Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Данышпан Аяз (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Әр күні қасында нөкерлері бар Жәнібек хан ой ойлап жүгініп отыр екен, уәзірлері қасында ханның не айтарын күтіп тұрған. Сонда хан бұйырған оларға: «Менің осы күні ойлаған ойымды тап!»—деп. «Ертеңге дейін таппасаң, бастарыңды аламын!» деген. Уәзірлері қорқып не қыларын білмей, кеңес құрды ханның жұмбағын табуға. Қалай ойласа да, ханның не ойлағанын таба алмады. Ақырында анау күнгі жамандап шығартқан Аяздан сұрады ақылды. Жанның тәттілігі кішірейтіп, жек көрген кісісінен ақыл сұратты. Аяз әуелі жауап бергісі келмей, артынан аналардың адамдығы кетіп сасып тұрғанын көріп жауап берді.

—Сендер маған айтыңдар, сендерден сұрағанда хан қалай отыр еді?—дейді Аяз,—егер де хан аяғын астына басып отырып сұраса, тағын өзгерт дегені, жоғары қарап жатқан жерінде сұраса, сарайды өзгерт дегені. Тізесінен отырып сұраса, жақсы арғымақ керек болғаны,—дейді Аяз оларға. Уәзірлері бұған қуанып келіп уақытында ханға жауап берген еді. Хан мұны тапқанына таң қалып, оларға айтты:

—Сендер өздерің тапқан жоқсыңдар, сендерге мұны кім үйретті?—деп. Бұларға кім екенін айтпасқа болмады. Аяз екенін айтты.

—Міне, сендер оны жамандаған едіңдер, ол сендерді өлімнен алып қалды. Аяз сендерден ақылды, уәзір болуға сендерге емес, оған лайық,—деп хан Аязға бұрынғы орнын берді. Аяздың дұшпандары тағы көбейіп кеткен. Ақымақ, ештемеге әлі келмейтін адамдар көбінесе жақсыны көре алмай, ақылын, білімін іске жүргізе алмай шағыстыруды һәм ғайбатты жүргізеді әр қайда. Ақылы артық адамды олар жек көреді. Аяз турасынан да болды солай, ханды азғыруға олардың тағы халі жетіп, Аяз орнынан түсірілді тағы да.

Бір күні аңға хан аулауға келе жатып уәзіріне: «Таппасаңдар, бастарыңды аламын!» деп мынадай сауал берді: «Терісін алсаң, қан шықпай тірі қалатын қырық жанды нәрсе көрсетіңдер!». Уәзірлері кеңесіп-кеңесіп еш біле алмай, тағы Аязға келген: «Солай-солай дейді хан, бізге бір жәрдем көрсет, пәледен құтқар» деп жылап өзіне қылған жамандығын ұмытып. Оларға жылап тұрған соң жаны ашып Аяз айтты:

—Неше кісі қасында еді хан мұны сұрағанда? Сол арада санаса, аң аулағанда қасында қырық кісі екен.

—Олай болса, хан нөкерлерін жалаңаштап көргісі келген екен, олардың киімін шешіп алса, өлмейді, тірі қалады, қан да ақпайды,—дейді Аяз. Министрлері ханға келіп айтқан әлгіні һәм оны Аяз шешкенін тағы айтқан. Аязды бекер жамандағанына хан уәзірлерін ұялтып, Аязды қайта министр қылған.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз