Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Түркістан уәлаяты газеті

Автор

Алибек Таңнұр
2 мин оқу 110 оқылым

Қазақ баспасөзінің тұңғыш газеті “Түркістан уәлаяты газеті” екендігі баршаға белгілі. Бұл газет Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкен қаласында 1870 жылдан бастап “Туркестанские ведмости” газетіне қосымша қазақ және өзбек тілді газет болып шығарыла бастады. Алайда газеттің редакторы башқұрт ұлтынан болды. Бірақ өзге ұлттан болсада қазақтың намысын қорғап жүрген Шахмардан Мирасұлы болды. “Түркістан уәлаяты газеті” Ресей патша өкіметінің жарлығымен шыққан газет болсада қазақ халқының сауатын ашып, болып жатқан өзекті мәселермен бөлісіп отырды. Негізінен газет екі басты бөлімнен тұрды. Біріншісі ресим бөлім, яғин мұнда патша өкіметінің бұйрық-жарлықтары, маңызды мәселелер жазылып отырды. Ал екіншісі ресим емес бөлім, аты айтып тұрғандай билікке қатты қатысы жоқ егін, жер, малшаруашылықтары туралы жазып отырды. Бұл бөлімдерден басқа ақын, жазушылар және де мәдениет, әдебиет, тарих, этнография, білім, оқу тағы басқа материалдар мен ауыз әдебиеті үлгілеріде жазылып жарияланып тұрды. “Түркістан уәлаяты газеті” құрылуы қазақ халқының саяси, шаруашылық және мәдени өміріндегі елеулі орын алған мерзімді баспасөз болды. Яғин бұл газет болашаққа жол салды. Мәселен бұл газет Ресейдің патшалық газеті болып қазақ халқына орыс тілін ұстану және мойындату мақсатында саясатын ұстан отырып, қазақ елінің шындығын көрсетіп алды. Бұл дегеніміз қазақ ұлтын таныту жаймен болсада жүргізілді. Айтар болсақ халқымызды уақытылы жаңалықтармен хабардар етіп, қара халқтың сауатын ашып, қоғам өмірімен байланыстырып ішкі және сыртқы жағдайларынан хабардар етіп отырды. Әр ресим бөлімінде маңызды ақпараттар беріп отырды. Мысалы “Түркістан уәлаяты газетінің” 1870 жылғы 4-нөмерінде Түркістан өлкесінде алғаш рет ашылған почта-телеграф қатынасы туралы баяндаған. Ал 1871 жылғы 14-нөмерінде Алматы қаласында ағаш тілетін зауыттын ашылғандығын хабарлаған және де Ташкент, Орал қалаларының экономикалық, түрлі мазмұндағы материалдарын жариялап тұрды. Осылай ресми түрдегі жаңалықтарды жазып отырды. Ал ресми емес жаңалықтарда тек отырықшылық, егіншілік және малшаруашылығына қаттысты ақпараттар шығарлды. Бұлардан бөлек тағы ғылым жетістіктерін, жастарды оқуға шақырулар туралы жазбалар және қоғамда болып жатқан жайттар туралы баяндап отырды. Мысалы қоғамда болып жатқан жайт балалардың молдалардан дәріс алуы. Бірақта бұлай оқытудың нәтижесі жоқтығы және балалардың оқыту кезінде көретін қиыншылықтарынада тоқталып кеткен. Тағы бір мәселе әйел адамының құқығы туралы да ашық айтылып қозғалған. Мәселен қыз баласының 16 жасына жетпей ерте тұрмыс құруы немесе айттырып қоюы өз құқығының жоқтығы міне осының барлығы халықтты бір хабардар етіп өз жасап отқан істерінен тыйылдыру мақсатында да жүзеге асырылды. Газетте керемет эпостарда жазылып отырды. Олар: “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”  ,  “Алпамыс”  ,  “Қобыланды” тағы басқа әдеби жанрлар көрініс тапты. Басқада басылымдарында билікті, парақорлықты әжуа етіп астарлы сөздермен жазып тұрған. Сондай-ақ газетте Досанбай, Майлықожа тәрізді атақты ақындардың айтыстары мен өлеңдері және басқа туындылары жарияланып тұрған. “Түркістан уәлаяты газетінде” тіл мәселелеріде көтеріліп талқылыанған.

Бұл “Түркістан уәлаяты газетінің” жұртымызға тигізген пайдасы мол осы арқылы халқымыздың көзі ашылып, саяси дүниелерден хабардар бодып билік мәселелерінің жартысын біліп отырған.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алибек Таңнұр

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Ара» журналы

“Ара” журналы 1952 жылдардан бастап кеңестік уақытта сатира қайтадан жаңара түсті. Бұл жанрдағы газет, журналдардың бізге керек екенін түсіндік. Бұған себеп “Крокодил” журналының 1951 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысында осы…

Алибек Таңнұр 102 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

«Қазақстан» газеті және Елеусін Бұйрин

Алимжанқызы Әр газеттің өзіндік бір ерекше белгісе және өзіндік бір мақсаты болады. Ал бұл «Қазақстан» газетініңде сол замандағы өз ерекшелігімен қатар маңыздылығы да болған. Барша қазақтың басын қосып «Қазақстан»…

Алибек Таңнұр 91 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Түркістан уәлаяты газеті

Мәтінде 1870 жылдан Ташкентте жарық көрген «Түркістан уәлаяты газетінің» бөлімдері, қоғамдық тақырыптарды көтеруі және қазақ баспасөзіндегі орны сипатталады.

Алибек Таңнұр 30 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин