Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында бар сөз (3-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Домбыраның шегін күйге түзеп алып, Кетбұға тарта бастады. Мұның ұзын саусағы домбыраның бетін тарсылдатып, шегін зырылдатып сөйлетіп, әр түрлі мұңды күй тарта бастады. Алаша хан құлағын салып тартылған мұңды күйді есітіп отырып айтты:

—Не себептен сен маған мұндай зарлы күйлерді тартасың?—деп.

—Басыма бір қайғылы күн туды, тақсыр хан!—деп домбырашы қысқа жауап берді де, тоқтамастан домбырасын шерте берді зарлы күйге салып.

—Бұл не ғажап?—деп Алаша хан айтты,—Япырмай, менің Жошы ханым бірдеңе болып қалды ма, мұны аң жеп қойды ма?

—Тақсыр хан, Жошының өлгенін жалғыз өзіңізден естідік,—деп үйдің сыртында халық шулап қоя берді.

Бұл хабар сондай жаман хабар болды, хан Жошы баласының өлгенін естіп, талып қалды. Есін жиып алып Алаша хан зарлап жылады. «Жошы, Жошы!..қайдасың, жалғызым!» деп, мұның екі көзінен бұлақтай болып жас ақты. Еш адам үйге кіріп, ханды уатуға бата алмады.

Осындай жылаумен тамақ ішпей Алаша хан үш күн, үш түн жатты. Мұның халқы жиылысып ақылдасты, қалайша ханды уатып, көңіл айтып, жылағанын қойғызсақ екен деп, ешбір адам Алаша ханның үйіне кіруге батпай, барша жиылған адамдар тыста қамалып тұрады.

Алаша ханның бір ақылды қатыны бар еді, еріне ой түсіріп, көңілін баспаққа амал қылды:

—Хан, сен қайғырып жатырсың, халқың ғау-ғау көтеріп, бүлік шығарып жатыр,—деді.

—Неге менің халқым бүлік шығарып жатыр?—дейді хан.

—Сенің халқың екі дай болып жатыр. Себебі бір бай өзінің тамырына бір уақытта ат басындай алтын сыйлаған екен, уақытында мұндай бірдеме берер деп. Ол тамыры ештеме бермеген соң, «өзім бергенімді бер» деп жатыр. Жуырда бұлар биге түсті. Билер әділдік қылмады. Билердің жартысы: «бергенін қайыруға тиістің» дейді, жартысы: «қайырмауға тиісті» дейді.

—Ах, олары қалай? Билікті әділ айтпаған, сыйды ала білген кісі, бере де білсе керек емес пе? Алтын алғанды шақыр мұнда!—дейді Алаша хан.

—Ұлы хан, кішкентай сабыр етіп, маған сөз айтуға рұқсат қылыңыз. Алла тағала баланы саған өзі берді, өзі алды. Құдіреттің хүкіміне көну керек. Алла тағала Жошы ханды саған сыйлап еді, сыйлаған Аллаға сен де сыйлай біл, қайғырып жылама, Құдайдың рахметі көп, таусылмайды,—деді. Бұл сөз көңіліне кіріп, Алаша хан қайғыруын қойды.

Алаша ханның бір Домбауыл деген бек қуатты құлы бар екен. Өзінің байына ақ көңілімен қызмет қылатындығына, һәм ерлігін Жошы хан бек жақсы көреді екен. Домбауыл да Жошы ханды жақсы көреді екен. Жошы ханның өлгенін естіген соң ант ішіпті: «Құланның бірі қалғанша қырармын» деп. Домбауылдың екі жүйрік аты бар екен. Біреуі «Қабанқұлақ» деген, біреуі «Әнкей» деген. Сол аттарының бірін мініп, бірін жетектеп алып, Жошы ханды өлтірген құлан жатқан аралға қарай жөнеліпті.

Құландар Домбауылды көрген соң-ақ Бетпақ даладан өте Шуға қарай қашқан екен. Домбауыл қуып жетіп, қыра беріпті. Соншадан бес-ақ құлан тірі қалып, қорқып сол бесеуі де Шудан өтіп кетіпті. Ол бес құлан өткен жерді осы күні «Бес құлан» деп атайды. Бес құлан деген жерден бес шақырымдай арада таудың бауырында Қабанқұлақ деген аты зорығып өліп, ол араны «Қабанқұлақ» қойыпты. Онан әрмен бес шақырымдай барған соң, екінші аты—Әнкей ұшып өлген екен. Ол араны «Әнкей» деп қойыпты. Осы күні сол араны Әнкей деп атайды.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз