Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Асыл шөп

Ыбырай Алтынсарин · 1841–1889 · 1 мин оқу

Зылиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Зылиха аһілеп-уһілеп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Зылиха айтады:
— Сен неге мәз болып, қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің.
— Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, — дейді Бәтима.
— Ай, ондай болса, сол шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, — деді Зылиха.
— Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Оның аты — «сабыр», — деп, айтқан екен.

Ыбырай Алтынсарин әңгімелері

Барлығы: 52 әңгіме

Тағы оқыңыз