Қанағат
Ыбырай Алтынсарин · 1841–1889 · 1 мин оқу
Әзірет Әлиден бір жұт келіп сұрады дейді:
— Толық байлық қайтсең табылады?
Әли айтты:
— Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды; қанша мал аз да болса барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады; — соның үшін Әзірет Әлі, — байлық — қанағатта,— деді.