Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Жетісу" газетінің тарихи жолы

Автор

Ынтықбаев Рақым Рахманберліұлы
3 мин оқу 82 оқылым

Ынтықбаев Рақым
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультетінің
1 курс студенті


Тарихқа үңіле қарайтын болсақ, қазақ баспасөзінің тарихында көптеген газет басылымдары болғаны,бәрімізге мәлім.Ал сол басылымдарының бірі-Жетісу газеті.
Жетісу газетінің басылымының бастау жолы,газеттің алғашқы атауы,редакторы, жалпы газеттің тарихы жолы қандай және қалай болды,соны түбегейлі тарихын түсіне алуымыз керек.
Жетісу газеті басылымның бастау жолы XIX-ғасырда басталады.
Газетті Көпшілдер (большевиктер) партиясына қарасты Жетісу кеңесінің төңкерісшіл органы– «Жетісу ісші халық мұхбыры» газеті атауымен аталады.Ал газеттің алғашқы саны 1918 жылы 21 маусымда шығады. Редакторы-Сабыржан Шәкіржанов.
Газеттің алғашқы саны партияның жарғыларын, әскери биліктің үкімдерін басты. Ой салатын, қоғамдық тәртіпті қаузайтын мазмұнды мақалалар мұнда мүлде кездеспеді. Себебі, аласапыран заманда билік халыққа нақты саяси қадам мен соғыс жағдайындағы кейбір әскери операцияларды ғана таныстырып отыруға шамасы жетті. Дегенмен, газеттің өзі бір күндік болғанымен, сөзі – мың күндік. Қазақ, өзбек және қырғыз ұлтының оқығандары бас қосқан Жетісу облыстық әскери комитеті басылымды өзбек, қырғыз және қазақ тілімен аралас басып шығарды. Оқыған үш ұлттың өкілдері де газеттегі мақала мен жарғыларды оп-оңай түсінді. Газеттің алғашқы санында «Жер-су комитетін құру туралы міндеттер» деген мақала басылды. Онда облыстық атқару комитетінің жаңадан шығарған қаулылары басылып, соңында «жер – халықтыкы» деген ортақ түйін жасайды. Ізінше, «Жетісу ісші халық мұхбыры» келесі санына Түркістан кеңестік республикасының ережелерін жариялайды. Күннен-күнге мерзімді басылымның аясы кеңейіп, жаңа билікті жұрт арасында насихаттауда үлкен еңбек сіңіреді. Жетісу жұмысшыларының хабаршысы «ақтар» мен «қызылдардың» қырқысқа түскен әскери операцияларын үзбей басып отырды. Басылым қызылдардың жеңісін ұрандата жариялап, ел ішінде кеңестік биліктің жылдам орнауына ат салысты. Халық көкпарға түскен ұлттық мүддесін газет бетінен тапты. Елге жаны ашыған басылым еңбекшілердің ерен жеңісін насихаттап, бейбітшілікке даңғыл жол салып берді. Облыстық баспасөз комитеті азамат соғысы жылдарында жаңа газеттің мазмұнды әрі айна-қатесіз таза шығуына жауапты етіп Сабыржан Шәкіржанды тағайындады. Сабыржаннан бөлек газет басшылығында С. Ғаббасов есімді белгілі қаламгер жүрді. Екеуі де ел ішінде кеңінен танылған, қолынан қаламы түспеген, сөз тізгінін берік ұстаған асыл азаматтар болатын. Журналист мамандар тапшы болса да, газет тоқтап қалмады. Аласапыран дәуірде тарыдай шашыраған қазақтың бірігуіне, жаңа билікке бой үйретуіне, қынадай қырылып кетпей, ұрпағын аман сақтап қалуына жетісулық газет көп көмектесті.
Газет басылымының нөмерлерінде ақтар мен қызылдардың соғысы туралы мәліметтер жарияланып отырған болатын.Газеттің бір нөмерінде-біздерге азамат соғысында атақты «Черкасск қорғанысына» қатысушылардың ерлік істері аян. Солтүстік майданның бөлімдері Лепсі уезінен оңтүстік жаққа қарай аттанып кеткен кезде бірқатар селолар мен ауылдардың еңбекшілері қорғаныс ауданын құрды. Сөйтіп, жауынгерлерінің саны 5 мыңға жеткен «Черкасск қорғанысына» қатысушылар бір жылдан аса-1918 жылдың тамыз айынан 1919 жылдың 14 қазанына дейінгі уақыттың ішінде күші мен сан жағынан көп басым атаман Анненковтың ақ гвардияшыларының шабылуына төтеп береді- деп жазылған. «Мұхбір» газетінде черкасшылардың осындай ерлік істері жайында хабарлар жиі басылып тұрды. Сөйтіп, «Жетісу ісші халық мұхбірі» және кейін осы басылымның орнына дербес қазақ газеті атанып шыққан «Көмек» те Қазақстанда, оның ішінде Жетісу өңірінде болып жатқан азамат соғысының барысы жайында егжей-тегжейлі жазып, оқырмандарын хабардар етіп отырған. Енді газеттің жайына қайтып келетін болсақ, онда С. Шәкіржановтың айтуынша, бастапқы кезеңде газеттің тілі татар тіліне ұқсастау еді. Өйткені, редколлегияда қазақ болмаған. Кейін әріп теруші мен редколлегияның екі мүшесі қазақ болды. Ақыры газет таза қазақ тілінде шыға бастады.
Бұл газет жетісудағы қазақ халқына сонымен бірге ұйғыр, дүнген, татар, өзбек еңбекшілеріне, кеңес өкіметінің мәні мен маңызын насихаттап, оларды жаңа өмір құру жолындағы күреске шақырды. Сөйтіп, Жетісудағы тұңғыш қазақ газеті «Мұхбірдің» 41-нөмірі шығып, тоқтатылды. Себебі, Жетісу облыстық ұлт істері бөлімі 1918 жылы 3-желтоқсанда «Мұхбірдің» орнына дербес қазақ газеті шығарылып, оның аты «Көмек» деп аталсын, газет аптасына екі рет шығатын болсын, ал газеттің алғашқы нөмірі 1500 дана болып басылып, халыққа тегін таралсын» деген қаулы қабылданды.

