Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сақып

Ыбырай Алтынсарин · 1841–1889 · 1 мин оқу

Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп, ақырында әл кеткенде қатты кедейшілік тартып, бір күні етігі болмаған соң жалаңаяқ далада жүргенінде, аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жатып, екі аяғы жоқ ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге жолықты. Мұны көріп, Сақып ах ұрып айтты дейді:
— Әй кұдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір саған — менің жүруге аяғымды аман сақтағаныңа; мынау балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқта болса жүріп жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-ау, — деді дейді.

Ыбырай Алтынсарин әңгімелері

Барлығы: 52 әңгіме

Тағы оқыңыз