Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Силинші деген ханым

Ыбырай Алтынсарин · 1841–1889 · 1 мин оқу

Қытай жұртының патшасының ханымы Силинші жібек құрттарын абайлап, қарап жүрсе, бұл құрттар өлерінде өзінің өрмегіне кіріп өледі екен. Ханым сол өрмекті алып шыйратып жіп істеді, сонан тоқып жаңа жібек орамал істеді дейді. Мұнан соң сол құртқа назар салып қарап жүрсе, тұт деген ағаштың жапырағын жеп күн көреді екен. Ханым тұт ағашының жапырағын жыйып, әлгідей көп құрт жыйып асырап, ақырында, бұл құрттың пайдасын халқына үйретті дейді. Жібектің шығатын орнын ең әуелі сол ханым тауыпты-мыс.

Бұл уақытта Силинші ханымның өткеніне бес мың жыл болыпты. Қытай жұрты әлі күнге данышпан ханымын ұмытпай, жыл сайын соның құрметіне той етеді.

Ыбырай Алтынсарин әңгімелері

Барлығы: 52 әңгіме

Тағы оқыңыз