Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Модельдеу-мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және сөйлеу қабілетін қалыптастыру құралы ретінде.

Автор

Алия
2 мин оқу 106 оқылым

Куралаева Алия Нуралдановна

Өскемен қаласы «Murager» балабақша-бөбекжайы» ЖШС, тәрбиеші

Мақсаты:Ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық деңгейде  қызмет атқара алатын ,дүниетанымы  жоғары, жан-жақты қалыптасқан  жеке  тұлға тәрбие леу.

Міндеттері:

1.Модельдеу  тәсілдерін  қолдану  арқылы баланың  тілін  дамытуда тиімді есте сақтау,оны  дұрыс жеткізе білу  дағдыларын  дамыту, сөздік  қорды  байыту. Дыбыс,сөз, буын, сөйлем  құрудың  жолдарын  меңгеру.

2.Баланың  бойындағы  білімділік,танымдық, шығармашылық  қасиеттерін  ашу,өзін  қоршаған  ортаны  танып білуді  дамыту.

3.Баланың  ой-қиялын  дамыту,жүйелі  ойлауға, өзін-өзі  тануға баулу.Қазіргі заманға  сай  жан-жақты,білімді, құзыретті  тұлға тәрбиелеу.

Болашақ ұрпақ   алатын іргетас өте маңызды және бұл негізді мектепке дейін жаста нығайтуға болады.Баланың ақыл-ойы таза және мейірімді.Біз оған кез келген әсер ете аламыз,бірақ негізгі мақсат- бұл ықпал баланың дамуына және әлем туралы дұрыс түсінік алуға көмектесу керек.       Балалардың дағдыларын, қабілеттерін және тілді дамытуда  модельдеудің маңызы өте  зор.Модельдеу- баланың санасындағы  әлемнің  жалпыланған бейнесін  алудың  негізгі  әдісі.Модельдеу- бұл  бала  ашушы  және  жасаушы болатын әрекет.Модельдеу арқылы  балалар  өзара әрекеттесу  ретінде  табиғ аттағы  себептерді, тәуелділіктерді, байланыстар мен  өзгерістерді  ашады.

Менің  тәжірибемде  кеңінен  қолданатын - тақырыптық-схемалық  модельдер, өйткені олардың  көмегімен  тақырып, құбылыс  және  түсініктер  дәлірек модельдендіреді, сурет, сызба  арқылы  балалар  кез келген  тақырыпты аша алады.Сол  модельдеу  тәсілдердің  бірі-кластер тәсілі.                                         Кластер  тәсілі   баланың  белсендігін, көрнекі –бейнелі ойлауды  арттырады. Кластер әдісі  бойынша  бір тақырыпқа байланысты  тұжырымдар, ойлар,мағ лұматтар  бір сызбаға  жинақталады. Бұл әдіс  баланың өз бетінше білім алуға, шығармашылығын  қалыптастыруда  ықпал етеді, ұжымда бірлесіп  жұ мыс жасауға  үйретеді, білімнің  тереңдігін  баяндайды.

. Мысалы, мен  кластер тәсілін «Ыдыс-аяқ» тақырыбымен байланыстырдым. Бұл  тақырыпты  мен К.Чуковскийдың «Федораның  қайғысы» ертегісімен  байланыстырдым.Кластер  сызба арқылы  балалар  ыдыстардың  түрлерімен, олардың  қолдануымен  және  неден  жасалатынымен  танысты.

«Үй  және жабайы  жануарлар»  тақырыбын  өткенде мына сызба-кластер  арқылы  балалар  жануарлардың  түрлерін,қайда мекендейтіні  және  немен қоректенетіні  туралы  білім  алады. Және  осы  кластерды  қолданып,ақпар атты қайта  айтып  бере алады. Мен өз жұмысымда  көрнекі  модельдеу(кластерді)  пайдалана  отырып, балаларға  ақпарат алуға,зерттеу  жүргізуге, салыстыру  жасауға,ақыл-ой әрекеттерінің,сөйлеу  мәнерінің  жоспарын  құруға, қорытынды жасауға үйретемін.Көрнекі  модельдеуді қолдану сөйлеу  процестерінің дамуына да әсерін тигізеді(зейін,есте  сақтау,ойлау).

Топта «Тіл дамыту бұрышы» бар.Мұнда тіл дамытуға арналған құралдар жиналған:тақырыптық  суреттер,көк және қызыл текшелер(дыбыстық талдау  жасауға арналған),қима әріптер,дидактикалық ойындар,ертегілер,жұмбақтар жинағы, жаңылтпаштар жинағы, санамақтар жинағы, мнемотехника жинағы бар.Балалардың тілін дамытуда тиімді әдәстердің бірі- мнемотехника әдісі. Мнемотехника-тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс-тәсілдер жүйесі.Мнемотехника әдісі балалардың сөзді материалды есте сақтауда өте тиімді.Балабақшада балалардың жас ерекшеліктеріне байланыс ты мнемотехника әдісі балаларда қызығушылық туғызады.

Мен өз тәжірибемде мнемотехника арқылы «Сөйлейтін суреттер», «Ертегі ні жалғастыр», «Ары қарай айтып бер» деген  тапсырмалар ойын түрінде оры ндаймыз.Және мнемотехника көмегімен тақырыптық әңгімелер құраймыз, та қпақ ,логоритмикалық өлеңдер жаттаймыз.

Сонымен, қорытындылап айтқанда,модельдеу тісілі (кластер-сызбалар, схе малар,сызбалар,әртүрлі кестелер, мнемотехника)  баланың есте сақтау процес ін дамытады,қабылдау, көру  қабілеттері де дамиды.Және осы сызбаларды қолданып,бала түсіндірген материалды  қайта айтып бере алады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алия

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Казахтелеком» заключил офтейк-контракт с казахстанским производителем телекоммуникационного оборудования в Алматы

Қазақтелеком» Алматыдағы «ЭлтексАлатау» компаниясымен құны 1 миллиард теңгеден асатын офтейк-келісім жасады. Келісім сымсыз цифрлық приставкаларды сатып алуды көздейді.

Алия 21 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Алматыда Орталық Азияның креативті индустриялары форумы өтті

Алматыда өткен «Creative Central Asia – 2023» форумында креатив индустрияны дамыту жолдары талқыланып, панельдік сессиялар, шеберлік сабақтары және цифрлық өнер көрмесі ұйымдастырылды.

Алия 29 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Заманауи әдіс - тәсілдер

Материалда заманауи оқыту әдістері, оқушыларды топқа бөлу және LearningApps.org арқылы интерактивті жаттығулар құру жолдары қамтылған.

Алия 222 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 204 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 14 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 93 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин