Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Asem Bituganova Бастауыш мамандығының 4-курс студенті
13 мин оқу 8 оқылым

Битуганова Әсем

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасының 4-курс студенті

Аңдатпа

Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байыту, тілдік дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді дұрыс таңдау өзекті болып отыр. Мақалада ойын технологияларын қолдану, ассоциациялық әдістің әсері, мәтінмен және сөздік жұмыстың сөздік қордың молаюына оң әсер ететіні қарастырылады. Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың әдебиеттеріне шолу жасалды.

Сабақты сөздік қорды байытудың тиімді тәсілдері арқылы жүргізу - оқушылардың оқу сапасын арттырып, қызығушылығын қалыптастырады. Мақаланың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту жұмыстарының маңызын жан-жақты талдап, педагогикалық тиімді тәсілдер арқылы сөздік қорды байытудың тиімді жолдарын анықтау. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында квази-эксперименттік дизайн таңдап алынды.

Бақылау және эксперименттік сынып іріктеліп алынды. Бақылау сыныбына дәстүрлі әдіске негізделген сабақтар жүргізілсе, тәжірибелік сыныпқа тиімді тәсілдерге негізделген сабақтар жүргізілді. Оқушылардың сөздік қорын анықтау кезеңі бойынша сұрақ-жауап әдісі қолданылды.

Таңдап алынған тиімді әдістерге негізделе жүргізілген сабақта тәжірибелік сыныптың сөздік қоры байығаны, білім сапасы артқаны анықталды, ал бақылау тобындағы нәтиже тұрақты немесе аздаған ғана өзгерістер бар екені байқалды. Бастауыш сыныпқа таңдап алынған тиімді әдістер оқушылардың сөздік қорын байытуға оң әсер ететіні дәлелденді. Тиімді әдістерді дұрыс таңдау және жүйелі қолдану білім алушылардың тілдік қорын дамытып қана қоймай, білім сапасын арттыруына мүмкіндік береді.

Кілт сөздер: бастауыш сынып, сөздік жұмыс, оқыту әдістері, мәтінмен жұмыс, педагогикалық тәсілдер, интерактивті әдістер.

Кіріспе

Қазіргі білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту — тұлғаның жан-жақты дамуына үлес қосатын маңызды міндеттердің бірі. Сөздік қорды байыту тек сабақ кезінде ғана емес, тұлға болып қалыптасу барысына және тіл мәдениетін сақтауға да тікелей әсер етеді. Сөздік қоры бай адам ойын анық әрі оңай жеткізе алады.

Бастауыш сыныпта Әліппе оқу пәнінде тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем және шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу міндеті көзделген, сондай-ақ, Ана тілі оқу пәні бойынша сөздік қорын байыту дағдысын қалыптастыруды көздейді[1, 14-19б]. Демек, бастауыш сыныпта әліппеден бастап ана тілі, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндеріне дейін сөздік қорды байытуды негізігі міндет ретінде қарастырады. Ал тіл байлықты дамытуды біз кез келген пәнде тиімді тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асыра аламыз.

Оқушының сөздік қоры бай болған сайын сабақты түсіну, жаңа ақпаратты қабылдау, өз ойын жеткізу қабілеті жоғарылайды. Сондықтан бастауыш сыныпта сөздік қорды тиімді әдістермен дамыту, бірізді жаттығулар мен педагогикалық тәсілдерді қолдану өзекті әрі қажетті мәселе болып табылады. Сөздік қор - тіл үйренудің ең маңызды бөлігінің бірі.

Бастауыш сынып кезінде баланың дүниетанымы кеңейеді, ауызша және жазбаша тілді меңгеру қабілеті тез дамиды, сондықтан бастауыш сыныпта сөздік қорын байыту бойынша жүйелі және тұрақты жұмыс істеу өте маңызды[2, 1б]. Тіл дамыту жұмыстарын бала туылғаннан бастап ақ күнделікті жаттығулар жүргізу тиімді болып келеді. Сол жаттығуларды мұғалім бастауыш сыныпта дамытумен қатар, қосымша тиімді әрі педагогикалық тәсілдерді жүргізетін болады.

Мақаланың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту жұмыстарының маңызын жан-жақты талдап, педагогикалық тәсілдер арқылы сөздік қорын байытудың жолдарын анықтау.

