Сәкен Сейфулиннің ‟ Сыр сандық „өлеңіндегі амал және адал достардың бинесін қалай ашып жазды?
Автор
Сәкен Сейфуллиннің көңіл күй лириканың ішінде ‟Сыр сандық» атты өлеңі көрнекті орын алады. Адамдар арасындағы адал достық пен сезім тазалығын шерткен бұл шығармада ақын адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына байлайды. Екінің бірі сол құздың басына шығып сыр сандықты аша алмайды. Оны жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алмақ.
Сәкен Сейфуллиннің ‟Сыр Сандық”өлеңі идеясы қандай?
Сыр сандық дегендегі сандық сөзі қандай мағынада тұр?
Адалдық пен арамдық, мансап мен ождан, достық пен қастықтың ара жігін аша жазып адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды. С. Сейфуллин бұл мәселені дұрыс көтерген. Яғни, қазіргі таңда да достың 2 түрі бар. Бірі-амал дос, екіншісі-адал бос.Яғни, амал дос өз пайдасы үшін араласатын, көмек керек кезде көмектеспейтін, кез-келген уақытта сатып кететін досты айтады. Сәкен Сейфуллиннің ‟Сыр сандық”өлеңінде амал досты былайша өлеңмен жеткізіледі:
Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолыңда,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік досы санама.
Демек, біз осы өлең жолдарда кейбір достардың байлық үшін араласатынын аңғаруға болады. Сенің қалтаңа ақша таусылса, амал достарың өміріңнен кетіп қалуы ғажап емес.
Сәкен Сейфуллин адал достарды сарайға, сұлу пернелерге жатқызады. Сұлу пернелер адам бойындағы жақсы, жағымды қасиеттер. Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлайды.
Сәкен Сейфуллиннің айтайын деген Сыр сандығы адамның ішкі құпиясы екен. Кез-келген адамның ішкі құпиясы болады. Достарыңмен сырласып,тура жолды көрсетуін қалайды. Жалпы айтқанда дұрыс бағдар көрсетсе дейді. Менің ойымша, бұл нәрсе амал достардың қолынан келмейтін дүние. Оларға оның ішкі сыры керек емес, оларға оның байлығы керек. Егер сенің араласатын досың саған адал болса, сенен ешқашан қашпайды. Жаныңда қалады. Мәселелеріңді шешіп береді. Егер сенің өміріңде адал досың болса, сен бақытты адамдардың қатарындасын.
Қорытынды шығара келе досты дұрыс таңдай біл. Адал достарың мен амал достарыңды ажырата біл. Амал достардан аулақ болып, адал достың қадіріне жете біл.!!!)
Соңғы жаңарту: 1 желтоқсан 2025, 15:32
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/saken-seifulinning-syr-sandyq-olengindegi-amal-zhane-adal-dostardyng-binesin
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Автор
Сапарбекқызы Жақсыгүл
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.