Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №8 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №8 мақала қабылдануда·2 орын қалды 2 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Қабылбек Мадина Бастауыш білім беру IP мамандығының 2-курс студенті
14 мин оқу 6 оқылым

Қабылбек Мадина kabylbekmadina9@gmail.com «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан 6B01302 Бастауыш білім беру IP мамандығының 1 курс студенті

Данабаева Маржан Айкыновна
marzhan_aikynovna@mail.ru
п.ғ.м., аға оқытушы
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан

Аңдатпа

Аңдатпа. Қазіргі таңда жасанды интеллект барлық салада кеңінен қолданылып, қоғам дамуының маңызды тетіктерінің біріне айналып отыр. Ол жай ғана технология емес, адамзаттың жаңа даму кезеңінің бастамасы ретінде қарастырылады. Ал бастауыш сынып баланың білім жолындағы алғашқы әрі маңызды баспалдағы болғандықтан, осы кезеңде жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдану мәселесі ерекше өзектілікке ие.

XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры болғандықтан, білім саласында жасанды интеллект пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Соған сәйкес, оқушылардың жасанды интеллектіні оқу мақсатында пайдалануы бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Жасанды интеллектіні қолданудың пайдалы жақтарымен қатар, кері әсерлері де бар екені белгілі.

Осы мақалада бастауыш сынып оқушыларына арналған ChatGPT, Gemini және басқа да ақпарат ұсынатын платформалар мен қосымшалардың тиімді және тиімсіз тұстары талданып, олардың білім беру үдерісіндегі орны қарастырылады. Сонымен бірге мұғалімдерге арналған жасанды интеллект платформаларының мүмкіндіктері мен маңызы туралы авторлық көзқарас ұсынылады. Сондай-ақ жасанды интеллект жүйелерін құру және пайдалану барысында энергия тиімділігін сақтау, қоршаған ортаға келетін теріс әсерді азайту мәселелері де назардан тыс қалмайды. [1].

Кілт сөздер: жасанды интеллект, білім, оқушы, заң, қоршаған орта, шығармашылық, тәуелділік, өзекті мәселе, мұғалім, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпарат, тиімді және тиімсіз тұстар.

Жасанды интеллект біздің түсінігіміз бойынша — ақпарат алуға, бізді толғандырған сұрақтарға жауап табуға, білім мен ойды толықтыруға көмектесетін заманауи құрал. Бүгінгі таңда жасанды интеллект тек ақпарат ұсынушы технология ғана емес, сонымен қатар білім беру, медицина және басқа да көптеген салалардың дамуына ықпал етіп отырған маңызды мүмкіндік көзіне айналды. Ағылшын тілінде artificial intelligence деп аталатын бұл ұғым AI қысқартуы арқылы кеңінен танылады. Жасанды интеллект термині алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференцияда қолданылып, сол жерде ғалым Джон Маккарти осы атауды ғылыми айналымға енгізгені белгілі.

Қазіргі кезеңде жасанды интеллекттің маңызы артып, ол қоғамдық дамудың жаңа бағытын айқындап отыр. Осы тұрғыдан алғанда, бастауыш сынып оқушыларының жасанды интеллектпен өзара байланысын зерттеу өте маңызды. Өйткені бастауыш сынып — баланың мектепке, білімге деген алғашқы қадамы, яғни оның танымдық дағдылары мен оқу әдеттері осы кезеңде қалыптаса бастайды [2].

Бұл жастағы балалардың білімі әлі толық қалыптаспағандықтан, оқу барысында түрлі қиындықтарға тап болуы заңды. Осындай жағдайда кейбір балалар үй тапсырмасын өз бетімен орындаудың немесе ата-анасының көмегіне жүгінудің орнына жасанды интеллекттің көмегіне сүйенуі мүмкін. Әрине, барлық ата-ана баласының оқуына немқұрайлы қарайды деу дұрыс емес. Дегенмен кей жағдайда үлкендердің өзі балаға «интернеттен көшіре сал» деп кеңес беріп жататыны кездеседі.

Мұндай жағдайлар баланың өз бетінше ойлануына, ізденуіне және білімді шынайы меңгеруіне кедергі келтіруі ықтимал. Сондықтан біз жасанды интеллектіні бастауыш білім беру кезеңінде қолдану мәселесін жан-жақты қарастырып, оның пайдалы тұстарымен қатар ықтимал қауіптерін де саралау қажет деп санаймыз.

Біз бұл тақырыпты таңдап алуымыздың басты себебі – жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне ықпалының күшеюі және оны дұрыс түсініп, орынды қолданудың маңыздылығы. Ең алдымен, жасанды интеллекттің оң және теріс тұстарын түсіндіру қажет, себебі ол бір жағынан ақпаратты жылдам табуға, оқытуды жеңілдетуге, тапсырмаларды жекелендіруге мүмкіндік берсе, екінші жағынан оқушыны дайын жауапқа үйретіп, өздігінен ойлау қабілетінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің ұстаздар үшін де маңызы зор, өйткені ол мұғалімнің уақытын үнемдеуге, сабақ жоспарын құруға, тапсырмаларды саралауға және оқушының білім деңгейін талдауға көмектеседі.

Жасанды интеллекттің студенттердің оқуына әсері де ерекше назар аударуды қажет етеді, себебі зерттеу нәтижелері оның оқу мотивациясын арттырып, білімді меңгеруді жеңілдететінін көрсеткенімен, шамадан тыс қолдану білім алушының дербес жұмыс істеу дағдысына кері әсер етуі мүмкін. Осы орайда ЮНЕСКО-ның жасанды интеллектке қатысты қабылдаған құжаты да маңызды, өйткені онда бұл технологияны қолдануда адам құқығы, этика, теңдік, қауіпсіздік және сапалы білім беру қағидалары басшылыққа алынуы керектігі атап көрсетілген.

Сондай-ақ жасанды интеллекттің оқушы шығармашылығына тигізетін әсерін талдау өзекті, себебі ол идея ұсыну, мәтін немесе жоба жасау сияқты жұмыстарда көмекші құрал болғанымен, оқушы оны шамадан тыс пайдаланса, өзінің қиялы мен шығармашылық қабілетінің дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан оқушылардың жасанды интеллектке тәуелділігін азайту жолдарын қарастыру да маңызды, яғни оларды сыни ойлауға, өз бетінше ізденуге, шығармашылық тапсырмаларды дербес орындауға баулу қажет.

Осы себептердің барлығы бұл тақырыптың өзектілігін айқындап, жасанды интеллектті білім беру үдерісінде саналы әрі жауапкершілікпен қолдану мәселесін тереңірек қарастыруға негіз болады.

Бұл тақырып соңғы жылдарда өзекті тақырып ретінде қаралу үстінде. Мақаланың мақсаты: Ұстаздардың жасанды интеллектпен жұмыс істеудің маңызын түсіндіру. Ұстаздардың және оқушылардың жасанды интеллект немесе цифрлық сауаттылығын дамыту. Оқушылардың шығармашылығын жасанды интеллект арқылы дамуына жол ашу. Мақаланың міндеті: Жасанды интеллект ұғымы мен мүмкіндіктерін түсіндіру; Білім беру саласында қолдануға болатын ЖИ құралдарын таныстыру; Оқушыларды жасанды интеллектпен жұмыс жасауға үйрету [3].

Жасанды интеллект — қазіргі заманның ақпараттандыру, жаңалықтарды жеткізу, идея беруші компьютерлік желісі. Жасанды интеллекттің атап өтетін үш түрі бар: тар жасанды интеллект, күшті жасанды интеллект, супер жасанды интеллект.

Осы үш түрінің өзіндік ерекшеліктерін атай отырып, әрқайсысына тоқталып көрейік. Тар жасанды интеллект нақты тапсырмаларды орындауға арналған. Ол тек бір салаға ғана бағытталады. Мысалы, шахмат ойнау бағдарламасы, мәтіндерді аудару сияқты жұмыстарды атауға болады.

Келесі жасанды интеллект түрі — күшті жасанды интеллект. Ол адамның ойынан асып түсетін, яғни адамның интеллектуалдық қабілеттерін, оның ішінде ойлау, шешім қабылдау, мәселені шешу сияқты жұмыстарды қарастыратын жүйе. «Жасанды интеллект туралы» заң қабылдай отырып, цифрлық технологиялардың қауіпсіз және жауапты түрде дамуына маңызды қадам жасауда деп жасанды интеллект туралы заңдарымыз қабылдануда [4].

Қазіргі таңда бұл жасанды интеллект жүйесі жоқ, бірақ болашақта технологиялардың дамуымен бұл интеллект мақсат ретінде қарастырылады. Үшінші интеллектіміз Супер Жасанды интеллект-бұл интеллект адамның ойлауынан да асып түсетін, барлық тапсырмаларды ең жоғарғы деңгейде орындайтын жасанды интеллекттің түрі. Ол фантастикалық киноларда не болмаса шығармаларда болғанымен әлі қолданыста жоқ. Жасанды интеллекттің артықшылықтарына келсек, жасанды интеллект адамдардың жұмыс жасауын, білім алуын жеңілдетеді [5 ].

Жасанды интеллекттің білімнен де тыс оң және кері әсері бар. Оны төменгі кестеден көруге болады.

Кесте 1. Жасанды интеллекттің білім сапасына әсер ететін оң және кері әсері.

Оң әсеріКері әсері
  1. Идея қажет болған жағдайда идеяны ұсынушы.

  1. Балалардың ойлау қабілетін тежейді.

  1. Уақытты үнемдеуге көмек береді.

2. Кітапханадағы оқушылардың санын азайтады
  1. Қажет ақпаратты тауып береді.

3. Балалардың көру қабілетін төмендетеді.
  1. Оқушыларға тақырыпты жасанды интеллект арқылы (видео жазба арқылы) түсіндіруге жағдай жасайды.

4. Жалған ақпаратты шындыққа ұқсататындай етіп жасайды.
  1. Жасанды интеллект оқушылардың зейінін, назарын тұрақтандыруға көмектеседі.

5. Жасанды интеллектке тәуелділікті көбейтеді.
  1. Сыныптағы қолайлы жағдай атап айтқанда сынып тыныштығын сақтауға тиімді.

6. Жасанды интеллекттің дамуы болашақта қызметкерлердің жұмыссыз қалдыруына деген қатер [6].

Біздің ойымызша, жасанды интеллекттің білім беру саласындағы орны ерекше, себебі оның оқушыға да, мұғалімге де тигізетін пайдасы мол. Ол қажет кезде идея ұсынады, уақытты үнемдейді, керек ақпаратты табуға көмектеседі және тақырыпты түсіндіруді жеңілдетеді. Осы жағынан алғанда, жасанды интеллект оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Дегенмен, біз оның кері әсерлерін де ескеруіміз керек деп санаймыз. Егер оқушы жасанды интеллектке шамадан тыс сүйенсе, оның өздігінен ойлау, іздену, кітаппен жұмыс істеу дағдылары әлсіреуі мүмкін. Сонымен қатар, жалған ақпаратқа сеніп қалу, экран алдында көп отыру және оған тәуелді болып кету қаупі де бар.

Сондықтан біз жасанды интеллектіні толықтай жақсы немесе толықтай зиянды құрал деп емес, орнымен әрі саналы қолдануды қажет ететін мүмкіндік деп қараймыз. Ең бастысы — оны баланың білімін алмастыратын құрал емес, білім алуына бағыт-бағдар беретін көмекші құрал ретінде пайдалану.

Жасанды интеллекттің ұстаздар үшін маңызы ерекше. Қазіргі таңда мұғалімдерге арналған жасанды интеллект платформалары мен қолданбалары көбейіп келеді. Соның бірі — соңғы уақытта кеңінен таныла бастаған Shyraq.ai платформасы. Бұл платформада сабаққа қажетті қысқа мерзімді жоспарлар, презентациялар, сабақ барысында қолданылатын ойындар және кері байланысқа арналған тапсырмалар ұсынылады.

Сонымен қатар, балаларды жасанды интеллект арқылы оқытуда бейнематериалдарды пайдалану мүмкіндігі де артып келеді. Мысалы, Fliki AI, InVideo AI, Sora AI сияқты платформалар қысқа бейнежазбалар жасап, оларды дыбыстау арқылы жаңа тақырыпты түсіндіруге, оқушыларға қызықты тапсырмалар ұсынуға мүмкіндік береді. Мұндай платформалар ұстаздарға сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуге, жаңа тақырыпты ашуға, балалардың қызығушылығы мен шығармашылығын дамытуға көмектеседі.

Сондықтан жасанды интеллект мұғалімдерге уақытты тиімді пайдалануға, сабақ дайындау үдерісін жеңілдетуге және оқыту сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды құрал болып табылады. Дегенмен, жасанды интеллекттің пайдасымен қатар, оны орынсыз қолданудың кері әсері де болуы мүмкін. Оның тағы бір ерекшелігі — жасанды интеллекттің негізінен Америкада және басқа шет елдерде жасалуына байланысты көптеген платформалардың ағылшын тілінде жұмыс істеуі. Бұл кейбір ұстаздар үшін қолайсыздық тудыруы ықтимал.

Алайда қазіргі таңда Қазақстанда да жасанды интеллект саласы дамып, қазақ тіліндегі платформалар пайда бола бастады. Бұл болашақта ұстаздар үшін жасанды интеллектіні қолдануды анағұрлым тиімді әрі қолжетімді етеді.

Осы орайда жасанды интеллекттің студент өміріндегі орны да ерекше екенін атап өтуге болады. Қазіргі студенттер ұялы телефон мен интернетті күнделікті білім алу құралы ретінде пайдаланады. Бұл технологиялар ақпаратқа жылдам қол жеткізуге және оқу үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Әсіресе, ChatGPT пен Gemini сияқты қосымшалардың кеңінен қолданылуы байқалады.

Алайда мұндай құралдарды жиі пайдалану кейбір жағдайларда студенттердің жасанды интеллектке шамадан тыс тәуелді болуына алып келуі мүмкін. Сондықтан жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде орынды, саналы және мақсатқа сай қолдану аса маңызды.

Тәжірибе көрсеткендей, көптеген студенттерге оқу тапсырмасы берілген кезде, оны өз бетінше талдап орындаудың орнына, бірден жасанды интеллект құралдарына жүгінеді. Нәтижесінде дайын ақпаратты пайдалану және оны көшіріп алу үрдісі қалыптасып келе жатқаны байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жасанды интеллектті білім беру процесінде тиімді әрі саналы түрде қолдану мәселесі өзекті болып табылады.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен тест сұрақтары алынған болатын: бұл тесттің мақсаты, студенттердің жасанды интеллектті қаншалықты жиі, әрі қаншалықты тиімді пайдаланатынын білу. Жасанды инттелекттің тиімді, тиімсіз жақтарын түсінетінін қарастырып, талдап көрейік. Зерттеу бойынша берілген тестке 34 студент қатысты.

Тесттің кейбір сұрақтарын нәтижесі төмендегідей болды.

«Сен сабаққа дайындалғанда телефон немесе компьютер қолданасың ба?» деген сұраққа берілген жауаптар бойынша студенттердің басым көпшілігі цифрлық технологияларды оқу үдерісінде белсенді пайдаланатыны анықталды. Диаграмма көрсеткіші бойынша респонденттердің 85,3%-ы сабаққа дайындалу кезінде телефон немесе компьютерді жиі қолданатынын, ал 14,7%-ы оны кейде қолданатынын көрсеткен. Бұл нәтиже қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың маңызды орынға ие екенін және студенттердің оқу материалына қол жеткізу, ақпарат іздеу, тапсырма орындау барысында заманауи құрылғыларға жиі жүгінетінін аңғартады. Сонымен қатар, аталған көрсеткіштер цифрлық құралдардың студенттердің күнделікті оқу әрекетінің ажырамас бөлігіне айналғанын дәлелдейді.

Диаграмма 1. Сабақ орындау кезінде телефон және компьютерді қолдану жиілігі.

«Интернет немесе ақылды бағдарлама саған үй тапсырмасын орындауға көмектесе ме?» деген сұраққа берілген жауаптар оқушылардың интернет пен ақылды бағдарламалардың оқу барысында маңызды көмекші құралға айналғанын көрсетеді. Сауалнама нәтижесі бойынша қатысушылардың 61,8%-ы интернет пен ақылды бағдарламалар үй тапсырмасын орындауда көп көмектесетінін атап өтсе, 38,2%-ы олардың кейде көмектесетінін білдірген. Бұл көрсеткіштер барлық оқушының белгілі бір деңгейде интернет көмегін сезінетінін және көпшілік үшін оның негізгі көмекші құралдардың бірі екенін аңғартады.

Сонымен қатар, мұндай нәтиже қазіргі білім беру үдерісінде цифрлық ресурстардың маңызы артып келе жатқанын және оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауда заманауи технологияларға жиі сүйенетінін дәлелдейді.

Диаграмма 2. Үй жұмысын жасаудағы интернет пен ақылды бағдарламалардың көмек деңгейі.

«Компьютерге немесе телефонға үйреніп кету» туралы сұраққа берілген жауаптар оқушылар арасында цифрлық тәуелділік мәселесінің бар екенін көрсетеді. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 52,9%-ы компьютер мен телефонға үйреніп кету кейде оқуына кедергі келтіретінін айтқан. Ал 35,3%-ы бұл жағдайдың сабаққа тікелей кедергі келтіретінін көрсеткен. Тек 11,8%-ы ғана оның айырмашылығы жоқ деп жауап берген. Бұл мәліметтер оқушылардың басым бөлігі цифрлық құрылғыларға тәуелділіктің оқу үдерісіне кері әсерін сезінетінін аңғартады.

Демек, цифрлық технологиялардың пайдасымен қатар, оларды шамадан тыс қолдану оқушының зейінін төмендетіп, оқу әрекетіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан бұл мәселені білім беру үдерісінде ескеріп, цифрлық құралдарды тиімді әрі шектеулі қолдану мәдениетін қалыптастыру маңызды.

Диаграмма 3. Цифрлық құрылғыларға тәуелділік көрсеткіші.

«Компьютер немесе жасанды интеллект болмаса» деген сұраққа берілген жауаптар оқушылардың оқу барысында цифрлық технологияларға белгілі бір деңгейде тәуелді екенін көрсетеді. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 58,8%-ы компьютер немесе жасанды интеллектсіз оқу орташа деңгейде қиындайтынын айтқан. Сонымен қатар, 26,5%-ы мұндай жағдайда оқу қиын болатынын, ал 8,8%-ы тіпті сабақ өте қиынға соғатынын білдірген. Тек 5,9%-ы ғана технологияның болмауы қиын емес деп есептеген. Бұл көрсеткіштер оқушылардың басым көпшілігі үшін компьютер мен жасанды интеллекттің оқу үдерісінде маңызды орын алатынын аңғартады. Яғни толық тәуелділік байқалмағанымен, технологиялардың болмауы білім алуға белгілі бір дәрежеде әсер ететіні анық.

Диаграмма 4. Білім алу барысында жасанды интеллектке деген тәуелділік.

«Сенің ойыңша жасанды интеллект...» деген сұраққа берілген жауаптар оқушылардың жасанды интеллектке деген көзқарасының әртүрлі екенін көрсетеді. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 44,1%-ы жасанды интеллект оқушының ойлауын жеңілдетеді деп есептеген. Ал 23,5%-ы оны оқуға көмектеседі деп бағалаған. Сонымен қатар, 26,5%-ы жасанды интеллект оқушыны жалқау етеді деген пікір білдірген, ал 5,9%-ы бұл жөнінде нақты көзқарас танытпай, білмеймін деп жауап берген. Бұл мәліметтер оқушылардың басым бөлігі жасанды интеллектіні пайдалы құрал ретінде қабылдайтынын аңғартқанымен, оның оқушыны дайын жауапқа үйретіп, жалқаулыққа алып келуі мүмкін деген алаңдаушылықтың да бар екенін көрсетеді. Демек, жасанды интеллектке қатысты пікірлер біржақты емес, сондықтан оны білім беру үдерісінде тиімді әрі саналы қолдану қажеттілігі туындайды.

Диаграмма 5. Респонденттердің жасанды интеллект жайлы пікірлері.

Жоғарыда берілген талдауларға сүйене отырып, біз бүгінгі білім беру үдерісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің оқушылар өмірінде маңызды орын алатынын байқаймыз. Сауалнама нәтижелері оқушылардың басым көпшілігі сабаққа дайындалуда телефон, компьютер, интернет және ақылды бағдарламаларды жиі қолданатынын көрсетті. Бұл, бір жағынан, цифрлық құралдардың оқу үдерісін жеңілдетіп, ақпаратты жылдам табуға, үй тапсырмасын орындауға және білім алуды қолдауға мүмкіндік беретінін дәлелдейді.

Сонымен қатар, оқушылардың едәуір бөлігі жасанды интеллекттің ойлауды жеңілдететінін және оқуға көмектесетінін атап өткен. Алайда зерттеу нәтижелері цифрлық тәуелділік, ойлау белсенділігінің төмендеуі, жалқаулыққа бейімділік сияқты кері әсерлердің де бар екенін көрсетті. Әсіресе, компьютер мен телефонға шамадан тыс үйреніп кету оқуына кедергі келтіретінін айтқан оқушылар үлесінің жоғары болуы бұл мәселенің өзектілігін арттыра түседі.

Сондай-ақ, технологиялар болмаған жағдайда оқудың қиындайтынын көрсеткен жауаптар да оқушылардың цифрлық құралдарға белгілі бір деңгейде тәуелді бола бастағанын аңғартады. Сондықтан біз жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беруде толықтай теріске шығармай, оларды орынды, тиімді және шектеулі түрде қолдану қажет деген қорытындыға келеміз. Ең бастысы, бұл құралдар оқушының орнына ойламай, керісінше оның өздігінен ойлауына, ізденуіне және білімін тереңдетуіне бағытталған көмекші құрал ретінде қолданылуы тиіс.

Жоғарыда жүргізілген талдауларға сүйене отырып, келесі ұсыныстарды ұсынуға болады:

Біріншіден, білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолданудың нақты ережелері мен шекарасын анықтау қажет. Оқушыларға оны тек көмекші құрал ретінде пайдалану керектігін түсіндіру маңызды.

Екіншіден, оқушылардың сыни ойлау және өздігінен білім алу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін тапсырмалар тек дайын жауапты табуға емес, талдауға, салыстыруға, дәлелдеуге бағытталуы қажет.

Үшіншіден, мұғалімдер сабақ барысында жасанды интеллектті тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оны оқу мақсатына сай дұрыс бағытта қолдануды үйретуі керек.

Төртіншіден, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың интернет пен жасанды интеллектті бақылаусыз қолдануына жол бермеу қажет.

Бесіншіден, оқушылардың цифрлық тәуелділігін азайту мақсатында кітаппен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, топтық жұмыстар сияқты дәстүрлі әдістерді де қатар қолдану ұсынылады.

Алтыншыдан, оқушыларға жалған ақпаратты ажырату дағдыларын қалыптастыру, яғни ақпараттық сауаттылықты дамыту маңызды.

Жетіншіден, оқу барысында экран алдында отыру уақытын шектеу арқылы оқушылардың денсаулығын, әсіресе көру қабілетін қорғау қажет.

Жасанды интеллект білім беру саласында, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде маңызды орын ала бастағаны байқалады. Ол ақпаратты жылдам табуға, сабаққа дайындалуға, үй тапсырмасын орындауға, мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге және оқыту мазмұнын қызықты етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге зерттеу нәтижелері цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің оқушылар мен студенттердің күнделікті оқу әрекетіне терең енгенін көрсетті.

Алайда оның пайдалы жақтарымен қатар, оқушының өздігінен ойлау қабілетінің әлсіреуі, дайын білімге тәуелділік, жалған ақпаратқа сену, цифрлық тәуелділіктің артуы және шығармашылық белсенділіктің төмендеуі сияқты қауіптері де бар. Сондықтан жасанды интеллектіні білімді алмастыратын емес, білім алуға бағыт-бағдар беретін көмекші құрал ретінде орынды, саналы және шектеулі түрде пайдалану қажет. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті – оқушылардың сыни ойлауын, өздігінен ізденуін және шығармашылығын сақтай отырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану мәдениетін қалыптастыру.

Осындай жағдайда ғана жасанды интеллект білім сапасын арттыруға және заманауи білім беру үдерісін жетілдіруге оң ықпал ете алады.

Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы, Жауаптық және бақылауда ұстау бөлімінің 3 тармақшасы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000230

2. Мақала https://ust.kz/powerpoint/jasandy_intellekt_jane_onyng_turleri-363846.html

3. Сабақ жоспары ретінде https://www.zhetysai.kz/zhasandy-intellekt-bilim-berudegi-zamanaui-adis-tasilder/

4. Халыққа қызмет көрсету порталы https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1117822?utm_source=chatgpt.com

5. Білімгер порталы https://bilimger.kz/163763/

6. Жаңалықтар https://arainfo.kz/26747/zhasandy-intellekti-e-bek-nary-yna-seri-anday/amp

7. Абай Құнанбайұлының өлеңі https://ustaz.kz/materials/word/abai_qunanbaiuly_gylym_tappai_maqtanba_olengi_gylymnyng_paidasy-315141.html

8. Юнеско құжаты https://www.unesco.org/en/artificial-intelligence/recommendation-ethics

Ұқсас материалдар

Авторы
Қабылбек Мадина
Жетекшісі
Данабаева Маржан Айкыновна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақала жарияланған журнал шығарылымы және жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Қабылбек Мадина

Ғылыми жетекшісі: Данабаева Маржан Айкыновна, п.ғ.м., аға оқытушы, ҚазҰҚПУ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру әдістері

Заманбек Айсулу «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлегі Ақмола облысы, Шортанды ауданы Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру әдістері Аңдатпа Бұл…

Заманбек Айсулу 4 мин 11 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып Оқушыларының сөздік қорын байытудың тиімді әдістері

Битуганова Әсем Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасының 4-курс студенті Аңдатпа Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын…

Asem Bituganova 13 мин 14 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 48 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 522 оқылым