Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ара» журналы

Автор

Алибек Таңнұр
2 мин оқу 102 оқылым

Алибек Таңнұр.

“Ара” журналы

1952 жылдардан бастап кеңестік уақытта сатира қайтадан жаңара түсті. Бұл жанрдағы газет, журналдардың бізге керек екенін түсіндік. Бұған себеп “Крокодил” журналының 1951 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысында осы кезеңге дейін сатираға терс көзқарасты қайта құрауға түрткі болған. Бұл жерде сатираның төмен екендігі, оны қайтадан қолға алу керек екендігі туралы баяндалынған.

Осылайша сьездерде айтылып “сатира бізге керек, болып жатқан дүниелерді сатираменде жазып шығаруға болады. Өмірдегі барлық тоқтаған, тозған, өліп-өшкен нәрселерді сатирамен жазу арқылы қайтадан жандыра аламыз” Осы айтылған мәселелер ХХ сьезде тағы қозғалып, ендігіде сатираға мүмкіндік берілді. Бұл жаңа бетбұрыс сатира саласының өрлеуі болды. Осылай сатерниктер  өз ойларын кеңінен жазып, болып жатқан нәрселерді сатирамен араластырып жаза бастады. Себебі кең еркіндік берілді. Сатиралық баспасөз бұрынғыданда дами түсті. Осының нәтижесінде Қазақстанда да 1956 жылдан бастап саяси-сатиралық «Ара» журналы екі тілде (қазақша-орысша) шыға бастады. Бас редакторлығына жауапты жазушы Ғ. Мүсірепов, ал орынбасарлығына Д. Снегин тағайындалған еді.  «Ара» журналының шығудағы басты міндетттері сол замандағы ұрлық, өтірік-өсек, зорлық, мансапқорлық, алыпсатарлық және қалың малсынды түрлі майда көзге көрінбейтін қалдықтармен күресу, бұларды сатиралық өткір тілмен баяндап, барлығын әшкерелеу болды. «Ара» журналының бірінші жарыққа шыққан сандарынан-ақ байқауға болатын, назар аудартаты дүниелердің баршылық екенін. Жариаланған суреттері, шарж және карикатурасы осының барлығы бірден көрермен көңілінен шыққандай. Мысалы Леонтьевтің “Осы жұрт мені текке жамандап жүр” деген суреттерінің барлығы ойдан шығарылып салынбаған,  оның барлығы өмірден алынып салынған дүниелер. Сондай-ақ осы «Ара» журналында қоғамда кездесіп отырған талай кемшіліктерді, халыққа тигізіп отырған ауыр мәселелердің барлығын. Сатирамен жазып халыққа жеңілінен түсіндіріп бетін ашып отырған. Ө. Қанахиннің “Сарышұнақтармен шайқасу” , Ш. Смаханұлының “Қылкөпір” т.б өлеңдер жариаланып тұрды. Журналдың шыға бастаған мерзімінен 45 жыл ішінде көптеген сатирашыларымыз тәрбиеленіп шықты. Осы “Ара” журналын зерттеген ғалым Т. Қожакеев:«Бұл журналдың шығуы қазақ әдебиетіндегі, баспасөздегі сатира саласын одан әрі дамытуға үлкен ықпалын жасады” деп айтқан болатын.

Осы журнал арқылы көпшіл қауым газет оқи бастады. Халық арасындағы сатираға жақын адамдардың әзілдік қасиеттерін жандандыруға көмектесті. Елдегі ауқымды ауыр мәселелерді халыққа жеңіл оңай тілмен түсіндіріп жеткізіп отырды.

Қорытындылай келе, сатира саласы, осы бағыттағы газет, журналдар ең керекті және сол замандағы құнды ұзақ өмір сүрген журналдардың бірі болды. Осы арқылы біраз дүниенің басы шешіліп, әшкереленді. Бұл бағыттың тигізген пайдасы молырақ болды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алибек Таңнұр

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Қазақстан» газеті және Елеусін Бұйрин

Алимжанқызы Әр газеттің өзіндік бір ерекше белгісе және өзіндік бір мақсаты болады. Ал бұл «Қазақстан» газетініңде сол замандағы өз ерекшелігімен қатар маңыздылығы да болған. Барша қазақтың басын қосып «Қазақстан»…

Алибек Таңнұр 91 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Түркістан уәлаяты газеті

Мәтінде 1870 жылдан Ташкентте жарық көрген «Түркістан уәлаяты газетінің» бөлімдері, қоғамдық тақырыптарды көтеруі және қазақ баспасөзіндегі орны сипатталады.

Алибек Таңнұр 30 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Түркістан уәлаяты газеті

Мәтінде «Түркістан уәлаяты газетінің» шығу тарихы, ресми және ресми емес бөлімдері, қазақ халқының мәдени әрі қоғамдық өміріндегі маңызы баяндалады.

Алибек Таңнұр 110 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин