Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сәтемір хан (Ақсақ Темір)

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалып, күндерде бір күн далада ойнап жүріп, бір бұзылған үйдің түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап тұрса, бір аяғы ақсақ құмырсқа үйдің төбесіне қарай бара жатып, орта жеріне барғанда құлап түседі.

Тұра салып тағы өрмелейді. Бағанағыдан жоғары барғанда тағы құлап түседі. Ақыры өрмелей-өрмелей, қисая-мисая үйінің төбесіне шығып кетеді.

Сәтемір хан мұны көріп ойға кетті дейді:

«Жаратылыстағы ең кіші мақұлық құмырсқа—о да талап ете-ете ұмтылып, ақыры мұрадына жетті. Мұнда отырып бір нәрсе көбейтпей, айдалада ойнап жүргенім жараусыздық екен»,—деп, шаһарға барып бір ғалымның үйін сыпырып, ақысына оқу оқыпты. Ақырында сол Сәтемір атақты болды.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз