Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Олжабай және Жасыбай (3-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

«Қалмақтың тамақ қылып ішетұғын саймандары үйіліп-төгіліп көл басында қалғандықтан, «Шойындыкөл» атанған дейді.

«Жасыбайдың өзін асудың үстінде жұрт жүретұғын жолдың үстіне қойып, ол асудың «Жасыбай асуы» аталғаны—сол» деседі.

Жасыбайдың дене топырақ моласы өткен-кеткеннің атының аяғының астында жиырма жетпеген күнімізде асудан бірге асқан сиысба (сисебе) құлақ шалдар: «Міне, Жасыбайдың моласы» деп, көрсетіп еді. Өзге жоғалса да, мола жоғала ма? Жаздыгүні жер қарада жүрген жандар көреді.

Қазақ әулие, бір ауыз сөзі босқа далаға кетпейді: «Жауырыншыны жау алады, Есепшіні жұт алады!». Жасыбайдың өліміне себеп болған өзінің жауырынына сенгендігі.

* * *

«Көмекей әулие» атанған Бұқар жырау айтады ғой:

Мұсылман (пұсырман) болсаң, кетіңіз,
Сырдариядан өтіңіз!
Жиделібайсын жетіңіз,
Кісісі жүзге келмей, өлмеген,
Қойлары екі қабат қоздаған,
Солай қарай жетіңіз!—деп.

—Кел, бозбала, қойға қошқар қоймаңдар! Сиырды бұқасыз, түйені бурасыз, жылқыны айғырсыз қылайық! Малды үш жыл ту сақтап, осыны қылайық! Бізден бұрынғы ауғандар солай ауған. Сол жақта өсіп-өніп, «Ауған елі» атанып қалған. Ауғандардың ілкі (илгі) басы—Асан қайғы.

Анан [онан]—Соратон (сұратон), Қазтуған, Орақ- Мамай, Телағыс, Тама, Шора батыр, Кіші жүзден шыққан—әз Едіге. «Мынау Абылай қанша?» десіп көтеріп, мактағаныңмен, «Жалаң аяқ, жар кешіп, жаным қайда барсам, қалады?» деп жалаңбұт келген сарт қой. Бір күн к...тін орысқа береді, бір күн к...тін шүршітке береді. К...тін шүршітке бергені емес пе? Тұла бойы тұңғышы Әділді шүршіт патшасына: «ақ үйліге» берді. К...тін орысқа берген емес пе? Кіші жүздің жерінің шұрайлы жерінен Троицкиді жәрмеңкелікке берді. Орта жүздің жерінің шұрайлы жерінен Қызылжарды жәрмеңкелікке берді. Кел, осыдан кетелік. Жер шұрайы Жиделібайсынға жетелік!—деді.

Жұрт жұмыла «әу» десті. Адамды ойға алғанына жібермейтұғын бір тағдыр деген тұсау бар ғой. Ойламаған орыннан сап етіп, жағадан алып, шап етіп, Ереймен тауының күн батысында аяғынан алды, төсек тартқызып, шалқасынан салды. Сонда өзі арман қылғанда, нені арман қылған екен? Қырып, жойып, қиратып жүргенде, қылатұғын ісі найзагер екен. Найзамен түйрей шанышпай, қалыбы (қалбы) шанышады екен де, киімінен түйреп, түсіреді екен. Оның сүйтіп түйреп түсірген жаны атқа мінуге жарамай қалады екен. Сонда өкінгендегісі— өлтірмегеніне өкініпті:

—Өзім кісі өлтірсем, ажалым кісіден болар еді. Қой боғындай қорғасын маған бұйрықсыз болып, жамандардай төсекте сұлап жатып, «қағындыдан» өлдім-ау!—деп, бармағын жұлып-жұлып шайнап тастаған екен дейді.

Болмаса мен ауырғанда қасында, өлгенде, басында болған жан емеспін. Мұның артының үбірлі-шүбірлі болып, өсіп-өніп жүргені сондықтан екен.

Қазақ қатынының ұрпағы—бір тайпа ел, қалмақ қатынының ұрпағы—бір тайпа ел. Бір карақалпақ қатынының ұрпағы бар, онысын жұрт: «Қалпақ» дейді. Егінге түскен шегірткедей жыбыр-жыбыр, қыбыр-қыбыр етіп жатқан бірдеме. Шідерті деген өзеннің басынан кыдырсаң, аяғына шейін Олжабай ұрпағы болады.

«Денесін Әзіретке апарамыз» деп, денесін кұрт-ірімшік жаятұғын сөредей сөре жасап, сөрелеп қойыпты. Ақырында Әзіретке апара алмай, Көкшетау маңайында өздерінің жайлап жүретұғын жайлауларына қойыпты. Өлген жері—«Олжабай сересі» атанған. Ол жер осы күнде «Олжабай қаласы» атанды. Көмілген жері «Олжабай тамы» атанып, Майлықара майданнан салт атпен тас тасып, тастан жасаған тамы бар. Олжабай батыр өзі өлерінде айтқан екен:

—Менің үрім-бұтағымның жау десе, көтені лүпілдейді, дау десе, көмейі бүлкілдейді,—деп.

Естіген сөзімнен сөз қалмасын, «естіген құлақтың жазығы жоқ» демеді ме?!

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз