Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы

Автор

Amina Turkashova
2 мин оқу 41 оқылым

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика факультеті, 1-курс студенті

Туркаш Амина 

Серке газеті - 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз. Деректерге сүйенсек, газеттің жабылуына ақын-журналист Міржақып Дулатұлының “Жастарға” өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” атты мақаласы себеп болды.

“Жастарға” өлеңі- қараңғы күнде жол бастар көшбасшы шығарып, бұл қараңғылықтан құтылу мақсатында жазылған. Яғни, бұл өлеңнің “Серке” газетіне шығуы бекер емес, себебі “қазақ ұғымында жайылымдағы малды бастайтын түлік-Серке” болған. Міржақып Дулатұлы көштің басын жастар бастап,қазақ халқына ояныңдар,көздеріңді ашыңдар, біз білімді-зиялы қауым болуымыз керек деген идеясын қағазға түсірген. Себебі патша үкіметі қазақтардың білім алып, сауат ашқанын қаламады. Оларға тек қазақтардың мал бағып,көшіп-қонып жүре бергендері жақсы еді.

Ал “Біздің мақсатымыз” мақаласында Ресейдің отарлау саясаты тым шеттен шыққаны сонша,Міржақып Дулатұлы қазақ елін қорлатқызып қарап отырмай, патша үкіметіне ашық түрде қарсы шығуы ол кездері Шерхан Мұртаза айтпақшы «Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.»деген екен. Халықтың жан айқайын, сол кездері баспасөз арқылы жеткізу, халық үшін өте керек еді.

Мақалада патша үкіметінің отарлау саясатына қатысты барлық бүлік қозғалған. Дәлірек айтсақ, сол жылдардағы чиновниктер,басшылықтардың қазақтардың жерін тартып алып, тайраңдап, емін-еркін өмір сүрулері ыза әкелмей не әкелсін. Ал, қарапайым қазақ не ішерге ас таппай,не жатарға жерлері жоқ өз күндерін көре алмай жүргендігін ақын ауырда болса жеткізгісі келді. Бірақ, олар жерді тартып алып қана тоқтаған жоқ. Ауылдарды тонады,діни кітаптары бар адамдарды жазалады,молда істеріне араласты, жайылымдарды сатты, қазақтың зиялы қауымы өлім жазасына кесіліп жатқандығымен "Бұл соттардың шешімдері бойынша жанымен, тәнімен туған халқына берілген азаматтар асылып, атылып кетті. Қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміз шалғай жерлерде жүр, немесе түрмелерде отыр..." деген сөздерімен аяқтайды.

Шындығында, бұл мақала үлкен тәуекелмен жазылған. Міржақыптай халқы үшін батылдық пен намысқа толы мақала жаза алатын тұлға, енді қайтып туылмайтындығы һәм белгілі. Өзінің артынан үлкен жол салып, публицистикалық қайталанбас әдеби мұра қалдырды.

Бүгінгі таңда, бір қуантарлығы шындықты ашық жазатын журналистер саны көбейді. Оған біздің Абай,Ахмет,Міржақыптың мақалалары,өлеңдері түрткі бола білді деп ойлаймын.


Пайдаланған әдебиеттер:                          1. Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Ф.Оразаев. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 ж.ж.). –Алматы: Білім, 2010. – 308 бет                                             2. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.-358 бет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Amina Turkashova

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин