Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

1 мин оқу 21 оқылым

Серік Әлия Біржанқызы

Тіл - кешегі мен бүгінгіні жалғаған, ертеңге сыйлар үміті бар, ұлттық құндылығымыздың бұлтартпас айғағы, егеменді еліміздің рухани азығы. Қай ұлтта, қай мемлекетте болмасын тіл құдіретінің алар орны мен берер тәлімі тым бөлек.
Рухымызды асқақтатып, ұлтжандылығымызды айшықтайтын қасиетті тілімізге де айрықша құрмет көрсетілуі тиіс. Менің ойымша, тілге көрсетілетін құрмет - тіл байлығы мен тіл тазалығы. Тіл байлығы ұлттық болмысымыздың кескін-келбеті болса, тіл тазалығы сол келбетті барынша ажарландырып, айқындай түседі.
Басты тақырыпқа үңілер болсақ, тілдің айналасында сөз қозғалғаннан кейін "үштұғырлы тілдің" көшбасында тұрары тайға таңба басқандай белгілі.
Үштұғырлы тіл саясатының негізгі идеясы мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз деген ұғымға негізделген. Заман талабына сәйкес, бұл тұғырлы үш тіл адам жан дүниесінің рухани қазынасын толықтырып тұрады. Бұл саясаттың басты мәні де сол. Сондай-ақ біз бұл тіл жағдайында нағыз бәсекеге қабілетті ұлт, көшбасшы мемлекет ретінде қалыптаса аламыз. Себебі бірнеше тілде емін-еркін сөйлеп, жаза алу бәсекеге қабілетті тұлғаға айналдырады.
Тұңғыш Елбасымыздың пайымдауынша, қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Бұл үш тілдің маңыздылығын ұғыну арқылы көрнекті келешекке нық әрі сенімді қадам жасай аламыз!

Авторы
Серік Әлия Біржанқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Зұлмат:Қазақ даласындағы аштық жылдарға шолу

1931-1933жылдар еліміз үшін жұт әкелген, қайғы-қасіретке толы, сан жылатқан сұм жыл. Халқымды қансыратып, жұртымды жайлаған бұл аштық тарихымызда жан түршігерлік елеулі оқиға болып қалды. Сталиндік азғындаудың салдарынан…

Серік Әлия Біржанқызы 1 мин 36 оқылым
Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ үшін әлемдік дара тұлға

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ үшін киелі де қасиетті есім. Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы, ұлтының ұлы тұлғасы, алаш ардақтысы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының есімі қашан да өшпес жарық боп, жанып тұрар жалын…

Серік Әлия Біржанқызы 2 мин 45 оқылым
Жалпы рубрика

Ұлылар әлемі

Мәтінде Абайдың ел қамын жегені, білім мен ғылымға үндегені және жастарға қатысты ойлары сөз болады. Ақын мұрасы ұлттың рухани қазынасы ретінде бағаланады.

Серік Әлия Біржанқызы 2 мин 80 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 230 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 150 оқылым