Мақаланың міндеттері:

Бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту жұмыстарының маңызын анықтау;

Сөздік қорды байытудың тиімді әдістерін көрсету;

Мәтінмен жұмыс және технологиялық ойындар арқылы жаңа сөздерді үйрету;

Интерактивті әдістермен жұмыс жасап, оқушыларды еркін сөйлеуге үйретуді анықтау.

Бұл мақаланың өзектілігі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байыту және тиімді әдістерді дұрыс қолдана білуін анықтауда. Мектепте балалардың сөздік қорын тиімді әдістер арқылы байытудың маңызы зор, себебі сөздерді білу ғана емес, оларды дұрыс қолдана білу де маңызды.

Мақаланың негізгі сұрағы: Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын тиімді педагогикалық әдістер арқылы байыту олардың тілдік дамуына әсері қандай?

Әдебиетке шолу

Мектеп табалдырығын үлкен жауапкершілікпен аттаған оқушы үшін сөздік қордың баюы басты мақсаттардың бірі. Қазақтың терминологиялық қорының дамып, қалыптасуы Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Ахмет Байтұрсынов өз еңбегінде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге , сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша бір біріне қиындасып , жалғасатын жүйесін білу керек болғандықтан, қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар сөйлем жүйелерін үйрету қажет екенін айтқан[3, 20б]. Осыған байланысты сөйлемді дұрыс құрай алу қазіргі таңда да мектептегі өзекті тақырыптың бірі.

Оқушы тілінің дұрыс дамуы жайында Мағжан Жұмабаев: “Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты балаға сөзді бұзып сѳйлемеу керек. Баланы ешбір уақыт сѳзден тыймау керек. Былдырласын, шолжыңдасын – сѳйлей берсін. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп.”[4, 107-108б] Демек баланың сөздік қорын дамытуда отбасындағы дұрыс қарым-қатынасқа, кейін мектептегі жүйелі білімге байланысты. Мектепте бала тіл мәдениетін, сауатты сөйлеуді, дұрыс жазуды үйренеді, сөздік қоры кеңейеді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің оқу бағдарламасында Ана тілі оқу пәні бойынша сөздік қорын байыту дағдысын қалыптастыруды көздейді[1, 14б]. Осы мақсатқа жету үшін мұғалімдер сөздік қорды байытудың тиімді тәсілдерін дұрыс таңдап, қолдана білуі қажет.

Қазіргі таңда сөздік қорды байытудың әдістері кеңінен қарастырылуда, мәселен С.Саукинбаева Интерактивті әдістер яғни, жұптық, топтық жұмыстар, диалог құру, рөлдік ойындар оқушылардың белсенділігін арттырып, еркін сөйлеуге мүмкіндік беретінін айтады[5]. Мәселен, көркем шығармадағы кейіпкердің рөлін ойнау арқылы оқушылар тіл байлығын дамытады әрі сабақты терең меңгереді. Ш.Яшинова оқылған мәтіндегі жаңа сөздерді тауып, олардың мағынасын талдап, сөйлем құрастыру арқылы қолдану сөздік қорды байытатынын айтады [6]. Білім беру процесінде күнделікті жаңа тықырып өткен кезде, сол тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгеру, ол сөздерді практикада қолдана білу жұмыстары оқушылардың тілдік қорын байытады.

Әбіт А. айтқандай: “Тілді үйрену барысында ойын тәсілдерін пайдалану баланың зейінін, есте сақтау қабілетін және шығармашылығын дамытады. Ойын – оқушының табиғи әрекеті, сондықтан ол арқылы оқыту тілдік орта құрудың ең қолайлы формасы болып табылады. Ойын арқылы оқушы жаңа сөздерді еркін қабылдайды, сөйлем құрау қабілетін дамытады, өз ойын айтуға ұмтылады және тілге деген қызығушылығын арттырады”[7].

Бабаев С. мен Оңалбек Ж. өз еңбектерінде айтып кеткендей, оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі, олар - əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс[8, 95б]. Осы оқу әдістері күнделікті білім беруде сөздік қорды байытудың тиімді әрі қарапайым тәсілдері ретінде қолданылады. Бұл тәсілдер сабақты қызықты әрі түсінікті түрде өткізуге, оқушылардың белсенділігін арттыруға да мүмкіндік береді.

Мектеп оқушыларына арналған оқулықтарында да, үлкендерге арналған кітаптарында да сөйлеуге үйретудің, тіл ұстартудың бірден-бір жолы ретінде суреттерге көп көңіл бөлінеді. Ол иллюстративтік құралдарды пайдаланудың, оқулықтарды түрлі-түрлі суреттермен жабдықтаудың ғлкен тәрбиелік және тіл дамытушылық қасиеті бар [9, 9б].

Сөздің құрамын айтудан бұрын қысқа-қысқа сөйлемдерді оқытып, әр сөйлемде неше сөз бар екенін, әр сөзде неше буын, әр буында неше дыбыс бар екенін таныту керек. Расында да, әр адам үшін сөйлем мен сөзді құрау — ойды танытудың негізгі формасы. Сондықтан оқушылар сөздерді біліп қана қоймай, оларды дұрыс құра білуі қажет.

Материалдар мен әдістер

Бұл зерттеу бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байытудың тиімді әдістерін анықтауға бағытталған. Екі топтық салыстырмалы зерттеу үшін квази-эксперименттік дизайн таңдап алынды. Осыған байланысты зерттеуге екі параллель 2-сыныптың қатысуымен жүзеге асырылды. Олардың бірі эксперименттік топ ретінде, екіншісі бақылау тобы ретінде белгіленді. Эксперименттік топқа сөздік қорды байытудың түрлі тиімді әдістері қолданылды, ал бақылау тобына дәстүрлі оқыту әдісін жалғастырды. Бұл тәсіл оқушыларға сөздік қорды байытудың тиімді әдістері қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеуге барлығы 47 оқушы қатысты. Эксперименттік топта 23 оқушы, бақылау тобында 24 оқушы болды. Жас ерекшеліктері бойынша барлық оқушы 7-8 жас аралығында болды. Жыныстық құрамы бойынша топтар да бір-біріне ұқсас болды: эксперименттік топта 12 қыз және 11 ұл, ал бақылау тобында 11 қыз және 13 ұл болды.

1-кесте: “Зерттеу қатысушыларының жалпы сипаттамалары”

КомпонентЭксперименттік сыныпБақылау сынып
Сынып2 «А» сыныбы2 «Б» сыныбы
Оқушы саны23 оқушы24 оқушы
Бастапқы деңгейАлдын ала тапсырма жүргізілдіАлдын ала тапсырма жүргізілді
Оқыту тәсіліСөздік қорды байытудың тиімді әдістері жүргізілді - ойын технологиясы, рөлдік ойын, сөздік жұмыс, көрнекілік тапсырмалар, мәтінмен жұмыс.Дәстүрлі оқыту әдістері қолданылды
Қалыптастыру кезеңіСөздік қорды байытудың тиімді тәсілдері қолданылдыАрнайы өзгеріс енгізілмеді
Қорытынды бақылауҚорытынды тест алындыҚорытынды тест алынды
НәтижеКөрсеткіштер салыстырмалы түрде арттыНәтиже тұрақты немесе баяу өзгерді

Зерттеу 6 апта көлемінде жүргізілді. Оқушылардың сөздік қорын тексеру мақсатында алдын ала тест жүргізілді. Оның нәтижесі екі топтың білім деңгейі салыстырмалы түрде тең екенін көрсетті.

Зерттеу барысында эксперименттік топта мәтінмен жұмыс, жаңа сөздерге байланысты ойындар, рөлдік жұмыс, көрнекілік сияқты тиімді тәсілдер қолданылды. Бақылау сыныбында қалыпты оқу бағдарламасы жалғасты.

Зерттеу үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - алдын ала тестілеу. Бұл кезеңде барлық оқушылар тіл байлығына байланысты тест тапсырып, нәтижесі анықталды. Бұл кезеңде оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрау және ассоциациялық әдіс жүргізілді. Екінші кезең - зерттеудің жүзеге асуы. Яғни, 6 апта бойы эксперименттік топқа тиімді әдістер жүргізілді. Үшінші кезең - нәтижені анықтау.

Зерттеу барысында сөздік қорды байытудың тиімді тәсілдері — ойын технологиясы, рөлдік ойындар, сөздік жұмысы, көрнекілік тапсырмалар және мәтінмен жұмыс — қолданылды. Бұл тәсілдер оқушылардың өз ойын ашық жеткізуіне, тілдік қорының баюына оң әсерін тигізді.

Осылайша, зерттеу әдістері тиімді тәсілдерді қолдана отырып, жүйелі түрде жүргізілді. Жүргізілген тиімді тәсілдер оқушылардың сөздік қорының молаюына әсерін анықтауға мүмкіндік берді.

Нәтижелер

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, зерттеу барысында жүргізілген әдістер оқушылардың тілдік қорының дамуына, сөздік қорының баюына оң әсерін тигізетіні айқындалды. Атап айтқанда, сөздік қорды байытудың тиімді әдістерін қолдану оқушылардың өз ойын еркін айтуға, тілдік қорының молаюына және білім сапасының жоғарылауына айтарлықтай әсер еткен.

Мысалы, эксперименттік топқа жүргізілген ойын технологиялары, интерактивті әдістер, сөздік және мәтінмен жұмыстар оқушылардың 6 апта ішінде әңгіме құрау, өз ойын анық жеткізу, тіл байлығының молайғанын көрсетті. Бұл нәтиже жүргізілген тиімді әдістердің оң әсерін дәлелдейді. Жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде екі бастапқы сыныптан қайтадан сауалнамалар, тесттер алынды. Екі сыныптан да алынған ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіші мынадай қорытындыға әкелді.

2-кесте. “Ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіші”

Эксперименттік сынып
2 «А» сыныбы
Бақылау сыныбы
2 «Б» сыныбы
Мәнерлеп оқу47 %39 %
Өз ойын жеткізу53 %42 %
Әдеби көркем түрде сөйлеу40 %32 %
Мәтінмен жұмыс істеу дағдысы55 %40 %

Зерттеуде қолданылған тиімді әдістердің нәтижесі бойынша оқушылардың білім сапасының дамығанын, оқу үдерісін жүйелі түрде ұйымдастырғанын және сөздік қорының молайғанын дәлелдеді. Осы орайда зерттеу нәтижесі бойынша қолданылған тиімді тәсілдер:

1. Ойын технологияларын қолданудың тиімділігі

Бастауыш сыныпта ойын- оқушылардың жетекші әрекеті болып табылады. Ойын технологиялары сөзді дұрыс әрі орынды қолдануға үйретуге, жаңа сөздермен танысуға мүмкіндік берді. Мысалы, “сиқырлы қоржын” әдісінде қоржынның ішінен зат алып, оқушы заттын атын, түсін, пішінін сипаттап, сөйлем құрап, түрлі сипаттағы сөздерді меңгерді.

2. Ассоциациялық әдістің әсері

Бұл әдіс бойынша мұғалім бір сөз айтады, ал оқушы соған байланысты ойына келген бір сөзді айтады. Нәтижесінде оқушы ол сөзді қалай түсінетінін немесе мүлде түсінбейтінін анықтауға мүмкіндік берді.

3. Сөздік және мәтінмен жұмыс әдісі

Әр сабақта жаңа сөздермен танысып, оларды оқушылардың жадында қалыптастыру тиімді әрі қарапайым тәсіл болды, сондай-ақ жаңа сөздерді сурет арқылы көрсету, синоним арқылы түсіндіру жұмыстарын жасалды. Мәтінмен жұмыс кезінде тірек сөздердеі талдау, түсініксіз немесе жаңа сөздерді талқылап, оларға сөйлем құрау тапсырмалары орындалды.

4. Сөздік қордың молаюының нәтижелері

Зерттеу барысында ойын технологиялары, ассоциациялық әдістер, сөздік және мәтінмен жұмыс әдісі, сондай ақ тиімді тәсілдер жүргізілген оқушылардың 6 апта ішінде сөздік қоры, сөйлем құрау дағдылары едәуір артты.

Тиімді тәсілдерді қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген белсенділіктері артып, оқу сапасының деңгейінің жоғарылауына әсер етті. Сонымен қатар, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс пен үздіксіз тапсырмалар нәтижесінде оқушының жан-жақты білімін, тілдік дағдыларын, ойлау қабілетін арттырды. Сөздік қорды байытудың тиімді тәсілін қолданудың нәтижесінде оқушылардың жеке біліміне негізделген тапсырмалар жүргізілді, бұл олардың қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттырып, оқу сапасының жоғарылауына оң әсерін берді.

Талқылау

Зерттеу барысында алынған нәтиежелерді салыстыра отырып, эксперименттік топта тиімді әдістерді қолданғандықтан, сөздік қорының байығаны анықталды. Себебі, тиімді әдістер оқушылардың сабаққа белсенділігі мен қызығушылығын арттыра отырып, сөздік қорының молаюына әсер етті. Ал бақылау тобындағы көрсеткіш тұрақты немесе аздаған ғана өзгеріс бар.

Ажибаева Омиргуль өз еңбегінде мәтінмен жұмыстың тиімділігін зерттеген. Мәтін арқылы оқушы тек тіл үйреніп қана қоймай, ақпаратты талдауды, өз ойын жүйелеуді, дәлелдеп жеткізуді үйренетінін дәлелдеген. Ол экспериментке дейін оқушылардың 38%-ы мәтіннің негізгі ойын табуда қиналатыны, ал 45%-ы өз сөзімен мазмұндап бере алмайтыны белгілі болған.

Эксперименттен кейін оқушылардың 63%-ы мәтіннің идеясын дұрыс анықтап, 72%-ы мазмұнын дұрыс айта алды[10, 84б]. Мен өз зерттеуімде осы мәтінмен жұмыс әдісін қолданып, оның оқушылардың сөздік қорын байытудың тиімді тәсілі екенін анықтадым. Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылар мәтінді түсініп, ондағы негізгі ойды, мазмұнын және өздерінің қосымша ойын еркін айта алды.

Убишова Асемнің зерттеуіне сүйенсек, мектептерде жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, ойындар арқылы оқыған оқушылардың сөздік қоры дәстүрлі әдіспен оқыған оқушыларға қарағанда 30%-ға артық дамыған. Бұл ойын әдістерінің тиімділігін дәлелдейді[11]. Өз тәжірибемде қолданған ойын технологиялары мен әдістері оқушыларды оқуға, білуге қызықтырып, әрі жеңіл түрде қабылдауына мүмкіндік берді.

Білім алушылардың сөздік қорын байытуда тек күнделікті сабақты жүргізіп қана қоймай, ойын технологияларын енгізу - олардың жаңа сөздерді үйреніп, дұрыс әрі орынды қолдануға үйретеді. Әбіт А. өз зерттеуінде «Сурет сөйлейді» ойынын қолданған. Мұғалім тақырыпқа сай түрлі заттардың суретін көрсетеді, ал оқушылар әр суретті сипаттап, сөйлемдер құраған.

Нәтижесінде оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, айтылым дағдысы дамыған, тілді үйренуге деген қызығушылық жоғарылаған[7]. Өз тәжірибемде мен де түрлі ойын әдістерін қолданып көрдім, соның ішінде тиімдісі “сиқырлы қоржын” әдісі болды. Оқушы қоржыннан бір зат алып соны жан-жақты сипаттау арқылы, сөздік қоры дамып, жаңа сөздіктер қосылды.

Қорытынды

Бастауыш сыныпта оқушылардың сөздік қорын байытуда тиімді әдістерді дұрыс таңдау және жүйелі қолдану оқушылардың тілдік қорын дамытып қана қоймай, білім сапасының артуына мүмкіндік береді. Мұғалімдердің тілдік дағдыға байланысты басты міндеттерінің бірі- сөздік қорды байытуға жағдай жасау болып табылады. Сондықтан да оқу үдерісінде ойын технологиялары, жаңа сөздік және мәтінмен жұмыс, рөлдік ойындар, ассоциациялық әдістер сынды тиімді тәсілдерді қолдану - мұғалім үшін тиімді, әрі ыңғайлы, ал оқушылар үшін олардың оқуға белсенділігін арттырып, білім, оқу сапасын арттыратын маңызды мүмкіндіктер болып саналады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы №399 бұйрығына 1-қосымша (оқу бағдарламасы 14-бет, 19-бет).

  2. Yashinova S. Effective Ways to Enrich the Vocabulary of Primary School Students (2025 ж. 4-абзац).

3. Байтұрсынов А. “Тіл тағылымы” (Алматы, 1992ж. 20бет).

4. Жұмабаев М. “Педагогика” ( 1922ж. 107-108 бет).

5. Саукинбаева С. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер (2025 ж.)

6. Yashinova S. Effective Ways to Enrich the Vocabulary of Primary School Students (2025)

7. Әбіт А. “Сөздік қорын кеңейтуге арналған ойын түріндегі тіл дамыту тәсілдері” (Астана, 2025ж)

8. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. “Жалпы педагогика” (Алматы, 2005 ж. 95 бет)

9. Оразбаева Ф. “Тілдік қатынас негіздері” ( Алматы, 2005ж. 9бет).

10. Ажибаева О. “Бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын дамытудағы мәтінмен жұмыстың тиімді жолдары” (2025 ж.).

11. Убишова А. “Бастауыш сыныпта сөздік қорды ойын арқылы көбейту әдістері” (2026 ж.).

Ұқсас материалдар

Авторы
Asem Bituganova

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Asem Bituganova

Пікірлер 1

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Әли Мерей Ержанқызы

    Керемет👍

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 46 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 519 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 70 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 278 оқылым