Қорытындылай келе,Жетісу газеті басылымының тарихында газетті сақтап қалуы үшін,яғни осы біздің күнге дейін жеткізу үшін,басылымның жиі атын ауыстырып отырғанын байқауға болады.Сонымен басылымның тарихы жолы осылай басталғанын түсініпте,білмекте қажет.

Соңғы жаңарту: 15 сәуір 2026, 23:48

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ынтықбаев Рақым Рахманберліұлы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

"Қазақ үні" газеті

Материалда «Қазақ үні» газетінің тарихы, атауының өзгеруі, саяси бағыты және Алаш идеологиясы мен ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөлі баяндалады.

Ынтықбаев Рақым Рахманберліұлы 73 оқылым 2 мин
Жаңалықтар

2022 жылғы ҰБТ және ауыл квотасы

2022 жылғы ҰБТ нәтижелері, бейіндік пәндер бойынша орташа ұпайлар мен шекті балдар туралы мәлімет. Сондай-ақ ауыл квотасының грант конкурсында қолданылу тәртібі берілген.

Ынтықбаев Рақым Рахманберліұлы 49 оқылым 1 мин
Қазақстан тарихы

"Қазақ хандығының құрылуы"

Қазақ хандығының 1465 жылы құрылуына түрткі болған тарихи себептер, хандықтың орны және алғашқы хандары Керей мен Жәнібек туралы қысқаша дерек.

Ынтықбаев Рақым Рахманберліұлы 193 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның көз қарасы

Тұран Университтеті Журналистикалық факульттет тележурналист Мүмкіндігі шектеулі адамдар – қоғамның ажырамас бөлігі екені анық. Олар да өзге адамдар сияқты білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, қоғамдық өмірге…

Елубаева Жанерке Жамбылқызы 61 оқылым 3 мин
Университет

Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде ЖИ арқылы білім беру

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, 4-курс Аңдатпа Мақалада Қытай, Сингапур және АҚШ бастауыш мектептерінде жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бағыттары мен…

Сайлаубекова Ақерке Жандосқызы 49 оқылым 21 мин
Университет

Ми неге жалқауланады? Оның түпкі себебі неде?

Мақалада жалқаулықтың артындағы ми процестері, энергияны үнемдеу әдеті, префронтальды қыртыс пен дофаминнің мотивацияға ықпалы баяндалады.

Текесбаева Диана Жанболатқызы 53 оқылым 4 мин