Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Полкан деген ит

Ыбырай Алтынсарин · 1841–1889 · 1 мин оқу

Біз оқып жүрген шағымызда, ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген зор ит бар еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп тиісе бастады. Сонда мен тұрып айттым:
— Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасақ, Полкан сазайыңды берер, — деп. Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Түрегелсем, арт жағымда ұстазымыз келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:

Көрдің бе, анау Полканның сенен көрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балаларменен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың немесе ренжітесің Полкан ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр, — деді.

Ыбырай Алтынсарин әңгімелері

Барлығы: 52 әңгіме

Тағы оқыңыз