Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлылар әлемі

Автор

Серік Әлия Біржанқызы
2 мин оқу 80 оқылым

"Ұлылар әлемі"
Қазақ әдебиетінде шоқтығы биік, дара тұлға, өз орнын ойып тұрып алатын ұлы ақын - Абай Құнанбаевтың ерекше адами болмысы барлығына мәлім. Қазақ халқының сол кездегі бет-бейнесін һәм қазақы қалпын ащы шындыққа негіздей отырып, өз шығармаларына арқау ете білді. Осы шығармалары Абайды жете танытып, оның қазақ әдебиетіндегі өзіндік орнын қалыптастыра білді.
Абай шығармашылығы тұнып тұрған сыншыл реализм. Тіпті жай сөзбен айта салудың өзі үлкен олқылық пен немқұрайлылықтың белгісі. Яғни Абай шығармалары еріккеннің ермегі, сандалғанның сандырағы емес. Бұл шындыққа жетелеп, көзіңді ашатын шексіз шетсіз әлем. Нақтырақ айтсақ, қара халқының қамын жеп, қараңғы қаумалаған, тас түнектен шығаруға, оларға жарық әлем сыйлауға,надандықтан бас көтеруге, білім-ғылым ізденуге бағыттады. Бұл дегеніміз бүтін бір ел азаматының халқына, ұлтына деген жанашырлығы һәм адамдығы мен адалдығы.
Абайды ұлы деп ұлықтаудың өзі бекер емес. Қазақтың ұлттық құндылығын дәріптеп, "қазақ" деген ұғымды сақтап қалуға әрекет жасаған адам "ұлы" демей немене?! Мән беріп қарайтын болсақ, бұл айтып жатқан нәрселердің бәрі Абай шығармаларының түп тамыры, ауқымды тақырыбы мен өзекті идеясы. Яғни сол арқылы елдің жоғын жоқтап, мұң-мұқтажын ашық түрде жеткізе білген.
Ұлы ақын өлеңдерінің тақырыбы жастар тақырыбын да сырт айналып өтпейді. Жастар ойымен алып қарағанда бұл дүниеден де пәрменді ой түюге болады. Жастардың заман көшіне ілесемін деп, өзге нәрселерге еліктеуі соның салдарынан білім жолынан тыс қалып қалуы жайында баяндалады. Бұл ойшыл ақынымыздың жастар жағына сыни көзқараспен қарағаны болса керек.
Абай бойындағы адамгершілік пен рухани келбет ұлы ақынның кемеңгер көсемдігін көрсетеді. Бұл тек Абайға тән биік болмыс пен ерекше қасиет. Сол бір болмысты өскелең ұрпаққа ұғындыру алда тұрған басты міндеттердің бірі іспеттес. Абай шығармаларын санасына құйып, рухани азық қыла білген ұрпақтардың көбеюі, әспетте ұлттың гүлденуі мен дамуына әкеледі. Егер біз бүгінгі күні сол дүниені іске асырар болсақ, сол заматтағы Абайдың елі үшін жасаған әрекеттерінің зая кетпегенін дәлелдер едік.
Абай шығармалары - сарқылмас қазына, өшпес жалын. Ал сол жалынды өшіріп алмау біздің қолымызда!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Серік Әлия Біржанқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Үштұғырлы тіл - көрнекті келешек

Тіл - кешегі мен бүгінгіні жалғаған, ертеңге сыйлар үміті бар, ұлттық құндылығымыздың бұлтартпас айғағы, егеменді еліміздің рухани азығы. Қай ұлтта, қай мемлекетте болмасын тіл құдіретінің алар орны мен берер тәлімі…

Серік Әлия Біржанқызы 21 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Зұлмат:Қазақ даласындағы аштық жылдарға шолу

1931-1933жылдар еліміз үшін жұт әкелген, қайғы-қасіретке толы, сан жылатқан сұм жыл. Халқымды қансыратып, жұртымды жайлаған бұл аштық тарихымызда жан түршігерлік елеулі оқиға болып қалды. Сталиндік азғындаудың салдарынан…

Серік Әлия Біржанқызы 36 оқылым 1 мин
Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ үшін әлемдік дара тұлға

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ үшін киелі де қасиетті есім. Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы, ұлтының ұлы тұлғасы, алаш ардақтысы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының есімі қашан да өшпес жарық боп, жанып тұрар жалын…

Серік Әлия Біржанқызы 45 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 137 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 45 оқылым 2 мин