Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысатын өндірушілер назарына

Алия
2 мин оқу 29 оқылым

 Отандық құрылыс материалдары, жабдықтар мен жиһаз өнімдерін өндірушілер «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына қатысу үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерекқорына және ҚазҚСҒЗИ сметалық бағалар жинағына қосылуы қажет.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық-нормативтік базаны өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны (бұдан әрі – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы) іске асыру бойынша ағымдағы жұмыстар шеңберінде 2024 жылы 208 мектеп салу жоспарланған. 182 жайлы мектеп бойынша мердігерлермен (консорциум жетекшілерімен) EPC-келісімшарттарға қол қойылды. Жалпы жоба аясында Алматы қаласында 22 мектеп салынады. Алматы қаласы бойынша негізгі мердігер компаниялар – ТОО «Bazis Construction» және ТОО «BI Urban Construction».

Бұл ретте, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде бас мердігерлерге құрылыс материалдары, жиһаз бен жабдықтарды жеткізетін компанияларды таңдау мүмкіндігі берілді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолданыстағы шарттарына сәйкес: мектептерді жобалау процесінде Қазақстанда жасалған құрылыс материалдары, бұйымдар, конструкциялар мен жабдықтарды таңдау кезінде жобалаушылар мына дерек көздерін басшылыққа алуы қажет:

  • Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқоры. Бұл дерекқор ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен (бұдан әрі – ҚР ИИДМ дерекқоры) бекітілген;
  • Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық-нормативтік база.

Жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысуға мүдделі кәсіпкерлер өндірілетін жиһаз өнімдері, құрылыс материалдары мен жабдықтардың бағасын қосу керек немесе ҚазҚСҒЗИ сметалық баға жинақтарының жобаларындағы ағымдағы бағаларды қайта тексеруі қажет.

Құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен инженерлік жабдықтарын Қазақстан Республикасының сметалық-нормативтік базасына енгізу үшін құжаттарды ұсыну тәртібі мына сілтеме бойынша көрсетілген.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ сметалық бағалар жинағына ақпарат беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, сондай-ақ қосымша сұрақтар болса, ҰКП өңдеу өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Арнұр Дарбаевқа хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 919329, 87015081358, a.darbayev@atameken.kz.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алия

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Модельдеу-мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және сөйлеу қабілетін қалыптастыру құралы ретінде.

Материалда мектепке дейінгі балалардың танымдық және сөйлеу қабілетін модельдеу арқылы дамыту жолдары, соның ішінде кластер әдісін қолдану тәжірибесі баяндалады.

Алия 2 мин 106 оқылым
Жалпы рубрика

«Казахтелеком» заключил офтейк-контракт с казахстанским производителем телекоммуникационного оборудования в Алматы

Қазақтелеком» Алматыдағы «ЭлтексАлатау» компаниясымен құны 1 миллиард теңгеден асатын офтейк-келісім жасады. Келісім сымсыз цифрлық приставкаларды сатып алуды көздейді.

Алия 4 мин 21 оқылым
Жалпы рубрика

Алматыда Орталық Азияның креативті индустриялары форумы өтті

Алматыда өткен «Creative Central Asia – 2023» форумында креатив индустрияны дамыту жолдары талқыланып, панельдік сессиялар, шеберлік сабақтары және цифрлық өнер көрмесі ұйымдастырылды.

Алия 3 мин 29 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым