сонда Сырым:

—Ақсақал, менен қазір сөз сұрамаңыз, менің жаным өлім алдында қыдырып тұр, сөзді мен сізден сұрайын,—депті. Бір қарт қартайғанда «қазыша» дейді, бір қарт қартайғанда «қазы» деп еді, сіз өзіңіз осының қайсысы боласыз?—депті. Сонда:

—Мен біреуі болармын,—деп, жауап беріпті.

—Күндерден күн озды,
Шаңқақтап боз озды.
Атадан ұл озды,
Анадан қыз озды,—депті.

Сонда бұл сөздің шешуін Сырым айтыпты:

—Күндерден күн озса,
Үлкейгейсің дағы.
Көлдей қамқа тозса,
Қартайғаның дағы.
Шаңқаннан боз озса,
Басыңнан кетіп билігің тарағаны дағы.
Анадан қыз озса,
Бишаралығы дағы.
Атадан ұл озса, еркіндігі дағы.
Онда жұрттың несі бар?—
депті. Соңда Үкі Сырымды өлтіруден босатып, келген жолдастарын кері алып қайтыпты және Сырымды өлімнің құнынан босатыпты.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз