Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Жетісу ісші халық мұхбірі» газетінің тарихы

Автор

Amina Turkashova
5 мин оқу 64 оқылым

«Заря свободы» газетінің алғашқы кезеңі

Бір ғасырға жуық тарихы бар қазақ басылымдарының алғашқысы- Алматы облыстық Жетісу газеті. Бұл газеттің тарихы 1918 жылдың 3 наурызында Верный қаласында совет өкіметі орнағанда басталған. Яғни, совет өкіметінің идеялары мен саясатын жергілікті халыққа түсіндіретін жаңа баспасөз органы құрылып, “Заря свободы” атты облыстық газет шығаруды ұйғарды. 1918 жылы 8 наурызда «Заря свободы» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Редакторы коммунист Р. П. Маре-чек газеттің 55 нөміріне дейін қол қойып отырды, осыдан былай қарай редакциялық коллегия атынан шығып тұрды.

Газеттің бетінде Жетісуда Совет өкіметін орнату үшін күреске белсене қатысқан большевик Тоқаш Бокиннің, Сабыржан Ғаббасовтың хаттары мен мақалалары қазақ және орыс тілдерінде жиі басылып тұрды. Мысалы, Т. Бокин «Заря свобо­ды» газетінің 16 майдағы нөмірінде басылған «Қазақ жолдастарға» деген хатында Совет өкіметі еңбекші халықка не беретінін түсіндіреді.

Совет өкіметі туралы ақгвардияшылар мен алашордашылардың өтірік-өсегіне нанбау керек екенін айтады, қазақ еңбекшілерін совет жұмысына белсене қатысуға, контрреволюцияшыл күштерге қарсы орыс және баска ұлт еңбекшілерімен бірге күрес жүргізуге шакырады. Тоқаш Бокин бұл кезде орыс-қазақ арасындағы қарым-қатынас комиссиясының председателі болатын. Редакция Бокинды «Еңбекші халықтың сенімді және қайратты жақтаушысы» деп бағалады.

Журналист Сабыржан Ғаббасовтың осы газетте «Кім кінәлі?» деген мақаласы басылды. «Верный каласының мұсылмандары!— деп жазды ол.— Мұсылмандардың басынан өткеріп отырған бүкіл ауыртпалықтарға кім кінәлі? Бұған, сіздер, большевиктер кінәлі деп отырған жоқсыздар ма? Жоқ, туыстарым. жоқ, мың рет қайталаймын, жоқ! Большевиктердің ба­ра жатқан жолы — тура жол, дұрыс жол».

Осы газеттің бетінде орыс және қазақ тілінде аралас жоғарыда айтылғандай басқа да көп материалдар басылды. Бұл қазақ ішінде дербес газет шығару үшін ұлт кадрларын әзірлеудің бірден бір дұрыс жолы еді.

“Заря свободы» газеті өзінің оқушыларын саяси сауат негіздерімен таныстырды. К.Маркстік туғанына 100 жыл толуына байланысты бірнеше мақала басты. Сонымен бірге еңбекшілерге совет ақындарының, әсіресе Демьян Бедныйдың революциялық шығармаларын оқуға ұсынды.

Газетте кейде қате, эсер-меньшевиктік көзқараста жазылған, ғылыми социализмді христиан дінінің сандырақтарымен шатастыратын мақалалар да басылып кетіп отырды.

Мұндай қате-кемшіліктер газетті шығарушы коммунистердің теориялык білімнің жоқтығынан, журналистік және партия қызметіндегі тәжірибесінің аздығынан болды. Жалпы алғанда, Коммунистік партия саясатының көптеген мәселелері жөнінде «Заря свободы» газеті дұрыс, большевиктік бағыт ұстады, Со­вет өкіметі үшін күресте елеулі роль атқарды.

Газет 1918 жылы 18 июньде шыққан 80-нөмірінен кейін тоқталды.

Жетісу газеті тарихы: «Жетісу ісші халық мұхбірі»

«Жетісу ісші халық мұхбірі». Жетісу облыстық ревкомының және ұлт істері жөніндегі облыстық комитеттің органы «Жетісу ісші халық мұхбірі» (дұрысы: «Жетісу еңбекші халқының хабаршысы») 1918 жылы 21 июньде Алматыда шыға бастады. Бұл осы өңірдегі тұңғыш қазақ газеті), ре­дакторы болып Сабыржан Шәкіржанов тағайындалды. Редакциялық коллегияға алты адам бекітілді, оның құрамына боль­шевик Сабыржан Ғаббасов енгізілді. Бұрын «Айқап» журналына тілші болып, журналистік тәжірибе алған ол газет шығару ісіне үлкен көмек көрсетті. Бірақ көп ұзамай майданға аттанған Сабыржан Габбасов Совет өкіметі үшін күресте қаза тапты. 1918 жылы алашордашылар мен акгвардияшылар оны кескілеп өлтірген болатын.

1918 жылы 17 июньде Жетісу облысы соғыс жағдайында деп жарияланды. Себебі: Семей жағынан ақ бандылар шабуыл жасап келе жатты. Сөйтіп, Солтүстік Жетісу майданы кұрылды. Осындай соғыс қаупі төніп тұрган жағдайда «Мұхбір» га­зеті алғашқы нөмірлерінен-ақ «жеңіп алған бостандық пек азаматтық праволарымызды корғайық, Совет үкіметін корғау үшін жауға қарсы тұрайық!» деп облыстың еңбекші халықтары атынан үндеу жариялады.

1918 жылы 3 нюльдегі нөмірінде газет қызыл әскердік салтанатты сертін басып шығарды. «Мен,— делінген онда,—жұмысшы және шаруа үкіметінің алғашқы шақыруымен совет республикасын барлық жаулар төндірген қауіп пен қатерден корғауға шығамын және Россияның советтік республикасы үшін, социализм мен халықтардың бауырластығы үшін күресте күшімді де, жанымды да аямаймын».

Совет үкіметі 1918 жылы 29 майда міндетті әскери қызмет атқару негізінде армия құруға көшу туралы Декрет қабылдады, сол жылы июнь айында В. И. Лениннің қолы қойылған «Барлық мұсылман еңбекшілеріне» арналған үндеу жарияланды.

Партия ұйымдары Қызыл Армияның қатарына бұрын міндетті түрде әскери қызмет атқару жүктелмеген қазақ, қырғыз, дүнген, ұйғыр, өзбек еңбекшілерін тарту жөнінде үлкен жұмыстар жүргізді. Жұмысшылар мен шаруалар партияның, шақыруына қызу үн қосты. Қызыл Армияның қатарына мыңдаған еріктілер келіп қосылды.

Қызыл Армияның қатарына еріктілер ағылып келе бастағанын, аз күннің ішінде Совет үкіметін корғауға аттанатын еріктілердің саны бес мың адамға жеткендігін «Мұхбір» 1918 жылы 17 сентябрьде қуанышпен хабарлады.

Газетте Жетісу Советтерінің бірінші съезінің қаулысы бойынша алғашқы Совет Конституциясы азамат соғысы жағдайында жариялауының үлкен саяси маңызы болды. Онда Совет азаматтарының праволары мен міндеттері көрсетілді, халықтар достығы мен пролетарлық Интернационализм идеялары насихатталды. Совет Конституциясымен рухтанған еңбекші халық жауға қарсы жігерлене күрес жүргізіп, жеңіс сағатын жақындату үшін асықты.

Бұл газет «Алаш» автономиясының реакциялық мәнін әшкерелеп, советтік автономияны жақтады, оның артыкшылығын халықка түсіндірді. Жетісудағы қазақ халқына, сонымен бірге ұйғыр, дүнген, татар, өзбек еңбекшілеріне Совет үкіметінің маңызы мен мақсатын, оның саясатын насихаттады, оларды Совет үкіметі үшін күреске жұмылдырды.

Жетісудағы тұңғыш қазақ газеті «Мұхбірдің» қырық  бір нөмірі шығып тоқтатылды. Кейіннен бұл газеттің атауы “Көмек”, “Голос семиречья”, “Ұшқын, “Бұқара”, ”Кедей еркі”, “Тілші”, “Еңбекші қазақ”, “Сталин жолы”, “Коммунизм таңы” деп аталды. Ал 1963 жылдан “Жетісу деген атпен шығып келеді.

Биыл, Алматы облыстық қоғамдық-саяси "Жетісу" газетінің жарыққа шыққанына 102 жыл толды. Ғасыр асқан абыз басылым бетінде жоғарыда айтылғандай аумалы-төкпелі қазақ тарихының жүзжылдық бір белесі жатыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультетінің

1 курс студенті

Туркаш Амина

Пайданалыған әдебиеттер тізімі:

1.Х.Бекхожин “Қазақ баспасөз тарихының очеркі”(1860-1958 жылдар).-Алматы: “Мектеп”, 1981.-62-66 беттер.

2.Аллаберген Қырықбай, Нұсқабайұлы Жарылқасын, Оразай Файзолла “Қазақ журналистикасының тарихы” (1870-2008 жылдар).- Алматы:Білім, 2009. –99-102 беттер.

Қатысты материал

Соңғы жаңарту: 8 қазан 2026, 02:38

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Amina Turkashova

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы

Мәтінде Міржақып Дулатұлының «Серке» газетінде жарияланған «Жастарға» өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» мақаласы, олардың отаршылдыққа қарсы идеясы сөз болады.

Amina Turkashova 41 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин