Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ үшін әлемдік дара тұлға

Автор

Серік Әлия Біржанқызы
2 мин оқу 45 оқылым

Серік Әлия Біржанқызы

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ үшін киелі де қасиетті есім. Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы, ұлтының ұлы тұлғасы, алаш ардақтысы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының есімі қашан да өшпес жарық боп, жанып тұрар жалын от. Халқының жанайқайын, іштегі ащы зарын, мұң-мұқтажын жеткізе білген, жұртын қараңғылықтан, надандықтан сақтап, жарқын болашаққа бастаған ұлы тұлғаны өз сөзіме арқау етіп отырмын.
Қара халқының сауатын ашу жолында ешқандай кедергіге қарамастан, саясатқа араласып, басын тәуекелге тіккен. Ұлтының санасында "қазақ" деген қасиетті ұғымды қалыптастырып, "білім" деген үлкен сапарға жол ашып берген қазақтың бірі де бірегейі. Ұлт санасын оятуды көздеп, халықты білім-ғылымға үндеп, өркениетті елдердің қатарына қосуды мақсат еткен Ахмет Байтұрсынұлы өзінің көшбасшылық көсемдігін танытып, отаршылдықпен күресу аясында "Алаш" партиясының негізін қалауда өзіндік үлесін қосқан. Өзінің қысқа ғана ғұмырында күрес пен азапқа толы өзгеше өмір сүрді. "Алаш" партиясының бағдарламасын әзірлеп, қазақ тілінің қалыптасуы мен араб жазуын реформалау үшін көп тер төкті. Яғни Қазақстанда болған инновациялық педагогикалық идеялардың дамуы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тікелей байланысты.
Қазақы қалыпты сақтап, жазған шығармаларының өзі бір төбе. Тек қазақ әдебиетімен ғана шектелмей, орыс әдебиетіне де араласып, ерекше көзге түсті. Соның ішінде "Маса" атты өлеңін тілге тиек еткім келіп отыр. Бұл өлеңнің басты мазмұны ызыңдаған масаның дауысымен қара халықты надандықтан бас көтеріп, қараңғы қаумалаған тас түнектен шығарып, жарық та жарқын әлемге бастау, білім жолына үндеу болып табылады.
Ауқымды мәселелерді өлеңіне арқау етіп,халықтың қайғы-қасіретін, мұң-мұқтажын баспасөз беттерінде де көрсете білді. Айта кететін тағы бір факт осыған дейін қарастырылған барлық мәселелер мен көтерілген басты проблемалар күні бүгінге дейін өзінің рухани құндылығы мен өзектілігін еш жоғалтқан емес және жоғалтпайды да.
Ахмет Байтұрсынұлы - сол бір кездегі жастардың тірі рухы. "Қазақ жастары қалайда  білім алып, сауатын ашуы қажет" деген ұстанымына берік болды. Сол ұстанымының шырқау шегіне жеткенше барлығын істеуге даяр болды. Тіпті жазықсыздан жазықсыз атылып кетуге де. Бұл мақсатқа жету құдды бір оның өлшеулі өмірінің өшпес жарығына айналғандай және ол тоқтап қалған жоқ. Түбінде діттеген мақсатына жетті. Бұл тек Ахметке тән асыл қасиет пен ерекше адами болмыс.
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ үшін әлемдік деңгейдегі ұлт ұстазы. Қазақ өмірінде саяси бетбұрысты кезең жасап, қазақ әлеуетін өзгерткен ірі тұлға. Ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіштің ашылуында тұңғыш Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өзі оны "Ұлт ұстазы" деп танып, осындай зор еңбекпен келген, киелі атақты берген болатын. Қазақтың әділдікке қол жеткізуі үшін ұлт жолында өзін құрбан етіп, өзін де, елін де әлемдік деңгейде дәлелдеп кетті. Ұлтының тағдыры үшін еш аянбаған ұлы тұлғаның есімін дәріптеуге біз де еш аянбауымыз қажет.
Ахмет есімі мәңгі есте!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Серік Әлия Біржанқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Үштұғырлы тіл - көрнекті келешек

Тіл - кешегі мен бүгінгіні жалғаған, ертеңге сыйлар үміті бар, ұлттық құндылығымыздың бұлтартпас айғағы, егеменді еліміздің рухани азығы. Қай ұлтта, қай мемлекетте болмасын тіл құдіретінің алар орны мен берер тәлімі…

Серік Әлия Біржанқызы 21 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Зұлмат:Қазақ даласындағы аштық жылдарға шолу

1931-1933жылдар еліміз үшін жұт әкелген, қайғы-қасіретке толы, сан жылатқан сұм жыл. Халқымды қансыратып, жұртымды жайлаған бұл аштық тарихымызда жан түршігерлік елеулі оқиға болып қалды. Сталиндік азғындаудың салдарынан…

Серік Әлия Біржанқызы 36 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Ұлылар әлемі

Мәтінде Абайдың ел қамын жегені, білім мен ғылымға үндегені және жастарға қатысты ойлары сөз болады. Ақын мұрасы ұлттың рухани қазынасы ретінде бағаланады.

Серік Әлия Біржанқызы 80 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахметтің мұрасы мәңгілік жадымызда...

Мәтінде Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық мұрасы, «Қырық мысал» жинағы және қазақ әліпбиін дамытуға қосқан үлесі баяндалады.

Арапова Гүлнұр 38 оқылым 2 мин
Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы -ұлт ұстазы

Мәтінде Ахмет Байтұрсынұлының ұлт ұстазы ретіндегі еңбегі, ағартушылық және қоғамдық қызметі, қазақ әліпбиі мен «Қазақ» газетіне қосқан үлесі баяндалады.

Абахан Нұрзия 78 оқылым 1 мин
Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры

Материалда Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, ағартушылық қызметі, шығармалары және қазақ халқының білім алып, рухани дамуына қосқан үлесі баяндалады.

Сәкен Сейфуллин 181 оқылым 3 мин
Ахмет Байтұрсынұлы

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АУДАРМАШЫ, ҒАЛЫМ

Ахмет Байтұрсынұлының ақын, аудармашы, ғалым және қоғам қайраткері ретіндегі еңбектері баяндалады. Материалда «Қырық мысал» жинағы мен ғалымның қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі сөз болады.

мақала 119 оқылым 4 мин