Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

Алибек Таңнұр
2 мин оқу 30 оқылым

Автор: Алибек Таңнұр Алимжанқызы.

“Түркістан уәлаяты газеті”
Қазақ баспасөзінің тұңғыш газеті “Түркістан уәлаяты газеті” екендігі баршаға белгілі. Бұл газет Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкен қаласында 1870 жылдан бастап “Туркестанские ведмости” газетіне қосымша қазақ және өзбек тілді газет болып шығарыла бастады. Алайда газеттің редакторы башқұрт ұлтынан болды. Бірақ өзге ұлттан болсада қазақтың намысын қорғап жүрген Шахмардан Мирасұлы болды. “Түркістан уәлаяты газеті” Ресей патша өкіметінің жарлығымен шыққан газет болсада қазақ халқының сауатын ашып, болып жатқан өзекті мәселермен бөлісіп отырды. Негізінен газет екі басты бөлімнен тұрды. Біріншісі ресим бөлім, яғин мұнда патша өкіметінің бұйрық-жарлықтары, маңызды мәселелер жазылып отырды. Ал екіншісі ресим емес бөлім, аты айтып тұрғандай билікке қатты қатысы жоқ егін, жер, малшаруашылықтары туралы жазып отырды. Бұл бөлімдерден басқа ақын, жазушылар және де мәдениет, әдебиет, тарих, этнография, білім, оқу тағы басқа материалдар мен ауыз әдебиеті үлгілеріде жазылып жарияланып тұрды. “Түркістан уәлаяты газеті” құрылуы қазақ халқының саяси, шаруашылық және мәдени өміріндегі елеулі орын алған мерзімді баспасөз болды. Яғин бұл газет болашаққа жол салды. Мәселен бұл газет Ресейдің патшалық газеті болып қазақ халқына орыс тілін ұстану және мойындату мақсатында саясатын ұстан отырып, қазақ елінің шындығын көрсетіп алды. Бұл дегеніміз қазақ ұлтын таныту жаймен болсада жүргізілді. Айтар болсақ халқымызды уақытылы жаңалықтармен хабардар етіп, қара халқтың сауатын ашып, қоғам өмірімен байланыстырып ішкі және сыртқы жағдайларынан хабардар етіп отырды. Әр ресим бөлімінде маңызды ақпараттар беріп отырды. Мысалы“Түркістан уәлаяты газетінің” 1870 жылғы4-нөмерінде Түркістан өлкесінде алғаш рет ашылған почта-телеграф қатынасы туралы баяндаған. Ал 1871 жылғы 14-нөмерінде Алматы қаласында ағаш тілетін зауыттын ашылғандығын хабарлаған және де Ташкент, Орал қалаларының экономикалық, түрлі мазмұндағы материалдарын жариялап тұрды. Осылай ресми түрдегі жаңалықтарды жазып отырды. Ал ресми емес жаңалықтарда тек отырықшылық, егіншілік және малшаруашылығына қаттысты ақпараттар шығарлды. Бұлардан бөлек тағы ғылым жетістіктерін, жастарды оқуға шақырулар туралы жазбалар және қоғамда болып жатқан жайттар туралы баяндап отырды. Мысалы қоғамда болып жатқан жайт балалардың молдалардан дәріс алуы. Бірақта бұлай оқытудың нәтижесі жоқтығы және балалардың оқыту кезінде көретін қиыншылықтарынада тоқталып кеткен. Тағы бір мәселе әйел адамының құқығы туралы да ашық айтылып қозғалған. Мәселен қыз баласының 16 жасына жетпей ерте тұрмыс құруы немесе айттырып қоюы өз құқығының жоқтығы міне осының барлығы халықтты бір хабардар етіп өз жасап отқан істерінен тыйылдыру мақсатында да жүзеге асырылды. Газетте керемет эпостарда жазылып отырды. Олар: “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу”  ,  “Алпамыс”  ,  “Қобыланды” тағы басқа әдеби жанрлар көрініс тапты. Басқада басылымдарында билікті, парақорлықты әжуа етіп астарлы сөздермен жазып тұрған. Сондай-ақ газетте Досанбай, Майлықожа тәрізді атақты ақындардың айтыстары мен өлеңдері және басқа туындылары жарияланып тұрған. “Түркістан уәлаяты газетінде” тіл мәселелеріде көтеріліп талқылыанған.

Бұл “Түркістан уәлаяты газетінің” жұртымызға тигізген пайдасы мол осы арқылы халқымыздың көзі ашылып, саяси дүниелерден хабардар бодып билік мәселелерінің жартысын біліп отырған.

Авторы
Алибек Таңнұр Алимжанқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Алибек Таңнұр

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Ара» журналы

“Ара” журналы 1952 жылдардан бастап кеңестік уақытта сатира қайтадан жаңара түсті. Бұл жанрдағы газет, журналдардың бізге керек екенін түсіндік. Бұған себеп “Крокодил” журналының 1951 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысында осы…

Алибек Таңнұр 2 мин 107 оқылым
Жалпы рубрика

«Қазақстан» газеті және Елеусін Бұйрин

Алимжанқызы Әр газеттің өзіндік бір ерекше белгісе және өзіндік бір мақсаты болады. Ал бұл «Қазақстан» газетініңде сол замандағы өз ерекшелігімен қатар маңыздылығы да болған. Барша қазақтың басын қосып «Қазақстан»…

Алибек Таңнұр 2 мин 92 оқылым
Жалпы рубрика

Түркістан уәлаяты газеті

Мәтінде «Түркістан уәлаяты газетінің» шығу тарихы, ресми және ресми емес бөлімдері, қазақ халқының мәдени әрі қоғамдық өміріндегі маңызы баяндалады.

Алибек Таңнұр 2 мин 110 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 11 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 71 оқылым