Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Алматыда Орталық Азияның креативті индустриялары форумы өтті

Автор

Алия
3 мин оқу 29 оқылым

24-26 қараша аралығында Алматыда «Creative Central Asia – 2023» Орталық Азияның креатив индустриясының жыл сайынғы форумы өтті.

ССА-2023 диалог алаңы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Оңтүстік Кореядан 100 – ден астам сарапшы-спикер мен сала өкілдерін біріктірді. Форумға қатысушылар Орталық Азия өңіріндегі креатив индустрияны дамытудың негізгі үрдістері мен перспективалық жолдарын талқылады.

Талқылаудың негізгі бағыттары кино, музыка, білім беру, fashion-индустрия және IT-сектор салалары болды. Форум аясында мына тақырыптар бойынша бірқатар панельдік сессия өтті: «Креатив индустрия жастарға арналған әлеуметтік лифт ретінде», «Жайлы қалалық орта және креатив ландшафты дамыту», «Әйелдер креатив кәсіпкерлігі», «Қазіргі әлемдегі аудиконтент» және т. б.

Форумның панельдік сессиясының спикері, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Нариман Ибрагимов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында креатив индустрия – экономика мен жұмыспен қамту өсуінің тағы бір нүктесі деп атап өткенін еске салды.

«Алматы қаласы үшін бұл бағыт аса маңызды. Жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қоғамдастықпен бірге біз осы саланың ауқымды дамуы үшін барлық жағдай жасауға тырысамыз. Бұл бағытта «Атамекен» Алматы кәсіпкерлер палатасы жанынан инновациялар мен креатив индустрияны дамыту жөніндегі кеңес жұмыс істейді, онда ала өкілдері бағыттың түйткілді мәселелерін көтереді», – деді Нариман Ибрагимов.

Форум күндері көптеген тақырыптық дәріс, шеберлік сабақтар, public talk, қолданбалы өнер жәрмеңкесі өтті. Lumiere hall мультимедиялық мұражайының танымал Алматы кураторларының қолдауымен және қатысуымен қазақстандық және халықаралық цифрлық суретшілердің инновациялық және эксперименттік жұмыстарын таныстыратын көрме-инсталляция ұйымдастырылды. Көрмеде AI-ART, Digital Fashion, Media Art бағыттарындағы авторлардың жұмыстары ұсынылды.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев Алматының креатив индустрия орталықтарының бірі екенін атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – креатив кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау, қаржылай шаралар. Бұрын бізде креатив индустрияны дамытумен айналысатын алғашқы ұйым құрылды. Осы ұйым шеңберінде барлық қажетті қолдау шаралары көрсетіледі. Шын мәнінде, өсудің негізгі тежегіштері инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы болып отыр. Қазір кәсіпкерлерге не қажет? Қаржылай шаралар қажет, олар өз идеясын қорыта алатындай кеңістіктер қажет. Өткен жылы біз бекіткен Алматы қаласын дамыту бағдарламасына біз барлық қажетті шараны енгіздік», – деді Берік Солтанбаев.

Спикердің айтуынша, жақын арада қалада кеңістіктердің бірі іске қосылады, ол Марков көшесінде орналасады. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Сондай-ақ, біз қаланы дамыту бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге гранттық қолдау көрсетеміз. Халықаралық форумдарға, көрмелерге қатысқан кезде креатив кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігін өтейміз. Осы шаралардың барлығын біз өңірлік бағдарламаларымызға енгізіп жатырмыз. Бізде Алматының «Бизнес-2025» даму бағдарламасы бар, онда бізде қаржылай емес және қаржылай қолдаудың барлық құралы жазылған. Жыл соңына дейін барлық түзетулерді қалалық мәслихат деңгейінде енгізуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылдан бастап осы шараларға жергілікті бюджеттен ақша бөлінетін болады», – деді Берік Солтанбаев.

Іс-шара барысында БҰҰДБ-ның жастар және креативті индустриялардың шағын орта бизнес өкілдерімен сараптамалық талқылауы өтеді.  Форумның маңызды оқиғасы қазақстандық дизайнердің fashion musical "Luna Sezim" болады.

ССА-2023 форумының негізгі мақсаты-креативті индустриялардың инфрақұрылымын дамыту, креативті кәсіпкерлік идеяларын насихаттау, халықаралық инвестицияларды тарту. Форум Алматы қаласының брендін ілгерілетуге, шығармашылық мамандарды қолдауға және инновациялық және шығармашылық секторларда жаңа өнімдер жасау үшін бейінаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге арналған.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алия

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Модельдеу-мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және сөйлеу қабілетін қалыптастыру құралы ретінде.

Материалда мектепке дейінгі балалардың танымдық және сөйлеу қабілетін модельдеу арқылы дамыту жолдары, соның ішінде кластер әдісін қолдану тәжірибесі баяндалады.

Алия 106 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

«Казахтелеком» заключил офтейк-контракт с казахстанским производителем телекоммуникационного оборудования в Алматы

Қазақтелеком» Алматыдағы «ЭлтексАлатау» компаниясымен құны 1 миллиард теңгеден асатын офтейк-келісім жасады. Келісім сымсыз цифрлық приставкаларды сатып алуды көздейді.

Алия 21 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Заманауи әдіс - тәсілдер

Материалда заманауи оқыту әдістері, оқушыларды топқа бөлу және LearningApps.org арқылы интерактивті жаттығулар құру жолдары қамтылған.

Алия 222 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин